ФИДЕ ТӨРЕШІЛЕР СЕМИНАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

ФИДЕ семинарына қатысу үшін байқаудың екінші және соңғы кезеңдерінің жеңімпаздары аяқталды. Жалпы еліміздің 12 қала мен аймақтарынан 21 өтінім берілді. Бірінші іріктеу кезеңін өткен 12 қатысушыдан, 7 шахмат төрешілері сұхбаттасудан өтті.

Байқау екі кезеңде өтті: 1-ші кезеңде өтінімдер қарастырылды, 2-ші кезеңде (22-24 маусым) үміткерлер Skype арқылы сұхбаттасудан өтті. Байқау нәтижелері бойынша жеті жеңімпаз FIDE төрешілер семинарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.  ҚШФ семинар кезінде қатысушыларды іс-сапарына жіберу бойынша шығындарды (жол жүрү, тұру, тамақтану, семинар жарнасы) толық өз қаражаттары есебінен амалға асырады.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Ардак Канаев (Шымкент)
  2. Куанышкали Ернияшов (Ақтөбе)
  3. Евгений Пак (Алматы)
  4. Болат Нышанбаев (Өскемен)
  5. Чингиз Кенжебаев (Ақтау)
  6. Талгат Тажигалиев (Атырау)
  7. Нурдос Ережепов (Қызылорда).

Жеңімпаз атанбаған жарыстың 2-ші кезеңінің қатысушылары оқуға жарна төлемісіз қатысу құқығына  ие болады:

  1. Бахтияр Нугуманов (Астана)
  2. Куаныш Сулеймен (Алматы)
  3. Менгали Олжас (Алматы)
  4. Алихан Ерсаканов (Семей)
  5. Нурали Ахмеджанов (Ақтау)

Төрешілердің семинары 2018 жылдың шілденің 1 мен 4 аралығында Астана қаласында өтетін «Astana Open» шахмат фестивалі кезінде өтеді. Семинарды халықаралық арбитр, ФИДЕ комиссиясының төрағасы Ашот Вардапетян (Армения) жүргізеді. Семинар мен тесттерді табысты өткендер, «FIDE төрешісі» атағын алу үшін норма алады.

Posted in

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1 БАҚ КУБОГЫ: ТІРКЕЛУГЕ АСЫҒЫҢЫЗДАР

Кележатқан бейсенбі, 28 маусым күні Алматыда және Астанада Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) тарихта қалатын – «Қазақстанның 1 БАҚ Кубогы» турнирін өткізеді. Қаламның және микрофонның шеберлері арасындағы жарыс онлайн-шахмат Интернет-сайты www.chess.com негізінде өткізіледі. Кубокты тікелей көру ҚШФ сайтында (www.kazchess.kz) мүмкін болады.

Қазақстандық журналистика күніне осындай сыйлықты Қазақстан шахмат федерациясы дайындады. Тек журналистер үшін ғана емес, турнирге сондай-ақ шығармашылықпен тікелей байланысты сценарийшілер, сценарий жазушылары, фотожурналистер, операторлар, видеоинженерлер, дыбыстық инженерлер және басқалар шақырылады.

Тіркелу үшін қажет: жеке куәлік сканы, жұмыс орнынан анықтама және қатысуға толтырылған өтінім  2018 жыл маусымсның 27 күні сағат 18:00 дейін presschesskz@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Турнир тікелей желіде өтуіне байланысты, қатысушылар өздерімен Google Chrome веб шолғышы орнатылған ноутбук алып келуі қажет! Тез шахмат бойынша жарыс (рапид) 7 бөлімде, арада үзіліссіз өтеді, 10+2 уақыт бақылауымен – партия соңына дейін әр бір ойыншы жүрісіне екі секунд қосумен он минут.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардан өтінеді: Кубок қарсаңында www.chess.com сайтында тіркеліңіз және «Турнирлер» бөлімінде кез-келген жарыстарға қатысыңыз (сайтты өзіңіз үшін тексеріңіз). Бұл өз әріптестерімен бәсекелестікке «Қазақстан медиа-кубогына» дайындықпен қатысуға мүмкіндік береді. Сізге ыңғайлы болу үшін «Қатысушыға» және «Жанкүйерге» арналған ескертулерді пайдаланыңыз.

