ҚШФ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті достар, сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймын!

2017 жыл нәтижелерін қорытындылайық. Шахмат қазақстандықтар жүрегін жаулап жатқаны қуантады. Жарыс қатысушыларының саны артып жатыр. Федерацияның ұйымдастыруымен өткен 2015 жылғы жарыстарда спортшылар саны 1000 адам болған, биылғы жылы 2000 астам спортшы болып отыр.

Қазақстан шахмат федерациясының командасына алғыс білдіргім келеді. Біріншіден, жүйеленген жобаларды енгізу әрі олардың жемісті жүзеге асуын қадағалағаны үшін. Бұл «Мектептегі шахмат» жобасы, сонымен қатар Қазақстан аумағында ірі халықаралық жарыстарды өткізу.  Жыл сайын біз мықты шетелдік гроссмейстерлердің қатысуымен өтетін 3 ірі жарыс ұйымдастырамыз. Оның ішінде жаттықтандырушылардың және арбитрлердің біліктілігін арттыру жобаралары: енді біз сайыс жүзінде төрешілерді таңдап оқытамыз.

Мемлекет үшін халықаралық аренада біздің гроссмейстерлердің жеңістері де маңызды. Біз біздің Жансая Әбдумәлік пен Динара Садуақасовамен мақтанамыз. Қыркүйекте Түркменстанда өткен V Азия ойындарында біздің қыздар «алтын» жеңген болатын. Қазақстанға тағы да бір алтын медальді Италияда өткен 20 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы әлем чемпионатынан Жансая алып келді.

Жаңа 2018 жыл шахматты шын сүюшілерге жағымды сыйлықтар, қызықты партиялар мен тосын жүрістер алып келеді деп сенеміз!

Мерекелеріңізбен, достар!

Ғалымжан Есенов,
Қазақстан шахмат федерациясының Президенті

 

Posted in

Д.САДУАКАСОВА – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ШАХМАТШЫСЫ

2017 жылдың 23 желтоқсанында БАӘ өткен 4 жылдық «Asian Chess Excellence Awards» марапатттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Садуакасова «Ең үздік қыз ойыншысы– 2017» болып жарияланды.

21-23 желтоқсанда Аль Аинде (БАӘ) Азия шахмат федерациясының (АШФ) ұйымдастыруымен Азиялық шахмат саммиті өтті. Ең ірі форумға ФИДЕ делегаттары, АШФ басшылары, Азия және Мұхит елдері президенттері мен шахмат федерациясы өкілдері жиналған болатын. Саммитке Қазақстан Шахмат Федерациясының (КШФ) вице-президенті Берик Балгабаев қатысты.

Іс-шараның қорытынды күнінде «4th Annual Asian Chess Excellence Awards» Азиялық сыйлықақысының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Атап өтетін жайт, қазақстандық гроссмейстер Динара Садуакасова «Ең үздік қыз ойыншысы– 2017» болып жарияланды.

Сонымен қатар сол күні Азиялық шахмат федерациясы Қазақстандық шахмат федерациясын арнайы сертификатпен атап өтті.
2017 жылы Қазақстандық әйелдер құрамасы тарихта бірінші рет Азиялық шахмат ойындарында (Ашгабад қ. Түркменстан) 1 – орынға ие болды. 23 жасқа дейін жылдам шахмат бойынша командалық чемпионат финалында гроссмейстер Динара Садуакасова мен Жансая Абдумалик өкілеттілігімен біздің құрама Қытай құрамасын басып озды. Динара, сонымен қатар, Ашгабадта классикадан «қола» жеңіп, Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен Орталық Азия аймақтық чемпионатында үздік болып танылды.
– Біздің спортшылардың жетістіктерімен мақтанамын. Динара Садуакасованы құттықтай отырып, жаңа жеңістер мен алтын медальдерді тілеймін, – деп хабарлады Казақстан шахмат федерациясының вице-президенті Берик Балгабаев. – Шын жүректен Шахмат федерациясының басшылары мен өкілдерін лайықты марапатпен құттықтаймын.

Халықаралық қыз гроссмейстер Динара Садуакасова (2460) – қыздар арасында төрт мәрте әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы болып, шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының бірінші қатарында. Динара «Шахматтағы бірінші қадам» кітабының авторы. Биыл «ЮНИСЕФ Қазақстан» ұлттық еркін елшісі болып тағайындалды.

«Asian Chess Excellence Awards» –  2014 жылы құрылған беделді сыйлықақы. Естеріңізге сала кетсек, бірінші сыйлықақы марапаттауында «20 жасқа дейін ең үздік шахматшы» – Жансая Абдумалик, ал «ең үздік жаттықтандырушы – 2014» гроссмейстер Евгений Владимиров танылған болатын.

Posted in

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ

23 желтоқсанда Астанада балалар мен ересектер арасында классикалық шахмат бойынша Қазақстан Республикасы Кубогы финалының салтанатты ашылуы өтті. Жарыс «Astana» (Асан Кайгы к-сі, 2) орталық шахмат клубында өтеді.

