ОҚҰШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шри-Ланка, Калутара қаласында өткен 2018 – Оқұшылар арасындағы 14-ші Азия чемпионатында әлемнің 16 елінен 7-ден 17 жасқа дейін 400 спортшы қатысты. Қазақстандық шахматшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алды.

Турнирде 36 қазақстандық спортшы қатысты және олардың ішінен 12 шахматшы Қазақстан шахмат федерациясының ресми ойыншылар құрамына кірді.
Опен-турнирдің 7 жасқа дейінгі категориясында континенттің чемпионы болып Динмухаммед Тулендинов (1421) танылды. Көрсеткен өнерінде ол бір рет ғана Индиялық шахматшы Vivaan Vijay Saraogi мен ойынды теңдікпен бітірді. Нәтижеде – мүмкін болған 9 ұпайдан 8,5 ұпай және алтын медаль. Табысты ойын көрсету арқасында Димаш өзінің ФИДЕ рейтингіне 30 пункт қосты. Ескерте кетейік, осы жылдың сәуір айында Албанияда жас шахматшы 7 жасқа дейінгі оқұшылар арасында әлем чемпионы титулын жеңіп алды, және де біріншілік аяқталардан бір тур бұрын.
Қазақстанға тағыда бір алтынды WCM Зейнеп Султанбек (1654) алып келді. Қыздар арасында 15 жасқа дейінгі категорияда ол Индиядан және Бангладештен келген спортшылармен екі рет тең ойнады. Ал олар әрине өзара 2-ші және 3-ші орындарды бөліп алды. Біздің Зейнеп озінің рейтингтік көрсеткішін 90 пунктқа көтерді.
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының күміс медалін WFM Назерке Нургали (2058) жеңіп алды. Жеңімпаз партиялар кезегі тек бір кез ғана Өзбекстан шахматшысы Ситора Сапароваға жеңілумен тоқталды. Ал ол әрине, алтын медальды иеленді.

11 жасқа дейінгі опен-турнирде қола медальді Алим Тугузбай жеңіп алды. Бір жеңіліс және екі тең ойын мүмкін болған 9 ұпайдан 7 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Алимнің тамаша өнер көрсеткені – ФИДЕ рейтингіне қосқан 77 пунктпен дәлелденді.
Опен турнирдің 15 жасқа дейінгі категориясында құрметті қола медальді FM Абилмансур Абдилхаир (2235) жеңді. Абилмансур өзбекстандыққа және үндіске екі рет жеңіліске ұшрап, мәреде бір партияны тең ойынмен аяқтады. Нәтижеде мүмкін болған 9 ұпайдан 6,5 ұпай. Дәл сонша ұпайды осы жас категориясында 4-ші орынды иеленген басқа қазақстандық –  FM Арыстан Исанжулов (2142) жинады. Турнир иелерімен өткен екі партияның біреуін ол тең ойынмен, екіншісін жеңіліспен және тағы бір партияда ол Абилмансурға жеңілді.

Қазақстанның басқа шахматшылары арасынан Зарина Нургалиеваның көрсеткен өнерін жеке атап өтерлік. Моңғолия қола жүлдегері сияқты ол 9 жасқа дейінгі қыздар арасындағы турнирде мәреге мүмкін болған 9 ұпайдың 7 ұпайымен жетті. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ол 4-ші орынды иеленді.

Дияр Пахирдинов (1153) керемет өнер көрсетті.  Бастапқыда 9 жасқа дейінгі опен-турнирді 17 орынмен ойынды бастаған ол мәреге 5-ші болып жетті және ФИДЕ рейтингіне қосымша 60 пункт. Осындай орынды 10 жасқа дейінгі опен-турнирде Бекмухамед Несипбаев (1543) алды. 13 жасқа дейінгі қыздар арасында төртінші болып Лия Курмангалиева (1685) мәреге жетті.
9 турдың нәтижелері бойынша 6-ші орынды иеленген WFM Асель Серикбай (2179) 17 жасқа дейінгі опен-турнирде ең үздік шахматшықыз деп танылды. Осы жас категориясында да Аят Абдуллаев өнер көрсетті. Жеңілспен біткен 3 партияға, екі тең ойынға қарамай ол бастапқы тізімдегі орнын сақтап қалды (11) және де оған қоса 8-ші орынға көтерілді. Нәтижеде, рейтингіне қосымша 90 пункт.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Posted in

ЕЛІМІЗ БАЛАЛАР КУБОГЫ IV КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – 2018

Ақтауда «Лазарь Елмуханбетов Мемориалы – 2018» шахмат бойынша Қазақстан балалар Кубогының 4-ші кезеңі аяқталды.  Турнир достық күйінде өтті, шағымдар мен наразылықтар келіп түскен жоқ. Соңғы турға дейін барлық қатегорияларда жеңімпаз есімі белгісіз болды.

