13-29 ШІЛДЕ. ASTANA OPEN ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ

13-і мен 29 шілде аралығында Астанада халықаралық Astana Open 2017шахмат фестивалі өтеді.

Бүгінгі таңда турнирге қатысу үшін Қазақстан және Ресей, Египет және Болгария, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иранды  қоса әлемнің 12 елінен 300 жуық шахматшы тіркеліп үлгерді. Тіркелгендердің арасында 26 халықаралық гроссмейстер, 10 — халықаралық шебер бар.

Турнирде Санан Сюгиров және Борис Грачев (екеуі де – Ресей), Владислав Ковалев (Белоруссия), Фаррух Амонатов (Тәжікстан), сондай-ақ шахматтан 2017 жылғы Қазақстан чемпиондары  Ринат Жұмабаев пен  Гүлісхан Нахбаева ойнайды.  Турнирдің рейтинг-фавориті – Александр Рахманов (2676). Ресейлік гроссмейстер ФИДЕ рейтингіне сәйкес әлемнің Топ-100 үздік шахматшылар қатарына кіреді.

Фестиваль Astana Masters турнирімен 13 шілде күні басталады,  сайыста үлкен үміт беретін жас шахматшылар (16 жасқа дейін) халықаралық шебер нормасын орындай алады. Жарыс  М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы ғимаратында (Ә. Бөкейхан көшесі 1)өтеді. Фестивалдің салтанатты ашылу рәсімі 20 шілде күні сағат 16.30 өтеді. Салтанатты рәсімде  ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті (ҚШФ) Ғалымжан Есенов,  Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысады  деп күтілуде.

Ресми ашылу рәсімінен кейін бірден блиц-турнир өтеді. Бұдан әрі рейтингтік — А,  сондай-ақ Қазақстан Кубогының 1 кезеңі және балалар Кубогының 4 кезеңі болып табылатын  Б — турнирлері басталады. Соңғы турнир 10  және 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы екі жарыстан тұрады.

Astana Open аясында c 22 мен 25 шілде аралығында ФИДЕ төрешілері үшін семинар өтеді. Қазақстандық төрешілер үшін ҚШФ ұйымдастырады, семинарға шет елден басқа да төрешілер қатысады. Семинарды ФИДЕ ережелері комиссияның төрағасы, ФИДЕ халықаралық лектор Ашот Вардапетян (Армения) өткізеді .

Astana Open  фестиваліне өтінімдерді қабылдау 10 шілде дейін жалғасады, ұйымдастырушылар шахмат жарысының қатысушылар саны 400-500-ге дейін өседі деп күтеді.

 

 

 

 

 

 

Posted in

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ШАХМАТТЫ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КІТАП

Алматыда қазақ тілінде әлемнің 12-ші чемпионы Александра Костенюктің (Ресей) шахмат жазулары саудаға түсті.

Жазулар мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш мектептің кіші сынып оқушыларына арналған. Құрал – бұл шахматпен жаңа ғана танысып жатқандарға арналған 96 беттен тұратын жұмыс дәптері болып табылады. Жазулардың беттерінде ертегілер кейіпкерлерінің көмегімен жас оқырмандар сиқырлы шахмат әлемімен танысып, ойынның ережелерін игеруге және логика мен зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін, арнайы іріктелген жаттығуларды орындай алады.

— Александра Костенюк кітапты мемлекеттік тілде шығаруға барлық құқықтарды біздің қорға құрметпен ұсынды, сондай-ақ басылымның идеясына Қазақстандық шахмат федерациясы да қолдау көрсетті. Таралым ресейлік шахмат жазулары басылған тап сол типографияда шығарылды. Біз олардың аудармасын жасадық, Алматыдағы кітап дүкендерімен шарттар жасастық. Енді кітаптардың Астана қаласына жеткізу мәселелерін шешіп жатырмыз, – деп хабарлайды Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының атқарушы директоры Айғаным Малишева.

— Жазулар толығымен қазақстандық аудиторияға бейімделген. Бұл жай ғана аударма, орыс басылымнан түсірілген көшірме емес. Біз дизайнды қайта әзірлеп, кітапқа перизатпен – Александраның өзімен бірге балаларды сиқырлы шахмат патшалығына жетелейтін Арман мен Аружан есімді кейіпкерлер енгізілді.

Қазақстанда мемлекеттік тілде шахматты оқытатын әдебиет жеткіліксіз, турасын айтқанда – ол мүлдем жоқ. Біз қоғамдық пікірді зерттей отырып, мұндай кітаптар сұранысқа ие болатынына көз жеткізіп, жобаны іске асырдық, – деп түсіндірді басылымды аударған қордың бағдарламалар үйлестірушісі Жадыра Сарманова.