Енді жүлделер мен сыйлықтар туралы!

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жеңімпаздарға екі адамға аталған үш билетті береді: бірінші орынға – Анталияға (Түркия), екінші орынға – Санкт-Петербургке (Ресей), үшінші орынға – Тбилисиге (Грузия).

«Royal Med» сұлулық академиясы (пластикалық хирургия, косметология және SPA клиникасы) турнирдің үш үздік шахматшыларына 20 000 теңге сомасына үш сертификат береді.

«Lemonadoff» компаниясы турнир қатысушыларын жаңа дәмді сусындармен қонақ етеді.

Турнир 2018 жыл 28 маусымда тікелей түрде өтеді, Астана уақытымен сағат 10:00 басталады. Қазақстанның астанасында жарыс Динара Сәдуақасова шахмат Академиясында (9, Сауран көшесі), оңтүстік астанамызда – Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясында (Назарбаева даңғылы, 77 Гоголь көшесі) өтеді.

Қазақстанның бірінші медиа-кубогы Team Kazakhstan chess.com техникалық қолдауымен өтеді.

Барлық сұрақтар  бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз: 8 778 884 4876 (Сиа Ан), 8 771 781 71 79 (Камила Абдрахманова), 87010590816 (Асан Куанов).

Posted in

ТӨРЕШІЛЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУДЫҢ 1 КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ФИДЕ төрешілері семинарына қатысуға арналған байқаудың 1-ші кезеңі аяқталды. Еліміздің 12 қаласынан және аймақтарынан жалпы 21 өтінім ұсынылды. Олардың арасынан 13 адам бірінші бөлімнен өтті.

Төрешілер семинарына іріктеудің 1-ші кезеңінің финалына қатысушылар:

  1. Ардак Канаев (Шымкент)
  2. Бахтияр Нугуманов (Астана)
  3. Куаныш Сулеймен (Алматы)
  4. Евгений Пак (Алматы)
  5. Куанышкали Ернияшов (Ақтөбе)
  6. Болат Нышанбаев (Өскемен)
  7. Менгали Олжас (Алматы)
  8. Чингиз Кенжебаев (Ақтау)
  9. Талгат Тажигалиев (Атырау)
  10. Алихан Ерсаканов (Семей)
  11. Нурали Ахмеджанов (Ақтау)
  12. Нурдос Ережепов (Қызылорда).

Екінші бөлімде, маусымның 22-24 аралығында онлайн-сұхбат өткізіледі (Skype арқылы). Өткізілген сұхбат нәтижесінде 7 финалға қатысушылар іріктеледі. Оларға Қазақстан шахмат федерациясы FIDE семинарына қатысу үшін барлық шығындарды төлейді. Байқаудың 2-ші кезеңінде жеңіске жетпеген  қатысушылар оқұға жарна  төлемісіз   қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Семинарды халықаралық төреші, ФИДЕ ережелері бойынша комиссия төрағасы Ашот Вардапетян (Армения) өткізеді. Семинар мен тесттерден табысты өткендер, «FIDE төреші» атағын алу үшін норма алады. Төрешілердің семинары 2018 жыл шілденің 1 мен 4 күндері, Астана қаласында өтетін «Astana Open» шахмат фестивалі кезінде өтеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ

Posted in

«ASTANA OPEN 2018» БАСТАЛУЫ

Қазақстанның астанасында халықаралық шахмат фестивалі «ASTANA OPEN 2018» басталды.

Зияткерлік мерекенің негізгі қызығушылығы Республикалық ересектер Кубогының 1-ші және балалар Кубогының 3-ші кезеңдері болып табылады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 6 250 000 теңгені құрайды.

Маусымның 17 мен шілденің 4 күндері үлкен спорттық іс-шара аясында келесі турнирлер өтеді:

17-25 маусым – халықаралық мастер нормасымен Astana Masters турнирі;

17-25 маусым – Astana Open-B (14 жасқа дейін шахмат бойынша ҚР балалар Кубогының 3-ші кезеңі);

17-25 маусым – Astana Open-B (10 жасқа дейін шахмат бойынша ҚР балалар Кубогының 3-ші кезеңі);

26 маусым – Astana Open-blitz (блиц-турнир),

27 маусым – 3 маусым – Astana Open-A (шахмат бойынша ҚР ересектер Кубогының 1-ші кезеңі).

