АЗИАДА АЛТЫНЫ: АЛҒАШҚЫ РЕТ!

Қазақстанның әйелдер құрамасы Ашхабад (Түркменстан) қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі V Азия ойындарының екі бірдей алтын медальін еншіледі.

Еліміздің командалық алтынын ел қоржынына республиканың ең мықты шахматшы қыздары Жансая Абдумалик пен Динара Садуакасова алып келді. Олар финалдық матчта рапидтен табан тірескен күресте Қытайлық спортшыларды басып озды  (1,5 : 0,5). Блиц-шахматта жартылай финалда Динара мен Жансаяның дуэті Иранның құрамасына жол беріп,  қола жүлдені қоржындарына байлады.  Сонымен қатар, Динара Садуакасова жеке есепте Азиаданың классикалық шахматының үшінші  тұғырына көтерілді.

— Алтын! Осыған дейін Қазақстанның шахмат құрамасының қоржынында Азиаданың тек қана 2 күмісі және 2 қола медальі бар еді. Алтын болмаған.   Енді қоржынымыз алтынмен толықты. — деп еліміздің шахматтан әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Рустам Хуснутдинов өз қамқорлығындағы қыздардың жетістіктерін атап өтті.

V Азия ойындарында еліміздің намысын әйелдер құрамасының сапында Абдумалик пен Садуакасовадан басқа, Гүлісхан Нахбаева және де  Шолпан Жылқайдаровалар қорғады.

Түркменстан астанасында ерлер құрама командасының сапында Ринат Джумабаев (Қазақстан шахматшылар рейтингінде №1), Муртас Кажгалеев (№2) және де жас шахматшылар Денис Махнев пен Жанат Саиндар  өнер көрсетті. Өкінішке орай, ерлер құрамасы қыздарға қарағанда шамалы төменірек нәтиже берді: Азия ойындарында жеке есепте Муртас Кажгалеев 7 орынға, ал Ринат Джумабаев 15 орынға табан тіреді.  Алайда, еліміздің ерлер құрамасы блиц-шахматтан Қырғызстандық спортшыларды басып озып,  үшінші орынды Үндістан өкілдерімен бөліскендері атап айта кету керек.

 

 

Posted in

ТУРНИР ӨТКІЗГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

5 қыркүйек күні “Қазақстан шахмат федерациясы” РҚБ (ҚШФ) Атқару комитетінің төртінші отырысы өтті.

Жиында бірқатар мәселелер қатарында “Қазақстан Республикасында шахмат бойынша ресми турнирлерді өткізетін ұйымдарды
(заңды тұлғаларды) байқаулық іріктеуден өткізу Ережелері
” қаралып,  тиісті байқау* жариялауға шешім қабылданды . Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап КФШ  турнирлерінің ұйымдастырушылары жыл сайынғы іріктеу нәтижелері бойынша анықталады.

Әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Рустам Хуснутдиновтың ұсынысы бойынша ФИДЕ шебері Әсел Серікбайға  ҚШФ стипендиясы тағайындалды.

*Байқау туралы толық ақпаратты мына жерден ала аласыз.

 

 

Posted in

2018 ЖЫЛДЫҢ РЕСМИ ТУРНИРЛЕРІН ӨТКІЗУГЕ ІРІКТЕУ

  1. КОНКУРС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. Конкурсқа қатысуға осы Ереженің талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырған мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдарға (бұдан әрі – Кандидаттар) рұқсат етіледі.

2.2 Үміткерлер «ҚШФ» РҚБ Басқарма аппаратының электрондық поштасына office@kazchess.kz белгіленген нысан бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінім жібереді (Өтінімді жүктеу).

  1. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1. Конкурсты ұйымдастыру туралы шешімді «ҚШФ» РҚБ қабылдайды.

3.2. «ҚШФ» РҚБ kazchess.kz ресми сайтында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен кешіктірмей алдағы жылғы жарыстарға күнтізбелік жоспардың жобасын (күнтізбелік жоспардың жобасын жүктеу) көрсете отырып, Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырылады.

3.3. Әрбір Кандидат 3 (үштен) көп емес турнирді өткізуге Қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінімді бере алады.

3.4. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша шешім ашық дауыс беру бойынша дауыстардың қарапайым көпшілігімен «ҚШФ» РҚБ Атқару комитетінің отырысында қабылданады. Дауыстардың теңдігі кезінде «ҚШФ» РҚБ Атқару комитеті Төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

  1. КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

4.1. Кандидаттардан өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қазаны Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

4.2. Атқарушы комитет конкурстық іріктеуді өткізу нәтижелері бойынша шешімді құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

4.3. Атқарушы комитеттің шешімі «ҚШФ» РҚБ Атқару комитетінің Төрағасымен қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

4.4. Конкурстық іріктеудің нәтижелері туралы ақпарат Атқару комитеті отырысының хаттамасына қол қойылған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде «ҚШФ» РҚБ kazchess.kz ресми сайтында жарияланады.

