ХАНТЫ-МАНСИЙСКІДЕГІ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

ФИДЕ-нің әйелдер чемпионаты Ханты-Мансийск қаласында қарашаның 2-нен 23 дейін өтті. Әлем чемпионы атағын алу үшін, 28 елден адамзаттың ең әдемі жартысының ең мықты 64 уәкіл әйелдері күреске түсті. Чемпионат нокаут-турнир жүйесі бойынша өтті. Бұл дегені, бір ғана жеңіліс әріқарай жарысқа қатысу мүмкіндігінен айыратынын білдіреді.

Старт тізімін әрекеттегі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (2561, Қытай) бастады. Сондай ақ, турнирде әлемнің экс-чемпион әйелдері Александра Костенюк (2551, Ресей), Мария Музычук (2533, Украина), Тань Чжунъи (2527, Қытай), Антуанета Стефанова (2490, Болгария), Анна Ушенина (2451, Украина), және де Хампи Конеру (2557, Үндістан), Екатерина Лагно (2556, Ресей), Анна Музычук (2555, Украина), Александра Горячкина (2536, Ресей), Валентина Гунина (2525, Ресей) сияқты атақты шахматшылар мен басқа да көптеген шахматшылар қатысты.

Алғашқы бес айналымда (жарты финалды қоса) жарыстар екі партиялардан тұрды, мұнда уақыт бақылауы 40 жүріске 90 минут болды және бірінші жүрістен бастап әр бір жүріске 30 секунд қосылумен ойын соңына дейін 30 минут. Тең есеп болған жағдайда жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтады. Финал жарыста классикалық уақыт бақылауымен 4 партия ойналды. Мұнда да, тең есеп болған жағдайда қатысушылар тай-брейк ойнады. Финал ойынының жеңімпазы Әлем чемпионы атағын алады. Жеңімпаздан тыс, барлық жартыфиналға жеткен қатысушылар 2019-2020 жылғы әлем чем пионатының турниріне үміткер жолдамаларын алды.

Әлем чемпионатын өткізу орны – Югор шахмат академиясы – Ханты-Мансийск орталығында құрылған заманауи ғимарат.

Кесте:
2 қараша – Ойыншылар жиналысы / Ашылу рәсімі;
3-5 қараша – 1-ші айналым;
6-8 қараша – 2-ші айналым;
9-11 қараша – 3-ші айналым;
12-14 қараша – 4-ші айналым (ширекфинал);
15-17 қараша – 5-ші айналым (жартыфинал);
18 қараша – демалыс күн;
19-23 қараша – 6-ші айналым (финал);
23 қараша – Жабылу рәсімі.

Жүлде қорын 450 мың АҚШ доллары құрайды.
Бас төреші – халықаралық арбитр Игорь Болотинский (Ресей).

Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан атынан келесілер өнер көрсетті:
Динара Сәдүақасова, ЭЛО рейтингі – 2474, Астана қ.
Жансая Әбдүмәлік, ЭЛО рейтингі – 2473, Алматы қ.
Гүлісхан Нахбаева, ЭЛО рейтингі – 2367, Шымкент қ.

Чемпионаттың тікелей көрсетілімі

Чемпионат қорытындылары