Турнирде Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарынан және де Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан шахматшылар қатысты.
В турнирінде  (14 жасқа дейін) 56 қатысушы болды. Мүмкін болған 9 ұпайдан 8 ұпайды астаналық Амина Каирбекова жинады (WCM, ЭЛО рейтингі 1828) – алтын медаль. Ақтөбе облысынан Алмас Шудабай да 8 ұпай жинады (ЭЛО 1662), алайда қосымша көрсеткіштер бойынша ол екінші орынды иеленді – күміс медаль. 6,5 ұпайды шымкенттік Бейбарыс Тасболат (1353) жинады – қола медаль.

Турнир номинациялары:
14- жасқа дейінгі қыздар арасында

  • 1 орын – Ирада Абишева (Ақтөбе облысы)
  • 2 орын – Айдана Кушбай (Маңғыстау облысы)
  • 3 орын – Назымгул Атагуллина (Ақтөбе облысы)

12 жасқа дейінгі ұл-балалар арасында

  • 1 орын –Диас Алимбетов (Астана)
  • 2 орын – Нурсипат Кайрош (Атырау облысы)
  • 3 орын – Мендыгалиев Асылхан (Қостанай облысы)

12 жасқа дейінгі қыз-балалар арасында

  • 1 орын –Айя Даушева (Қостанай облысы)
  • 2 орын –Мейржан Каратайкызы (Астана)
  • 3 орын – Зухра Сарсенби (Атырау облысы)

79 шахматшы қатысқан С турнирінде қиян-кескі күрес қалыптасты (10 жасқа дейін). Үш жүлдегер жарыс барысында алма-кезек  үздіктер үштігінде орындарын алмасып отырды. Ақыры, 9-шы тур орындарды келесідей бөліп берді. Алтынды астаналық Алихан Бельжанов (1542), күмісті – алматылық Мирас Асылов (1399), қоланы – турнир иесі Эдгар Мамедов (1438) жеңді.

Турнир номинациялары:
10 жасқа дейінгі қыз-балалар арасында

  • 1 орын – Кализа Айжарык (Алматы)
  • 2 орын – Маншук Камашева (ШҚО)
  • 3 орын – Зарина Койшиева (Маңғыстау облысы)

8 жасқа дейінгі ұл-балалар арасында

  • 1 орын – Акылжан Мейрханулы (Қызылорда обл., Арал қ.)
  • 2 орын – Назар Талгатов (Маңғыстау облысы)
  • 3 орын – Адилбек Адилханов (Қостанай облысы)

8 жасқа дейінгі қыз-балалар арасында

  • 1 орын –Ажара Апсаликова (ШҚО)
  • 2 орын – Зейнеп Жаппар (Қызылорда облысы)
  • 3 орын – Ханзада Аманжол (Ақтөбе облысы)

21 спортшының қатысуымен А рейтингтік турнирде  байсалдықпен Ақтөбе облысынан ФИДЕ шебері (FM) Илья Моисеенко (ЭЛО 2293) өнер көрсетті. 9 турнирде ол бір рет ғана партияны теңестірді, және соңында 8,5 ұпай жинап және алтын медальді иеленді.  Турнирдің тағы да басқа екі жүлдегері лайықты ойын көрсетті – Маңғыстау облысынан Шынғыс Кенжебаев (2045) – күміс және Қызылорда облысынан Мейіржан Бармағамбетов (1944)– қола.

Турнир номинациялары:

  • Әйелдер арасында ең жоғары нәтиже – Сакыпжамал Бармагамбетова (Қызылорда обл., Арал қ.)
  • 1958 ж/т және одан жасы үлкен ардагерлер арасындағы ең жоғары нәтиже – Хасен Муртазин (Маңғыстау облысы)
  • Маңғыстау шахматшылары арасындағы ең жоғары нәтиже – Нурали Ахмеджанов (Маңғыстау облысы)

Блиц-турнирінде (61 қатысушы) сол А турнирінде соңына жеткендер болды. Шынғыс қола, Мейіржан – күміс, ал Ильяға алтын бұйырғаны айырмашылық болды.

