СЕНЬОРЛАР АРАСЫНДА ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ

25 тамыз күні Түркістан облысында Академик О.Қалдыбаевты еске алуға арналған сеньорлар мен сеньориталар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыста еліміздің 11 аймағынан 50-ден астам қатысушылар қатысты.
Шахмат ббойынша 65 жастан жоғары болған сеньорлар арасында еліміздің чемпионы болып, Қазақстанның бірнеше рет чемпионы Павлодардан Нукин Төлеген табылды. Екінші орынды Азербек Молдағалиев (Қарағанды облысы) және Ханиф Хусаинов (Ақмола облысы) алды. Сеньориталар арасында  құрмет тұғыры толығымен алматылықтарға бұйырды. Алтын – Надежда Искичековаға, күміс Инна Матвееваға, ал қола Пана Абдикасоваға бұйырды.

– Күрес өте шиеленісті болды, себебі барлықтары жеңіс бағасы – Әлем чемпионатына жолдама екенін білетін. Соңына дейін турнирдің жеңімпазы кім болатыны белгісіз еді, тіпті қысқа үзіліс жасауға тұра келді, – деп, Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) вице-президенті Бекет Жароков бөлісті.

50-65 жастағы сеньорлар арасында чемпион атағын Салтанат Муқанов (Солтүстік Қазақстан облысы) жеңді, турнир кестесінің екінші орнында  Құаныш Джумадуллаев табылды (Түркістан облысы), ал Қызылорда облысының шахматшысы Тимур Қасымов қоланы жеңді. 50-65 жас аралығында сеньориталар арасында әлем чемпионы Елена Анкудинова үздік болды. Оған алтынды Алмагуль Чакеева (Шығыс Қазақстан облысы, күміс медаль) және Зайтуна Туралиева (Ақтөбе облысы, қола медаль) бұйыртты.

– Ұйымдастырушылар жаратқан керемет жағдай бізді құантты: дем алу және шұғылдану үшін кең зал, жайлы тұру жағдайлары, бассейн, дәмді тағамдар, курортты ауа райы және әдемі табиғат. Мен көптеген әлем чемпионаттарына қатысқанмын және де мұнда жарыс өте жоғары деңгейде өтті деп айталамын, – деп, Қазақстан және әлем чемпионы Елена Анкудинова хабарлады.

Ең көп шахматшылар санын Қызылорда және Түркістан облыстары қатыстырды. Турнирде Азия чемпионы Айтқазы Баймурзин сияқты атақты шахматшылар қатысты. Еліміз чемпионатының ең жасы үлкен қатысушысы 86 жасқа толды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 1 350 000 теңгені құрады.

Бұл аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылында өткен алғашқы республикалық чемпионат. Бұл шахмат спортының Қазақстанның ірі қалаларының сыртында да дамып жатқанын көрсетеді. Турнирдің бүкіл ұйымдастырылуын біздің бас серіктесіміз «Самұрық-Қазына», республикалық федерация және Академик Оразалы Қалдыбаевтың жанұясы өз жауапкершіліктеріне алды, – деп ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко хабарлады.

Қазақстан чемпиондары қарашада словен қаласы Бледте, сеньорлар және сеньориталар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысу құқығын алды.

 

 

 

Posted in

«BURABAY OPEN – 2018» ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ

Тамыздың 20 мен 27 аралығында Ақмола облысының Қатаркөл ауылында ( «KEGOC-Сервис» оқұ орталығы)  «Burabay Open – 2018» ашық аймақтық шахмат фестивалі өтеді. Фестиваль аясында 2 500 000 теңгені құрайтын кепілдігі бар жүлде қорымен 6 турнир өтеді.

Фестиваль аясында келесі турнирлер өтеді:

  1. Burabay Open-blitz – блиц-турнир,  жас шектеулері жоқ
  2. Burabay Open-blitz(U10) –  2008 жылы туған және одан жас балалар арасында блиц-турнир
  3. Burabay Open-rapid – жас шектеулері жоқ тез шахмат бойынша турнир
  4. Burabay Open-rapid(U10) – 2008 жылы туған және одан жас балалар арасында тез шахмат бойынша турнир
  5. Burabay Open – классикалық шахмат бойынша опен турнир
  6. Burabay Open(U10) – 2008 жылы туған және одан жас балалар арасында классикалық шахмат бойынша опен турнир

Блиц-турниры – 20 тамыз күні өтеді

Рапид бойынша жарыстар – 21 тамыз

Классика бойынша турнир – 22-27 тамыз
Фестивальдің барлық турнирлері ФИДЕ рейтингісін есептеу арқылы Швейцария жүйесімен 9 раундта өткізіледі.

