ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті еліміздің эпидемиологиялық жағдайдың ұшығуына байланысты, барлық жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарының өткізу мерзімін 2020 жылдың 1 тамызға дейін ығыстыру қажет екенін хабарлады. 

Комитет аталған жарыстарды нақты өткізу мерзімдері бойынша ақпаратты еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты қосымша хабарлайды.

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 23 маусым 2020 ж.