4.5. Турнирді өткізу мерзімдері «ҚШФ» РҚБ Басқарма аппаратының және конкурстық іріктеуді жеңген Кандидаттың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУДЕН БАС ТАРТУ

5.1.Конкурсты жеңген Кандидаттың қандай да болсын себептер бойынша турнирді өткізуге жағдайы болмай қалған кезде, ол бұл туралы турнирдің басталуынан 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей «ҚШФ» РҚБ-ның Басқарма аппаратына office@kazchess.kz электрондық пошта бойынша жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

5.2. Осы турнирді өткізу құқығы турнирді өткізу бойынша Конкурста екінші орын алған Кандидатқа ауысады.

  1. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙТІН ҰЙЫМДАР

6.1. Қайта ұйымдастыру мен тарату үдерісінде тұрған ұйымдар.

6.2. «ҚШФ» РҚБ-ға өзі туралы жалған деректерді хабарлаған ұйымдар.

6.3. Банкроттық немесе оңалту сатысында тұрған ұйымдар.

  1. ШАРТ ЖАСАСУ

7.1. Конкурстан сәтті өткен Кандидат «ҚШФ» РҚБ-мен турнирді өткізу күніне дейін 2 (екі) ай бұрын турнирді өткізу туралы шарт жасасады.

7.2. Турнирді өткізу шарттары, сонымен қатар тараптардың құқықтары мен міндеттері тиісті шарттарда көрсетіледі.

  1. КОНКУРСТАН ӨТКЕН КАНДИДАТТАРЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Конкурстан сәтті өткен және «ҚШФ» РҚБ-мен (бұдан әрі – Турнирдің ұйымдастырушысы) шарт жасасқан Кандидат жүзеге асыруға міндеттенеді:

  • Ұйымдастырушылар турнирді ұйымдастыруда ФИДЕ талаптарын ұстануы тиіс. Спортшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы тиіс.
  • «ҚШФ» РҚБ-ға турнирдің рейтингін есептен шығару үшін төлем турнир басталған соң 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Баннер. «ҚШФ» РҚБ турнир Ұйымдастырушыларына баспасөз-қабырғасының шаблонын жібереді. Турнир ұйымдастырушысы баннерді өзінің логотипімен толықтырады, алдағы турнирдің атауын және өткізу күнін енгізеді. «ҚШФ» РҚБ-мен келісілген баннер бұдан әрі басып шығаруға жіберіледі. Баспасөз-қабырғасының биіктігі 2 (екі) метр және ені 3 (үш) метр болуы тиіс. (Баспасөз-қабырғасының өлшемін үлкейту/азайту «ҚШФ» РҚБ-мен келісіледі).
  • Баспасөз-релиз. Турнир басталмас бұрын турнир Ұйымдастырушылары келесіден тұратын баспасөз-релизді «ҚШФ» РҚБ сайтына жариялау үшін және де бұқаралық ақпарат құралдарында турнирді ықтималды жария етулері үшін office@kazchess.kz электрондық поштасына жібереді:

– Қатысушылардың саны туралы ақпарат;

– Қатысатын елдер, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар туралы ақпарат:

– Аталған турнирдің ерекшеліктері: жүлделі қорды көбейту, жұлдыздардың қатысуы, ең кішкентай қатысушы, жасы ең үлкен қатысушы, өткізу орнының ерекшеліктері, тарихи немесе әлеуметтік маңызы.

  • Ашылу. Турнирді ашу салтанаты кезінде немесе аяқталудан кейін бірден турнир Ұйымдастырушысы «ҚШФ» РҚБ сайтында жариялау үшін немесе бұқаралық ақпарат құралдарына турнирді ықтималды жариялаулар үшін office@kazchess.kz электрондық поштаға мыналарды жіберіледі:

– Фотосуреттер;

– Сөз сөйлеген қонақтар туралы ақпарат және олардың сөз сөйлеуінен ең мағыналы сөздер кіретін қысқаша баспасөз-релиз.

  • Турнир барысында. Турнирдің Ұйымдастырушысы ҚШФ» РҚБ сайтында жариялау үшін немесе бұқаралық ақпарат құралдарына турнирді ықтималды жариялаулар үшін office@kazchess.kz электрондық поштаға мыналарды жіберіледі:

– Ойын барысындағы фото-бейне материалдар;

– Ағымдағы нәтижелер.

  • Жабылу. Жабылу салтанаты барысында немесе ол аяқталғанан кейін бірден турнир Ұйымдастырушысы «ҚШФ» РҚБ сайтында жариялау үшін немесе бұқаралық ақпарат құралдарына турнирді жариялаулар үшін office@kazchess.kz электрондық поштасына мыналарды жіберіледі:

– Жүлдегердің толық аты-жөні, елі және алған орнындары көрсетілген,

Немесе жүлдегердің облысы және республикалық маңызы бар қаласы және ұпайлар саны көрсетілген фотосуреттер;

– Сондай-ақ жабу салтанатында сөз сөйлеген қонақтар туралы ақпаратты қоса алғанда, қысқаша пресс-релиз;

– Турнир туралы қызықты фактілер.

8) Турнирді өткізу қорытындылары бойынша «ҚШФ» РҚБ-қа қаржылық есепті және регламентті ұсыну.