Қазақстан шахмат төрешілерінің біліктілігін асыру мақсатында ҚШФ халықаралық төреші – Ашот Вардапетянды шақырды. Ол шілденің 1 мен 4  аралығында ФИДЕ семинарын өткізеді.

Барлық турнирлер ФИДЕ ережелері бойынша өткізіледі. Фестиваль нәтижелері бойынша 2018 жылғы Қазақстанның ересектер мен балалар Кубогының финалына қатысатын үміткерлер анықталады.

Бұл жарыс дәстүрге айналған және жеті жыл бойы өткізіледі. Фестиваль ерлер, әйелдер, балалар және жасөспірімдер командаларын әлем чемпионаттарына дейін дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Алдын ала деректерге сәйкес, турнирге Қазақстаннан және жақын шетелден 450-ге жуық спортшы қатысады.

ҚР ересектер Кубогының бас қазысы – ФИДЕ төрешісі, Диас Исабаев,

ҚР балалар Кубогының бас қазысы – халықаралық төреші, Олег Ринас.

Алдауды бақылау қатаң түрде, ФИДЕ Античитерлік Ережелерінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі, стандартты қорғау деңгейімен жүзеге асырылады.

Фестивальді ұйымдастырудың жалпы басшылығын Қазақстан Республикасы шахмат федерациясы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі және «ASTANA» Орталық шахмат клубы амалға асырады. Жарыс серіктесі: «Көкше Сусындары» ЖШС.

Фестиваль «ASTANA» Орталық шахмат клубында өтеді: Асан Кайғы көшесі, 2 үй, 2-ші блок (Ержан Шакенов: +7 771 111 77 17, Азамат Аубакиров: +7 702 888 14 15).

Турнирдің ресми сайты: www.kazchess.kz.

 

Posted in

ЕЛІМІЗ КУБОГЫ 2-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қостанайда «Анатолий Уфимцев Мемориалы – 2018» шахмат бойынша Қазақстан балалар Кубогының 2-ші кезеңі аяқталуда. Жарыс, күтілгендей, соңғы партияға дейін, финалистер арасында қызығушылық пен белгісіздікке толы болды.

«А» турнирінде 10 жасқа дейінгі балалар арасында 97 қатысушы ойнады. Сөзсіз, бірінші номер бойынша бастапқыда бекітілген, жарыс жетекшісі астаналық Алихан Белжанов (рейтингі ЭЛО 1468) болды – алтын медаль.  Күміс медальді рейтингін 14 ұпаймен жақсартқан, ақтөбелік Алан Петухов (1366) жеңді.
Екі шахматшы да мүмкін болған 9 ұпайдың 8 жинады. Оңтүстік Қазақстан облысынан келген спортшы Исахан Бекберген (1413) 7 ұпай жинап, үшінші орынмен мәреге жетті – қола медаль. Турнирдің ең үздік шахматшы қызы болып, 6,5 ұпай жинаған, турнир 10-ғы жалғыз қыз – Астанадан Дана Каженова танылды. Соңғы кесте: жүктеу.
https://www.youtube.com/watch?v=Hg0s5ELP0Tc
«В» турнирінде – 14 жасқа дейінгі балалар арасында (78 қатысушы) мүмкін болған 9 ұпайдан 7 бірден бес шахматшы жинады! Алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша бақ шахматшыларға келесі ретпен орындарды бөліп берді. Павлодардан бірден екі шахматшы жеңісті тойлады: Михаил Егоровқа (1916) – алтын, Владислав Малыгинға (1705) – күміс бұйырды. Құрметті үшінші орында Қызылордалық Султан Аманжол (1855) – қола. «В» турнирдің ең үздік шахматшы қызы деп Алматыдан Лия Курмангалиева танылды. Соңғы кесте: жүктеу.
«С» рейтингті турнирде 25 қатысушы арасынан мереке турнир иелерінің көшесінде болды: Нурлан Тлеубаев (2233) соңғы раундта алтын медальды, соңына келіп күміс медальді иеленген өзінің жерлесі Тимур Нуржановтан (2272) тартып алды.  Қола медаль Шымкенттен келген спортшы Ардақ Қанаевқа (2044) бұйырды. Бұл турнирде халықаралық шебер Мурат Жунусов (Талдықорған), шеберге кандидат Сатбек Ахмединов (Астана) және турнирдің ең үздік шахматсышы деп танылған, әйелдер арасында ФИДЕ шебері Гульнар Балаканова (Екібастұз) ойнады. Соңғы кесте: жүктеу.
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ

