21 сәуір сағат 10:00 Алматыда жылдам шахмат бойынша Қазақстан блогерлерінің 1-ші Кубогы басталады. Жарысқа Facebook және Instagram ашық парақшаларында ең аз дегенде екеуінен біреуінде саны 1000-нан артық жазылушылары бар блогерлерге қатысуға рұқсат етіледі.
Қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 18-ші сәуіріне дейін bloggerschesscup@gmail.com электронды мекенжайына жіберу арқылы қабылданады. Сомен қатар өтінімде өз парақшаларыңызға сілтемені және де бар болса, шахматтық дәрежені көрсету қажет.
Жарыс екі лигада өткізіледі:
- 1-ші немесе одан жоғары дәрежеге ие қатысушылар үшін – «Кәсіпқойлар лигасы».
- Барлық қалған қатысушылар үшін – «Әуесқойлар лигасы».
Егер, 1-ші немесе одан жоғары дәрежеге ие қатысушы «Әуесқойлар лигасына» тіркелетін болса, мұндай жағдайда ол дисквалификацияланады, ал оның жарыс нәтижелері жойылады.
Жарыс Швейцария жүйесіне сәйкес 9 айналымда өткізілуде. Жарыстыі Швейцария жүйесіне сәйкес өткізу үшін қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда, айналма жүйесі бойынша өткізіледі.
Сыйлықтар. Кәсіби мамандар арасындағы блоггерлер Кубогының жеңімпазы Санкт-Петербургке (Ресей) екі адамға айналмалы билет алады. Әуесқойлар арасындағы жарыстың жеңімпазы – Тбилисиге (Грузия) екі адамға айналмалы билет алады. Кубоктың екі лигадағы күміс жүлдегерлері – 200 долларлық жеңілдіктері бар сертификаттармен марапатталады, ал қола жеңімпаздары – 100 долларлық.
Турнир ұйымдастырушылары – «Эйр Астана» әуекомпаниясы және Қазақстан Шахмат Федерациясы. Турнир «World Class» фитнес-клубында өтеді (Наурызбай батыр көшесі, 89 үй).