Қазақстан спортының жас үміткерлері! Құрметті қазылар мен жанкүйерлер!

Esenov

Қазақстан спортының жас үміткерлері!

Құрметті қазылар мен жанкүйерлер!

Таңғажайып Щучинск демалыс қаласына еліміздің әр өңірінен жастар, жасөспірім қыздар мен ұлдар – Қазақстан спортының үміткерлері, әр түрлі жас санаты бойынша Қазақстан біріншілігін ойнауға жиналды. Сіздердің араларыңызда кейбіреулеріңіз ірі турнирлерге қатысып көрдіңіздер, ал біреулеріңіз үшін бұл алғашқы тәжірибе болмақ. Осы ойын сіздер үшін табысты болады деп үміттенемін!

Шахматшылардың әрқайсысы жасына қарамастан, жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп, және бұл бәсекелестік әділ және лайықты күресте өтеді деген сенімдемін. Барлықтарыңызға шын жүректен үздік ойын көрсетуді тілеймін.

Жеңіске ең мықтылар жетсін!

Қазақстан спортының болашақ даңқын бірігіп құрайық!

Ғалымжан Есенов
Қазақстан Шахмат Федерациясының
Президенті