Алматыда жазулар «Книжный город», «Алматыкiтап», «Академкнига» желілерінің дүкендеріне сатылымға түсті. Ал олардың астаналық кітап дүкендеріне түсімі екі аптадан кейін күтіледі.

 

 

Posted in

АЛМАТЫДА «ШАХМАТ ПЛАНЕТАСЫ» АШЫЛДЫ

12-ші маусым, Алматы. Бүгін Алматы қаласында «Шахмат планетасы» ерекше балалар лагері ашылды. Лагерь Қазақстанның әр бұрышынан шахматқа деген қызығушылық біріктірген, 12-14 жас аралығындағы 50 баланы жинады.

 Лагерь ұйымдастырушысы — Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

— Балалардың көбі аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасыларынан. Олардың әр қайсысының шахматқа деген үлкен қызығушылығы бар, тіпті кейбірі жергілікті шахмат жарыстарының жүлдегерлері, шахматтан 1-3 спорттық разрядтары бар балалар, — деп атап өтті  аталмыш жобаның үйлестірушісі  Ильзира Алдагарова. — Лагерь Назарбаев Зияткерлік Мектебінің химия-биология бағытындағы филиалында өтеді.

— Осы лагерьді қор Назарбаев Зияткерлік Мектебімен бірлесіп, екінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз.  Балалар демалып,  сондай-ақ шахматпен айналысып, өздерінің логикалық ойлау және зияткерлік қабілеттерін дамытады. Осы жылы балалар жақсы демалып қана қоймай, сонымен қатар көптеген жақсы әсерлерге ие болып,  үлкен тәжірибе алады деп үміттенеміз, — деп Қазақстан шахмат федерациясы атқарушы директорының орынбасары Гүлмира Дәулетова бөлісті.

2016 жылы Ш.Есенов атындағы қор осыған ұқсас шахмат мектебін Астана қаласында өткізген. Ол мектепте әлеуметтік осал отбасыларынан шахматқа қызығушылық танытатын 50 баланы жинаған болатын. Кейіннен осындай жазғы лагерьді жыл сайын өткізіп тұруға шешім қабылданды.

— Лагерьге бастапқы іріктеуді Қазақстанның әр аймағында Назарбаев Зияткерлік Мектебі өткізеді. Іріктеудің басты талабы балалар осы аталмыш мектептің оқушысы болу керек.  Біз балалар лагерьден алған әсерлерін көпке дейін сақтайды деп үміттенеміз, себебі лагерьдің бағдарламасы өте қызықты, — деп қосты  И. Алдагарова. — Түске дейін балалармен шахмат теориясы бойынша сабақтар, спаррингтер өткізіледі. Гроссмейстрлер Рустам Хуснутдинов пен Антон Филиповтың шеберлік класстары да өтетін болады. Түстен кейін лагерьде ракета жасау, робототехника, қыш шеберлігі, актерлік шеберлік және т.б. бағыттардағы сабақтар жоспарланған.

«Шахмат планетасы» қатысушыларының күнтізбесінде сонымен қатар Алматы қаласының мұражайларына, басқа да көрікті жерлерге экскурсиялар бар.

__________________________
Фото: Павел Михеев

Posted in

ҚОСТАНАЙДА БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

4 – 12 маусым арасында Қостанайда шахматтан “Уфимцев Мемориалы” турнирі өтеді. Сайыс Қазақстан Кубогының2 кезеңі болып табылады. Жарысқа 10 мен 14 жасқа дейінгі 180-ге жуық жас шахматшылар қатыспақшы.

Олардың арасында Алматы мен Астана, Көкшетау және Павлодар, Екібастұз және Өскемен, Семей, Аягөз, Қостанай, Ақтөбе мен Қызылорда, Тараз және Қарағанды, Балқаш, Шымкент қалаларының өкілдері бар. Турнир аясында4  жарыс өтеді: жас санаттары бойынша (10 және 14 жасқа дейін), рейтингтік турнир және командалық. Балалар арасындағы Қазақстан Кубогы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ол 6 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы жылдың мамыр айында Қызылордада өткен болатын, ал үшінші кезеңі маусым айының соңында  Шымкентте өтеді.

Турнир кеңестік шахматшы және шахмат теоретигі, Анатолий Гаврилович Уфимцев естелігіне арналып ұйымдастырылған. Ол өмірінің көп бөлігін Қазақстанда өткізген, 94-жылдан бастап Қостанай қаласының құрметті азаматы, бірнеше рет шахматтан КСРО чемпионаттарына қатысқан. Қостанайда спортшыға мемориалдық тақта орнатылған Г. А. Уфимцев атындағы шахмат клубы бар.

Posted in