Турнир номинациялары:

  • Әйелдер арасында ең жоғары нәтиже  – Сакыпжамал Бармагамбетова (Қызылорда облысы),
  • 1958 ж/т және одан жасы үлкен ардагерлер арасындағы ең жоғары нәтиже – Хасен Муртазин (Маңғыстау облысы),
  • Маңғыстау шахматшылары арасындағы ең жоғары нәтиже – Айгали Биманов (Маңғыстау облысы),
  • 2004 ж/т және одан жас болған жасөспірімдер арасындағы ең жоғары нәтиже – Мурат Омаров (Маңғыстау облысы),
  • 2004 ж/т және одан жас болған қыз-балалар арасындағы ең жоғары нәтиже – Амина Каирбекова (Астана)

D командалық турнирде 11 команда арасында Астана командасына тең келерлік болмады – алтын медаль. Күмісті Ақтөбе облысынан келген шахматшылар жеңді, қола медальдарь турнир иелеріне бұйырды.

Мемориал аясында 7 шілде күні Қазақстан қаласы Ақтау құрамасы және Азербайджан қаласы Кусары құрамасы арасында достық жарысы болып өтті. Командалар тең ойнады – 3:3. Тараптар бұл бастаманы ұнатып, мұндай кездесулерді айына бір рет ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Турнирдің құрметті қонағы халықаралық әйелдер гроссмейстері, бірнеше рет әлем чемпионы және UNICEF халықаралық балалар қорының ізгі ниетті елшісі Динара Садуакасова болды. Мемориал аясында Динара турнир қатысушылары үшін 23 тақтайшада сессия өткізді.

Турнир ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясы, ҚР мәдениет және спорт Министірлігі, Маңғыстау облыстық шахмат федерациясы.

Турнир демеушілері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік фонды.

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ

Posted in

ОҚҰШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ – 2018: РАПИД БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕР

Калутара қаласында (Шри-Ланка) 2018 жылғы оқұшылар арасындағы 14-ші Азия чемпионаты өтуде. Турнирде тез шахмат бойынша (рапид бойынша) қазақстандық шахматшылар төрт медаль жеңді – 2 алтын, 2 күміс және 2 қола.

Алтын медальдарды келесілер жеңіп алды: 17 жасқа дейінгі жас категориясында – Қазақстан құрамасының мүшесі, Қызылордалық Асель Серікбай (WFM, ЭЛО рейтингі 2179) және 15 жасқа дейінгі категорияда – Шымкенттік Зейнеп Султанбек (WCM, 1565). Зейнеп – юниорлар арасындағы классика бойынша 2018 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
Күміс медальдарды мектеп оқушылары арасындағы қазіргі әлем чемпионы Алматылық Димаш Тулендинов (7 жасқа дейін,  ЭЛО рейтингі 1421) және Атыраудан Зарина Нурғалиева (9 жасқа дейін, 1900) жеңді.
Ескертіп өтейік, континетальдық біріншілікте әлем чемпионаттарында көрсеткен өнерлерінің ең жоғарғы көрсеткіштері бойынша Қазақстан шахмат федерациясының ресми ойыншылары құрамына кірген, еліміздің 5 аймағынан 12 жас шахматшы қатысуда.

17 жасқа дейінгі категорияда қола медальдарды Семейден Арыстан Исанжулов (FM, 2142) және Қызылордадан Назерке Нурғали (WCM, 2058) жеңіп алды.
Азия чемпионаты аясында 6 жас категориялары арасында жарыстар өтеді – 7,9,11,15 жасқа дейін және оқұшылар арасында. Қыздар арасында да бөлек түрде опен (ашық турнир) өтеді.

Классикалық шахмат бойынша турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 бөлімде өтеді.

14 шілде  жарыс жабылатын күні, блиц бойынша чемпионат өтеді.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Posted in

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ 1 КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«ASTANA OPEN – 2018» халықаралық шахмат фестивалі аясында классика бойынша Қазақстан Кубогының 1 кезеңі аяқталды. Турнирде әлемнің 9 елінен, сонымен қатар  Ресей, Латвия және АҚШ мемлекеттерінен 153 спортшы қатысты.  Олардың арасында 4 халықаралық гройссместерлер (GM), 10 халықаралық шебер (IM), 8 ФИДЕ шебері (FM) болды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 300 000 теңгені құрады.