Жарыс финалының алдында ересек шахматшылар үш деңгейлі, ал жасөспірімдер алты деңгейлі белестен өткен болатын. Қатысушылар құрамы өте мықты болып шықты. Мықтылар арасында Almaty Open-2017 жеңімпазы (Кубоктың екінші кезеңі) гроссмейстер – Кирилл Ступак (Беларусь, 2588) және қазақстандық Ануар Исмагамбетов (2542) пен Петр Костенконы (2416) атап өтуге болады. Әйелдер арасындағы Кубок финалында халықаралық мастер Альфия Насыбуллина (өткен жылғы Кубок жеңімпазы, 2074), халықаралық гроссмейстер Елена Анкудинова (2133) және басқалар.

Балалар арасындағы Қазақстан Кубогы финалына республикалық және халықаралық жарыстар жеңімпаздары қатысуда. Олар Меруерт Камалиденова, Амина Каирбекова, Меиржан Каратайкызы, Казыбек Ногербек,  Абилмансур Абдилхаир және басқалар.

Жарыс халықаралық деңгей есептемесімен айналмалы жүйе бойынша өтеді. Жарыс ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт Комитеті, Қазақстан шахмат Федерациясы және «Astana» Орталық шахмат клубы. Шахмат бойынша Қазақстан Кубогы финалының бас демеушісі –Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Жүлденің жалпы қоры – 3 млн. тенге. Жеңімпаздарды марапаттау мен жабылу рәсімі 29 желтоқсанда өтеді.

Толық ақпарат: https://kazchess.kz/kz/cuprk2017/

 

Posted in

ОЛИМПИАДА – 2017: БІР САТЫ ЖОҒАРЫ

Кеше Ахмедабад қаласында (Индия) жасөспірімдер арасындағы Бүкіләлемдік Олимпиада аяқталды. Тамерлан Бектуров (Павлодар қ.) өз тақтасының жеке есептеуінде екінші орын алып, күміс медаль жеңді (фотода ортада).

Жалпы жүлде қоры 6 400 евро болып, жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 айналымнан тұрды. Жарыс Ресей, Индия, Иран, Армения, Түркия, Өзбекстан, Индонезия, Израиль және басқа да мемлекеттерден ең мықты жас шахматшыларды жинады. Сонымен қатар Олимпиада нәтижесі бойынша аталмыш елдер ең үздік «ондыққа» кірді. Барлығы 27 елден 30 құрама қатысты. Қазақстанды Қазыбек Нөгербек, Рамазан Жалмахан, Тимур Нұржанов, Тамерлан Бектуров және Әсел Серікбай таныстырды.

Қазақстандық шахматшылар ойынды табысты бастады. Бірінші айналымда олар Кения спортшыларына бірде-бір мүмкіндік қалдыран жоқ. Екіншіде  1:3 есебімен қола жеңімпаздары Иранға жол берген болатын. Үшінші және төртінші айналымда Ирак пен Тайланд құрамалырына дес берді. Кейінгі айналымдарда Монғолия және Армения елдерінен жеңіліп, Бангладеш құрамасын жеңді. 8 айналымда жас қазақстандықтар Аргентина қарсыластарынан жеңісті сөзбе-сөз айтқанда жұлып алып, қорытынды айналымда жарыс қожайындарынан жеңілген болатын.

«Біздің құраманың осыған дейінгі қатысуларын ескерсек, қазіргі нәтиже қуантпай қоймас, — деді  Қазақстан Шахмат Федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко. – 2015 жылы Қазақстан 20-шы, 2016 жылы – 13-ші орында болды. Ал бұл жылы 8 бен 12 орын аралығындағы қосымша нәтижелер бойынша біз 9 орындамыз. Біздің юниорлар үшін мен өте қуаныштымын».

«Бұл Олимпиада ұзақ уақытқа менің есімде қалады. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты шахматшылармен ойнау мүмкіндігіне ие болдым. Әрине, біз ең мықты үштік қатарына кіргіміз келді. Дегенмен, біз талпынып жатырмыз, және алдағы жарыстарда сондай жетістіктерге жетеміз деп сенемін. Индиядағы Олимпиадаға мені дайындаған жаттықтандырушым Захаров Валентин Степановичқа алғыс білдіремін», — деді күміс медаль иегері Тамерлан Бектуров.

Posted in

1st ALAIN Juniors Chess Championship шақырады

БАӘ Шахмат федерациясы және ALAIN жас шахматшыларды жаңа жылдық демалыстарын осы күн шуақ елде өткізуге шақырады. 2017 жылдың 29 желтоқсан және 2018 жылдың 6 қаңтар аралығында Эль-Айн  қаласында 20 жасқа дейінгі юниорлар арасында стандартты шахматтан – 1st ALAIN Juniors Chess Championship – турнирі өтеді.

GM/WGM и IM/WIM  жоғарғы рейтингі бар  ойыншылар турнир барысында тегін тұратын үй-жай алу үшін  ұйымдастырушыларға өтініш жібере алады.

Стандартты шахматтан өтетін турнир 9 турдан туратын швейцариялық жүйе бойынша өтеді. 1 қаңтар күні, таң ертең, блиц-турнир өткізілетін болады.

Чемпионаттың жүлде қоры 20 негізгі сыйлықтан(1 орын — 2500 доллар) және  10 арнайы сыйлықтардан, оның ішінде 12, 14, 16 және 18 жас юниорларына берілетін сыйлықтардан тұрады.

2017 жылдың 7 желтоқсанына дейін алдын-ала өтінімдер қабылданады.

Положение турнира — https://goo.gl/kHe2yc