Фестивальді ұйымдастырудың жалпы басшылығы Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «ASTANA» Орталық шахмат клубымен бірге жүзеге асырады.

Байланыс ақпараты:

  • Шакенов Ержан Жаксылыкович, турнир директорі – 87711117717,
  • Исабаев Диас Токашевич, бас төреші – 87017726891

Тіркелу формасы, турнир регламенті, туру жайлы және басқа да ақпараттар – өту..

Posted in

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫЛАР АЗИЯ ҰЛТТАРЫ КУБОГЫНЫҢ АЛТЫНЫН АЛЫП КЕЛДІ

Шахмат бойынша Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия Ұлттары Кубогынан 12 медальмен қайтты. 2 алтын медальді Ринат Джумабаев және Гулісхан Нахбаева алып келді.

Иранның Хамадан қаласында өткен жарыста біздің спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 8 қола жүлделерді жеңді. Сайыс классикалық, рапид және блиц шахмат бойынша өтті.  Қазақстанның спортшыларЫ жеке есепте керемет нәтижелерді көрсетті.
Рапид бойынша турнирде бірінші тақтада алтын медальдің дара иегері болып Қазақстан құрама Командасының жетекші шахматшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев ( ЭЛО рейтингі 2608) табылды. Құрамамыздың сандықшасына күміс медальді блиц бойынша жарыста гроссмейстер Петр Костенко (2451), ал қоланы оның командадағы қызметтесі, классика бойынша турнирдің үшінші тақтасында өнер көрсеткен Муртас Кажгалеев (2575) әкелді.
Тағы да турнир дебютанты, 18 жасар халықаралық мастер, Павлодарлық  Денис Махнев (2438) көзге көрінді. Классикалық шахмат және блиц бойынша жарыстарда ол екі қола медальдарды жеңіп алды. Классикада Денис жеті турдың бес бөлімін өткізді және де олардың төртеуі оның жеңісімен аяқталды. Ал блицте ол үшін бес ойын сәтті болды.
— Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды, оған қоса қарсыластар өте мықты болды. Жарыстың аяқталу турнирінде біз қазіргі Кубоктың қола жүлдегерлері – Қытай құрамасымен ойнадық. Мен жеңісті олардан тартып алдым, бұл жағдай біздің командамызға жалпы есепте қарсылықты теңдікке жеткізуге мүмкіндік берді, – деп Денис Махнев өзінің ойыннан алған әсерімен бөлісті.
Әйелдер арасында классика бойынша турнирде  үшінші тақтада Гулісхан Нахбаеваға (2352) тең келетіні болмады – алтын медаль. Тағыда бір медаль – қола – халықаралық ерлер шебері Жансая Әбдүмәлікке (2481) бұйырды. Блицте халықаралық әйелдер шебері Гульмира Даулетова (2273) жарқырады – күміс медаль. Өздерінің тақташаларында блиц бойынша сайыста екі қола медальдарды Гүлісхан Нахбаева және турнир дебютанты, Қызылордалық  Асель Серікбай (2118) жеңді. Екі қоланы – рапид және блиц бойынша Қазақстанға халықаралық ерлер шебері Динара Сәдуәқасова  (2495) алып келді.

— Біз шахматшыларымыздың дайындалуына көп назар аударамыз.  Жылына екі рет оқұ-жаттығу жиындарына атақты Ресей гроссмейстерлері – Юрий Яковичті, әйелдер құрамасының және Владислав Ткачевті ерлер құрамасының шеберлігін арттыру үшін шақырамыз. Біз үшін келесі маңызды уақиға  – 43 шахмат Олимпиадасы. Ол қыркүйектің 23-нен қазанның 6-на дейін грузин қаласы Батумиде өтеді, – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко бөлісті.

Континентальды шахмат біріншілігінде – Азия Ұлттары Кубогына бұл жылы 11 елдің құрамасы қатысты. Классикалық шахмат бойынша ерлер арасында Қазақстан төртінші болып, ал еліміздің әйелдер құрамасы алтыншы болып мәреге жетті.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Posted in