Ескертейік, 2016 жылы өткен бірінші Астана Опенде  Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Украинадан және Беларусиядан қатысқан 70 спортшы арасынан  Ақтөбелік  IM Кирилл Кудеринов жеңіп шыққан. Үздіктер бестігі құрамына тағыда бір Ақтөбелік, спорт шеберіне кандидат  (КМ)  Арыстанбек Уразаев кірген. Осыған сәйкес, сол Кубок финалында жоғарыда аталған спортшылар алтын және қола медальдарын  жеңген.

Турнир кеңінен жаңғырды және келесі жылы жарысқа 9 елден 170-ке жуық шахматшы қатысты. Моңғолдар, мысырлықтар және бір тәжікістандық қосылды. Соңғы айтылған алтын жеңді. Қазақстандықтарды медальдардан ресейлік және белорус ығыстырды. Бірақ мықты гроссмейстірлер бестігіне ЭЛО рейтингі 2600 асатын, астаналық Ануар Исмагамбетов (GM) жарып кірді. Шахматшы әйелдер арасында үздігі болып біздің құрамамыздың мүшесі, Монғолиядан болған,  Гулисхан Нахбаева болып табылды. Оны жеңімпаздан жарты ұпайға ғана ажратып тұрды.
Биылғы классикалық шахмат бойынша Кубокқа еліміздің жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып табылатын Ануар Мухтарович тиянақты дайындалған.  9 партияда ол бір рет ғана жеңісті Латвиядан келген гроссмейстрге берді және екі рет тең ойнады. Соңында – лайықты күміс медалі!
– Еліміздің Астана күні қарсаңында Кубоктың 1 кезеңі мәдени іс-шаралар бағдарламасына тамаша толықтыру болды. Шахмат фестивалінің жалпы ұйымдастырылуының бастамасын жүзеге асырып жатқан Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен атақты шетелдік  шахматшылар қатысуымен керемет турнир өткізілді, – деп мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Капаев айтып өтті.
Тағыда бір қазақстандық жеңіспен құантты. Республикамыз әйелдер құрамасының мүшесі және қоса Қазақстан шахмат федерациясы атқарушы директорының орынбасары (ҚШФ)  Алматыдан Гульмира Даулетова (WIM) турнирдің үздік шахматшысы деп танылды! Күмісті астаналық  Амина Кайрбекова (WCM) жеңді, қоланы – Ресейден Альфия Насыбуллина (WFM).

– Бұл Қазақстан аймағындағы ең күшті турнир. Жыл сайын мұнда әйгілі шетелдік гроссмейстірлер жарысады.  «Astana Open» Қазақстан кубогының I кезеңі болып табылады. Келесі екі кезеңдер Алматыда («Almaty Open») және Павлодарда («Pavlodar Open») өткізіледі. ҚШФ өткізетін осындай халықаралық турнирлер арқасында, біздің жас ұрпақтарымызда үлкен ойындық тәжірибе алуға және халықаралық дәрежелерді орындауға мүмкіндігі бар, – деп Гульмира Бекзатовна хабарлады.

Алтын медальді латыш гроссмейстер Игорь Коваленко жеңді, қола медаль өзбек гроссмейстері Джохангир Вохидовқа бұйырды. Турнирдің мықты шахматшылар ондығына Қостанайдан GM Петр Костенко кірді.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

– Жылдан жылға турнир көбірек қонақтарды жинауда. Жас шахматшылар еліміз сыртына шықпай ақ шетелдік шахматшылармен жарысып баға жетпес тәжірибе алу мүмкіндігіне ие, – деп Астана қаласы шахмат федерациясының президенті Аблай Тастамбеков айтты.

«Astana Open – 2018» аясында өткен блиц-турнирде жүлделі орындарды ресейліктер алды: алтын – Иван Бочаров (IM), күміс – Дмитрий Бочаров (GM), қола – Семен Ханин (IM). Үздіктер бестігінде Павлодар облысынан Денис Махнев (IM) табылды.
Фестиваль ұйымдастырудың жалпы басшылығын Қазақстан шахмат федерациясы, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі және  «ASTANA» Орталық шахмат Клубы жүзеге асыруда.

