18 тамызда «Маралсай» XV МерейлікХалықаралық Шахмат турнирдің ашылуы өтті

foto-anons

«Шахматмиға арналған жаттығу».

Паскаль

 

18 тамызда «Маралсай» XV Мерейлік Халықаралық Шахмат турнирдің ашылуы өтті. Осы турнирге 190 астам спортшылар қатысты. Жарыс жасы 20-ға дейін қыздар арасында шахматтан бірінші чемпионы Ф.С. Хасанованың басшылығында балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілді. Осы шара 2000 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және Қазақстанның жас шахматшылары арасында дәстүрге айналды.

 

Шараның бас ұйымдастырушысы Хасанова Флюра Сиреньевна өзінің алғы сөзінде осы турнир «Марал-Сай» демалыс үйдің директоры, бірінші турнирлердің ұйымдастыруына көп мәрте қолдау көрсеткен Мусин Аскар Роллановичтің естелігіне арналғанын айтты. Жарыс екі кезеңде өтті: біріншісі, бұнда қатысқысы келетіндердің барлығы қатысады және екіншісі – бұнда рейтингтік шахматшылар қатысады. Жүлделі орындар мен кубоктардан басқа, осы чемпионаттағы жеңіс MoscowOpen халықаралық шахмат фестиваліне қатысуға сертификат береді.

 

«Шахмат ежелден келе жатқан ойын – әлемде ең замануи және көпшілік ойындарының бірі болып қалады. Әр ойыншы ойын тақтасына отырып өзіне жаңа шектер мен мүмкіндіктер ашады. Шахмат әрқашан дамиды, ал шахматпен бірге біз де дамимыз. Шахмат – өте адал ойын. Шахмат өрісіндегі адал ойынға ешкім кедергі жасай алмайды. Ойын барысы тек өзіңнен, өзіңнің таңдаған стратегия мен тактикаңнан тәуелді. Сізге тек сәттілік тілейміз, ойлаған армандарыңызға жетіңіз және жеңіс ең мықтыда болсын»- деді өзінің құттықтау сөзінде Галимжан Шахмарданович – Қазақстандық Шахмат Федерациясының Президенті.

 

2015 жылы турнир 17 тамыздан 25 тамызға дейін өтеді, бұл турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Монголия және Қырғызстан шахматшылары қатысады. Турнир ФИДЕ шахмат кодексінің ережелері және, бүкіл халықаралық шахмат жарыстарында қолданылатын, реттелетін швейцарлық жүйе бойынша тоғыз турда өткізіледі. Турнирдің төрелігіне ең жоғары санатты халықаралық төрешілдер қатыстырылды. Бас судьяның рөліне Ресейдің студенттік құрама командасының бас бапкері Ивахин Максим Петрович шақырылды.

 

Турнирдің мақсаты – халықаралық жарыстар мен олимпиадаларда маңызды нәтижелерге жете алатын мықты шахматшылар командасын құру, жасөспірімдер үшін беделді сөре алаңын жасау және олардың әлеуетін дамыту.

Әр жаңа турнир болған сайын қатысушы елдердің саны көбейеді, қазылар алқасы кеңейеді, турнирдің төрелігіне әлемдік ауқымдағы чемпиондар қатыстырылады. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер Ассоциациясының кубогына бірінші турнирдің төрелігіне әлемнің шахматтан XIV чемпионы Александр Халифман шақырылды. Осы турнирдің құрметті қонағы Халықаралық Шахмат Федерациясының (ФИДЕ) Президенті Илюмжинов Кирсан Николаевич болды.

Есенов Г.Ш., Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру қорының құрушысы (осы шараның демеушілерінің бірі) және «АТФ Банк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Қазақстандық Шахмат Федерациясының жаңа президенті ретінде 2015 жылдың шілде айында Астана қаласында кезектен тыс Съезінде сайланды.