ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕУРОПАНЫҢ КЛУБТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

s1

Македонияның астанасы Скопье қаласында маңызды құрам жинаған Еуропаның шахматтан клубтық чемпионаты аяқталды. “Гамбит Ассеко” командаларының бірінің құрамында Қазақстаннан келген қыздар – Динара Садуакасова мен Мадина Давлетбаева қатысты.

 

Біздің спортшылардан басқа командада әлемнің экс-чемпиондары Антуанетта Стефанова (Болгария), Александра Горячкина (Ресей) және Шень Янь (Қытай) қатысты. Нәтижесінде олардың командасы турнирдің «күмісіне» иеленді. Динара Садуакасова 4-тақтада жеті партияда 5 ұпай алды. Ал қосымша ойыны – Мадина Давлетбаева, үш партияны ойнап команданың жалпы есебіне 2.5 ұпай әкелді. Біздің қыздарды сәтті ойынмен құттықтаймыз!

Posted in

ОҚУШЫЛАР ҮШІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ҚАРАША АЙЫНДА ӨТЕДІ

photo_29470

2015 жылғы 3 және 10 қараша аралығында Алматыда халықаралық гроссмейстер Дармен Садвакасовтың кубогына оқушылар арасында X Республикалық шахмат турнирі өтеді. Жарыстар ұйымдастырушысы– «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы, турнир Қазақстандық шахмат федерациясының ұйымдастыру және материалдық-техникалық қолдауымен өтеді. Кубок көне ойынды оқушылар арасында насихаттау, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттілігін дамыту мақсатында өткізіледі. Турнирге Қазақстанның әр облысынан, Астана, Алматы қалаларынан және «Назарбаев зияткерлік мектептер» АБҚ-дан командалар қатысты. Турнирдің ашылу рәсімі 4 қарашада «Қазақстан» шипажайында өтеді. Турнирге еліміздің 150 оқушының қатысуы күтілуде.

 

Қосымша ақпаратты турнирдің ұйымдастыру комитетіне шағымдана аласыз: Астана қаласы, Республика д., 34 «А», 712 кеңсе, тел.: 8 (7172) 29-51-59, тел./факс: 8 (7172) 29-52-32.

«Дарын» орталығы қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының дарынды балаларының әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау, дамыту, жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылады.  

 

Дармен Садвакасов – қазақстандық шахматшы, Қазақстанның ерлер арасында бес мәртелі чемпионы, АҚШ, Югославия, Испания және басқа елдерде өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері, жасөспірімдер арасында әлем Чемпионы, халықаралық гроссмейстер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталды.

Posted in

ХАТУ-да БІР МЕЗГІЛДІ ОЙЫН СЕАНСЫ

foto-anons

Бүгін 21 қазанда ХАТУ-да (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті) Алматы қаласында  Тромста (Норвегия)  шахмат Олимпиадасының жүлдегері Гульмира Даулетованың студенттермен кездесуі өтті. Гульмира – шахматтан халықаралық шебер және Қазақстандық шахмат федерациясы директорының орынбасары. Ол жастарға өзінің шахматтағы жетістіктері туралы айтты, студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесудің соңында Гульмира университеттің 18 өкілімен бір мезгілді ойын сеансын өткізді. Іс-шараға ХАТУ ректоры Дамир Шыныбеков те қатысты.

foto-1

foto-4

foto-3

foto-2

Posted in

Болат Кабыжанов Германияда

foto_anons3

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан 2015 жылғы Әлем Чемпионаты Дрезденде басталды.

Қазақстандық спортшы, халықаралық жарыстардың бірнеше мәртелі жүлдегері Болат Кабыжанов Әлем Чемпионатына қатысады.

Болат Кабыжанов в Германии

Семей қаласынан келген шахматшы 3 үпай алып үздік топ құрамына кіреді.

 

Ұйымдастырушылардың пресс-релизі.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан 2015 жылғы Әлем Чемпионаты Windham Garden Dresden отелінде Филармония залында 2015 жылғы 17 қазан күні сағат 19.00-де Ашылу Церемониясынан басталды.

Осы жыл Чемпионат жеке жарыстарға қатысу үшін 14 ұлттық федерациядан 67 қатысушыны жинады. 14 команда Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан 2015 жылғы Әлемнің Командалық Чемпионатында Әлем Чемпионы атағына күреседі. Әлем Чемпионаты Дрезденде екінші рет өткізіледі және   ZMDI Schachfestival Dresden e.V ұйымдастырылған.

Ашылу рәсімі ZMDI Schachfestival Dresden e.V. Президенті доктор Дирк Джорданның алғы сөзімен басталды. Доктор Джордан чемпионат қатысушылары мен қонақтарына сәлем беріп турнирді ұйымдастырып өткізуге қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді және қатысушыларға жақсы ойын мен жеңіс тіледі.

Чемпионаттың ашылу рәсіміне Саксония Премьер Министрі д-р Станислав Тилик, Дрезден қаласының басшысы доктор Питер Леймс, Германияның Шахмат Федерациясының Президенті Херберт Бастиан мырза, мүмкіндіктері шектеулі адамдарған арналған шахмат ФИДЕ комиссиясының Төрағасы Найджел Фриман мырза қатысты.

Чемпионат қатысушыларына Дрездендегі Чемпионатқа қатысатын федерациялардың жалауларымен балалар орындаған әдемі нөмір ұсынылды.

Ертең, 2015 жылғы 18 қазан күні таңғы сағат 9.30-да мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында шахматтан әлем Чемпионаты басталады.

Қарағанды қаласында жылдам шахматтан ҚР Командалық чемпионаты басталды.

2015 жылғы 16-18 қазанда Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің естелігіне арналған Қазақстанның жылдам шахматтан Командалық Чемпионаты өтіп жатыр.

Жарысқа Шымкент, Астана, Павлодар қалалары, Ақмола облысы, Ақтөбе, Тараз, Қостанай қалаларынан келген командалар қатысады. Қарағандыдан чемпионатта 3 команда ұсынылды. Турнирге көне ойынның 40 қатысушылары жиналды. Турнирге Муртас Кажгалеев (Шымкент), Петр Костенко (Қостанай), Ануар Исмагамбетов (Астана), Рустам Хуснутдинов (Қарағанды) және Серикбай Темирбаев (Ақмола облысы) сияқты әйгілі гроссмейстерлер қатысты.

18 қазан күні соңғы тур. Турнирдің нәтижелерін күтеміз.

Posted in

Фото – 2 этап детского Кубка РК в Кызылорде

Сеньорлар мен сеньориталар арасындағы Азия Чемпионаты

cubok

Азия Чемпионатында күміс медаль Қазақстандікі

Ирандағы Ларестан қаласында қазан айының басында классикалық шахматтан сеньорлар мен сеньориталар арасында Азияның VI Чемпионаты аяқталды. Жарыстар екі санатта өтті: 50-ден 65 жасқа дейін және 65 жасатн үлкен. Қазақстанды чемпионатта Бахыт Бадамшина (Павлодар) және Айтқазы Баймурзин (Тараз) ұсынды. Қорытынды бойынша біздің шахматшы Азия Чемпионатының 65 жастан үлкен санатта күміс жүрдегері атанды. Сонымен бірге Б. Бадамшина сеньориталар арасында 2015 жылғы Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады.

 

Бахыт Бадамшинаның күміс медалі мен Кубогының фотосуреттері.

medal

Posted in