Posted in

ЕЛІМІЗДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖББ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БІЛІМ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕМЕ?

Қазақстан шахмат федерациясы дене шынықтыру бойынша еліміздің жоғарғы білім-беру мекемелерінде, сонымен қатар сыртай бөлімінде білім алғысы келетін еліміз азаматтары  арасында байқау жариялайды. Мұғалімдік білім және жұмыс тәжірибесінің бар болуы үстемділік  болады.

Байқауда шахмат спортында дәрежесі және жетістіктері бар спортшылар қатысады,  растайтын құжаттары бар болған жағдайда.

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) байқау жеңімпаздарының білім алу шығындарын толық қаржыландыратын болады. Жоба елімізде шахматтың дамуы, жетекші жаттықтырушы лауазымына үміткерлер арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру және өңірлердегі кадрлық резервтің дамуы мақсатында амалға асырылуда.

Байқау 2 кезеңде өтеді: 1-ші кезеңде өтінімдер қарастырылады, 2-ші кезеңде Skype арқылы сұхбаттасу өтеді. Байқау нәтижелері бойынша еліміздің екі азаматына 2018 жылы дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алу үшін демеушілік көмек көрсетілетін болады.

Жоба Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры бастамасымен амалға асырылуда және қаржыландырылуда.

Байқауға қатысу үшін байқау ережесімен танысу (жүктеу) және kamilya.a@kazchess.kz, office@kazchess.kz  поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:

  1. Жеке куәлік көшірмесін.
  2. Шахмат спортында дәрежені және жетістіктерді дәлелдейтін құжаттар көшірмесін.
  3. Бар болған жағдайда, мұғалімдік білім дипломының көшірмесін.
  4. Толтырылған өтінімді – жүктеу.

Өтінімдер 2018 жылдың 25 шілдесіне дейін қабылданады

Skype-сұхбаттасу – байқаудың 2-ші кезеңі 2018 жыл шілденің 25 мен 29 аралығында өтеді.

Байқау жеңімпаздарының тізімі www.kazchess.kz сайтында жарияланады.

Posted in

ЕЛІМІЗ БАЛАЛАР КУБОГЫ 3-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Астанада шахмат бойынша балалар арасындағы Қазақстан Кубогы «Астана Опен – 2018 Фестивалі»  3-ші кезеңі аяқталды. Бірінші раундтағы сияқты астаналық спортшылар алдыңғы қатарда болды.

Толық ақпарат

Елдің балалар кубогына тұрақты қызығушылық танытылғанын да атап айту жөн. «Аралбай Махамбетов Мемориалы» 1-ші кезеңінде 255 адам, «Анатолий Уфимцев Мемориалы» 2-ші кезеңінде – 175 адам қатысқан болса,  Astana Open 3-ші кезеңі 312 жас шахматшыларды жинады.
А турнирінде (10 жасқа дейінгі балалар арасында) мүмкін болған 9 ұпайдан 8 ұпайды астаналық Сауат Нургалиев жинады (2010 жылы тұған, сшк, ЭЛО рейтингі 1551)  – алтын медаль. Артынан 7 ұпаймен мәреге бір уақытта тоғыз шахматшы (!) жетті. Ал бірақ, қосымша коэффициенттер бойынша күміс Павлодар облысынан келген спортшы Асанали Жанабаевқа  бұйырды (2008 ж.т., 1 разряд, ЭЛО 1564), ал қола – астананың тағыда бір өкілі  –  Алихан Бельжановқа бұйырды (2008 ж.т., 1 разряд, ЭЛО 1468).

Қыздар арасында 2008 жылы және одан бері тұғандар арасында келесілер үздік деп табылды:

  • Зарина Нургалиева, Атырау облысынан (2009 ж.т., 1 разряд, ЭЛО 1363) – 1 орын,
  • Виктория Чу, Алматыдан (2009 ж.т., 1 разряд, ЭЛО 1171) – 2 орын,
  • Назима Худайбергенова, Астанадан (2009 ж.т., 2 разряд, ЭЛО 1028) – 3 орын.

