АСТАНАДАҒЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ

DSC_0121

200 жас шахматшы осы күндері Астанада өтетін балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында классикалық шахматтан Чемпионатқа қатысады.

Астанада 2016 жылғы 5 қаңтардан 13 қаңтарға дейін өтетін жарыс 8, 10, 12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейін жас санаттар бойынша ең мықты ойыншыларды таңдайды. Турнир жеңімпаздары осы жылдың наурыз айында Қазақстанның балалар чемпионатының кезеңіне қатыса алады. Қатысқысы келетіндердің саны өте көп болғандықтан қатал разрядтық шектеулер енгізілді. Турнир ұйымдастырушылары «Ұлттық Шахматшылар Одағы» Шахмат академиясы мен «Гамбит» шахмат мектебі болып табылады. Жарыстың бас төрешісі – ФИДЕ төрешісі Евгений Метеленко, оның орынбасары – ФИДЕ төрешісі Ержан Шакенов. Чемпионат астаналық №62 мектеп-лицейде өтеді. Турнирлердегі ағымдағы жағдайды мына сайтта көре аласыз: astanachess.kz және gambit.kz