Құрметті қатысушылар, турнир ұйымдастырушылары, қазылар және жанкүйерлер!

Esenov

 

Ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Шахмат Федерациясының атынан және жеке өз атымнан сіздерді турнирдің ашылу салтанатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Турнир қайсар және әділ бәсекелестікте өтсін деп тілеймін, ал сәттілік ең мықты ойыншыларға серік болсын.

Кубогтың ұйымдастырушылары – Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Павлодар облысы шахмат федерациясы турнирдің бәсекелестік деңгейін және ойыншылардың толыққанды демалуларын лайықты түрде қамтамасыз ету үшін барынша жағдай жасады деп сенемін.

Ағымдағы турнир қатысушылардың жұлдызды құрамасымен таң қалдырады. Ерекше қуанышпен біз аты аңызға айналған Чемпион, Грузия спортының мақтанышы, КСРО жанкүйерлерінің сүйіктісі Нона Гаприндашвилиді қарсы аламыз. Тәжірибе мен даналық, жастықтың жалыны арқасында турнир шығармашылық және спорттық жағынан қызықты сәттерге толы болады деп үміттенеміз. Сондай-ақ бұл Қазақстандағы шахмат қозғалысының орталықтарының бірі болып саналатын Павлодар облысында және бүткіл елімізде шахматтың дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып барлық шахматшы қыздар мен жанкүйерлерді Көктем мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Барлықтарыңызға жылу, жарық және бақыт тілеймін!

Сіздерге сәтті де қызықты ойындар мен жеңіс тілеймін!

Поздравление: Скачать

Қазақстан Шахмат Федерациясының
Президенті
Ғ.Ш. Есенов