Ұл-балалар арасында 2010 жылы және одан бері тұғандар арасында келесілер үздік деп табылды:

  • Эдгар Мамедов (1 разряд, Манғыстау обл., ЭЛО 1245) – 1 орын,
  • Алишер Оскенбай (1 разряд, Шымкент, ЭЛО 1055) – 2 орын,
  • Темирлан Омар (2 разряд, Павлодар, ЭЛО 1352) – 3 орын.

Қыздар арасында 2010 жылы және одан бері тұғандар арасында Астаналық шахматшылар үздік деп табылды:

  • Диана Тыныштык (2 разряд, ЭЛО 1165) – 1 орын,
  • Малика Джаппарбекова (1 разряд) – 2 орын,
  • Аксезiм Билял (2 разряд, ЭЛО 1150) – 3 орын.

В турнирінде (14 жасқа дейінгі балалар арасында), Кубоктың 1-ші кезеңіндегі жағдай сияқты, астаналық Алдияр Ансат (сшк, 2008 г.р., ЭЛО 1902) соңғы 3 тур арқасында бірінші қатарды иеленді – алтын медаль. Алдиярмен бірге керемет ерік күшін Алматыдан тағыда екі спортшы көрсетті – Жангир Бижигитов (сшк, 2004 ж.т., ЭЛО 1802) – күміс және Тамирлан Тлеулес (сшк, 2005 ж.т., ЭЛО 1819). Айтқандай, олардың үшеуіде өздерінің рейтингтік көрсеткіштерін  58, 84 және 44 пунктқа көтерді.

Қыздар арасында 2004 жылы және одан бері тұғандар арасында келесілер үздік деп табылды:

  • Амина Кайрбекова, Астанадан (сшк, 2006 ж.т., ЭЛО 1798) – 1 орын,
  • Ксения Балабаева, Алматыдан (ұш, 2005 ж.т. ЭЛО 1783) – 2 орын,
  • Лия Курмангалиева, Алматыдан (сшк, 2005 ж.т., ЭЛО 1691) – 3 орын.

Ұл-балалар арасында 2006 жылы және одан бері тұғандар арасында келесілер үздік деп табылды:

  • Диас Алимбетов (1 разряд, Астана, ЭЛО 1680) – 1 орын,
  • Ильяс Сабитов (1 разряд, Алматы, ЭЛО 1811) – 2 орын,
  • Сатбек Ахмединов (сшк, Астана, ЭЛО 1919) – 3 орын.

Қыздар арасында 2006 жылы және одан бері тұғандар арасында Алматылық шахматшылар үздік деп табылды:

  • Алуа Нурманова (сшк, 2007 т.ж., ЭЛО 1710) – 1 орын,
  • Айша Закирова (сшк, 2008 т.ж., ЭЛО 1557) – 2 орын,
  • Айша Ален (сшк, 2006 т.ж., ЭЛО 1637) – 3 орын.

D турнирінде 29 ұпаймен «ASTANA» ОШК командасы мәреге жетті – Карлсен (Астана), 36 ұпайдан 29 ұпай (команда құрамы: Амина Кайрбекова, Алдияр Ансат, Алимжан Амиркул, Сауат Нургалиев) – 1 орын. 2-ші орында 25 ұпаймен  «ASTANA» ОШК командасы – Каруана (Астана), (Асель Лесбекова, Шахмардан Жумабеков, Ернур Амангелдi, Эдгар Мамедов). Құрметті үшінші орынды Алматыдан «Кекшілдер»  командасы иеленді 36 ұпайдан 24,5 ұпай (Динмухаммед Жумагали, Алуа Нурманова, Виктория Чу, Дамир Адильбеков).

«Лазарь Елмуханбетов Мемориалы — 2018» Қазақстан балалар Кубогының төртінші кезеңі – Ақтау қаласында шілденің 5 мен 12 аралығында өтеді.

Posted in

ПРИГЛАШЕНИЕ НА ЧЕМПИОНАТ АЗИИ СРЕДИ ШКОЛЬНИКОВ

Уважаемые участники чемпионата Азии среди школьников – 2018, который пройдет в городе Калутара (Шри-Ланка) с 7 по 15 июля. Казахстанская федерация шахмат публикует официальное приглашение (скачать: 1, 2) федерации шахмат этой страны для участников турнира. Вам необходимо иметь при себе данное приглашение и в случае необходимости предъявить принимающей стороне.

ПОДРОБНАЯ ИНФОРМАЦИЯ

Posted in