8 мамыр күні барлық қалаушылар үшін өткен блиц-турнирде Нурлан Тлеубаев өзін керемет көрсетті. Алтын дубль қостанайлыққа ФИДЕ рейтингінде 7 орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Екінші болып соңына жеткен Сатбек Ахмединов – күміс иеленді, Өзбекстаннан келген халықаралық шебер Талгат Губайдулин (2322) – үшінші болып, қола медалін иеленді. Соңғы кесте: жүктеу.
«D» турнирінде 25,5 ұпаймен бірден үш команда соңына қарай жетті. Қосымша көрсеткіштер бойынша турнир алтынын Павлодарлық шахматшылар, күмісті – қызылордалықтар командасы, қоланы – Астананың бірінші командасының құрамасы жеңді. Соңғы кесте: жүктеу.

Мемориал аясында гроссмейстер Петр Костенконың қатысуымен бір мезгілде  20 тақтайда ойын өткізілді.

Қазақстан балалар кубогының 3-ші кезеңі келесі аптада, 18 маусымда Астанада басталады.

Posted in

ЕЛІМІЗДІҢ БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІНІҢ БАСТАЛУЫ

Қостанайда «Анатолий Гаврилович Уфимцев – 2018» Қазақстанның шахмат бойынша Балалар Кубогының 2-кезеңі басталды. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық спортшы жиналды.

Мемориал шеңберінде төрт жарыс болып өтті:

  • А турнирі 10 жасқа дейінгі балалар арасында (94 қатысушы),
  • В турнирі14 жасқа дейінгі балалар арасында (81 қатысушы),
  • С турнирі – рейтингтік (21 қатысушы),
  • D турнирі— командалық.

Қазақстанның 2-ші Балалар Кубогын ашу салтанатында Қостанай облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Валерий Вишниченко және облыстық спорттық комитеттің өкілі Дмитрий Грязной қатысушыларға құттықтау сөздерін айтып, оларға жеңіс тіледі.

Сонымен қатар Мемориал кезінде мыналар жоспарланды:
8 мамыр – барлық қалаушылар үшін блиц-турнир,
10 мамыр –  гроссмейстер Петр Костенкомен 20 тақтада бір мезеттік ойын сеансы.

Жарыстың бас төрешісі – Павел Русанов.

Еліміздің Балалар Кубогының 2-кезеңі 12 мамырда аяқталады.

КӨБІРЕК АҚПАРАТ 

Анатолий Гаврилович Уфимцев Омбы қаласында дүниеге келді. 10 жасында ересектерге арналған қалалық турнирда 2-ші орын алды. Ал 3 жылдан кейін Бүкілсібірлік ересектер шахматы турнирінде (Новосібір қаласы) 10 ықтималды ұпайдан 10 ұпай алды. Соғыс кезінде әскери геодезист болып қызмет етті, КСРО бірыңғай геодезиялық желісін, ал кейіннен – Қостанай облысының атласын құруға қатысты. 1945 жылдан бастап Қостанайда экономист, облыстық атқару комитетінің жоспарлау бөлімі төрағасының орынбасары болып еңбек етті. Өз жұмысын әрдайым шахматпен бірге атқаруға ұмтылған. 1946 жылы Тбилиси қаласында КСРО біріншілігінің жартылай финалында 1-ші орынды жеңіп алды. 1945 жылы КСРО Шахмат федерациясының Жоғары аттестаттау комиссиясының отырысында Анатолий Гаврилович әзірлеген қорғаныс жүйесіне «Уфимцев қорғанысы» деген атау берілді. Сонымен қатар «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Қостанай шахмат клубына оның есімі берілді. 11 мамырда ол 104 жасқа толар еді.

Posted in