Амина қола әкелді

21 мен 31 тамыз аралығында бразильдік Посус-ди-Калдас қаласында  шахматтан ұлдар мен қыздар арасында әлем Чемпионаты өтті.  Астаналық 11 жасар Амина Қайырбекова 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Қола медальді жеңіп алды. 

Жас шахматшы көне ойынмен 6 жасынан бастап айналысады, тіпті қазір інісіне үйретіп жүр. Амина “Астана” Орталық шахмат клубының жаттықтырушылармен тәрбиеленуде . Жеңімпазымызды алда ел чемпионаты және келесі әлем чемпионатына дайындық күтіп тұр. Мамандардың айтуы бойынша келесі жылы кем дегенде биылғы нәтижені қайталауы мүмкін.

 

Шахматтан Қазақстан балалар құрамасының жаттықтырушы Ануар Исмағамбетов өткен әлем чемпионатында алған әсерлерімен бөлісті:

—  Амина, Мерурт Камалиденова және Айша Закирова (8 жасқа дейінгі әлем чемпионы, айтқандай 5 қыркүйек Айша 9 жасқа толады) чемпионатты жақсы бастады. Бірақ Айша бірден ұпайларын жоғалта бастады. “Чемпиондық жүкті” көтеру әркімге де оңай соқпасы анық, сонымен қатар ол 10  жасқа дейінгі санатта ең кішкентайы болды. Айшаға ойындар оңайға соқпады. Ол 6,5 ұпай жинап  17-ші орын алды. Меруерт болса соңғы турда вьетнамдық спортшыдан жеңіліп қалды. Сол кезде-ақ оның медаль ала алмайтындығы анық болды. Турнир бойы көшбасшы топта келе жатып, бірақ медаль ала алмау —өте өкінішті. Меруерт  8 ұпай жинап, 4 орын алды.  Аминаға келер болсақ, ол қайтадан жігерлі мінезін көрсете алды. Жеребемен ғана қиын түсті: партияның негізгі бәсекелестермен ол қара таспен ойнап шықты. Аминаны бұрыннан танимын, өзім оны соңғы 5-6 жыл бойы жаттықтырып келемін. Ол өте жауапты, дербес және жинақы, әрқашан соңына дейін күреседі. Анасы оны солай тәрбиелеген. Әрине, жеңілістерінен кейін ол жылап қалатын, бірақ кейін тез жиналып, әрі қарай ұмтылды. Соңында Амина 8,5 ұпай жинап  3 орынды иеленді. Біздің командамыздың тағы бір мүшесі Елназ Калиахметті атап өткім келеді. Ол Қазақстан чемпионы,  Бразилияда 7 ұпаймен 10 орын алды. Елназ жайдары қыз, ол біздің делегациямыздың  ең жарқын ойыншысы болды, жеңілістен кейін тез жиналып ойынды жалғастырып кететін. Ол небәрі 6 жаста. Елназ халықаралық гроссмейстер Антон Филипповта жаттығады. Ұлдар кішкене нашарлау өнер көрсетті, бірақ оларда бәсекелестік әлдеқайда күшті. Балаларға әлі өте көп жұмыс істеу керек, әсіресе өздерімен. Атап айтқанда дебют дайындаумен. Балаларға гаджеттер мен жалқаулық қатты кедергі болды. Дегенмен Қызылордалық Сұлтан Аманжол (12 жасқа дейін) жеке рейтингін 100-ге жуық пунктке жоғарылатты, ал Ақтөбелік Алан Петухов 7 ұпай жинап, 8 жасқа дейінгі ойыншылар арасында  Топ 15 кірді, бұдан да жоғары орындарды иеленуге мүмкіндіктері бар еді. Турнир қорытындысы бойынша барлығымызға да көп жұмыс істеу керек. Мысалы, мәреге жақындап, медаль алу мүмкіндігі “пайда болғанда” психологиялық көңіл-күйді дайындау. Балаға  сабыр сақтап, медаль жайлы ойламай, өз шахмат күшімен ойынды әрі қарай жалғастыруы үшін психолог мамандарды қосуды жоспарлап отырмыз, — деді А. Исмағамбетов.

Шахматтан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионаты дәстүрлі үш жас ерекшелік категориясы бойынша — 8, 10 және 12 жасқа дейін өткізілген болатын. Қазақстаннан әр жас санаты бойынша ойыншылар ұсынылды. Қазақстандық делегацияның мүшелері мен жеке бапкерлері бұл жарыстың ұйымдастыру деңгейі керемет болмағандығын айтады. Мысалы, ұшып келген соң жас спортшыларға әуежайда басқа командамен  қонақ үйге бірге бару үшін 2 сағат күтуге тура келген болатын, нәтижесінде Бразилияда қыстың соңы болғандықтан балалар тоңып, қонақ үйге тек түнде орналасты. Сонымен қатар, регламент бойынша жарыс ұйымдастырушылары 2 қосарланған тур — 2 күн бойы 2 турдан — өткізді, бұл әрине тіпті ересек спортшылардың шаршауына әкеледі.

Posted in