КЛАССИКА БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Турцияда 20 жасқа дейінгі классикалық шахмат бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қызылордалық 14 жасар Нұрғали Назерке өзінің лайыққа тұрарлық көрсеткен өнері арқасында халықаралық әйелдер шеберінің алғашқы ұпайларын орындады.

Соңғы екі жылда бақ Қазақстан жағында болды. Көпшілік отандық спортшылардан 2016 және 2017 жылдары шахматтық тәжді кийіп көрген Динара Сәдуақасованың және Жансая Әбдімәліктің табыстарын қайталайтын не қайтала алмайтынын күтті.

Бірақ ғажап болған жоқ. Алайда, (WFM) ФИДЕ әйелдер шебері Нұрғали Назеркенің көрсеткен өнері қуантты (ЭЛО рейтингі 2080). Ол мүмкін болған 11 ұпайдан 8 ұпайды жинады. Дәл сонша ұпай – халықаралық әйелдер шебері (WIM) Нино Хомерикиде (2313). Алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша, қола грузиялық шахматшыға бұйырды.
Назерке Ресейлік әйелдер гроссмейстері (WGM) Анастасия Парамзинаға (2222), Словениядан келген  халықаралық әйелдер шебері (WIM) Лауре Унукқа (2299), АҚШ-тан келген ФИДЕ шебері (FM) Акшите Гортиге (2315), Моңғолиядан Номин-Эрдене Даваадемберелге (2377) және  де басқа атақты спортшыларға  бірде бір мүмкіндік бермеді. Нәтижеде – лайықты төртінші орын, және де өз рейтингіне 180 астам ұпай қосты!
– Менің қарсыластарым өте мықты еді. Көрсеткен нәтижеме көңлім тоқ. Сонымен қатар, мен халықаралық әйелдер шебері ұпайын орындадым. Өзімнің жаттықтырушыларым Василий Шимельковқа және Риза Қошқароваға мені дайындағандары үшін алғысымды білдіремін. Келесі жарысқа – Грецияда өтетін 14 жасқа дейінгі Әлем чемпионатына дайындаламын, – деп Нұрғали Назерке отанына қайтқан соң хабарлады.

2018 жылы Нұрғали Назерке рапид бойынша Азия чемпионатында күмісті және 15 жасқа дейінгі оқұшылар арасында өткен Әлем чемпионатында алтынды жеңген.

ҚШФ-ның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Posted in

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КУБОГЫНЫҢ 5 КЕЗЕҢІ

Бүгін Екібастұзда 2018 – Павлодар облысы әкімі Кубогының 5-ші кезеңі аяқталды. Іс-шара аясында екі жарыс өтті: шеберлік нормасымен айналмалы – «А» турнирі және  барлық қалаушылар үшін 9 бөлімнен тұратын швейцария жүйесі бойынша – «Б» турнирі.

«А» турнирінде 10 кәсіпқой шахматшылар қатысты: 3 халықаралық шеберлер (IM), 3 ФИДЕ шеберлері (FM), 3 шеберге үміткерлер (CM) және 1 ұлттық шебер (NM). Қазақстандықтармен бірге олжа үшін төрт ресейліктер және бір тәжікстандық күресті. Нәтижеде, Кубок соңғысына – Мухаммад Хусенходжаевқа бұйырды. Күміс пен алтынды Ресейден келген шахматшылар алып кетті – Николай Власов және Евгений Кардашевский.  Үздік ойыншылар бестігінен павлодарлық Тамерлан Бектуров және Евгений Егоров табылды.
Опен-турнирде Руслан Рахметовқа тең келерлік болмады. 2-ші орында – Амангельды Досаев, 3-ші орында – Еркен Курманбаев. Әйелдер арасында үздік шахматшы ретінде Еркежан Адильбекова танылды. 16 жасқа дейінгі өспірімдер арасында ең үздік деп – Натан Кертаев, 10 жасқа дейін – Темірлан Омар танылды.

«А» турнирінің жеңімпазы – 2018 Павлодар әкімі Кубогының финалынының халықаралық гроссмейстер нормасымен өтетін айналмалы турниріне қатысу құқығына ие болады. Финал Павлодар қаласында желтоқсанның 1-нен 12-не дейін өтеді.  «Б» турнирінің жеңімпазы – қазанның 14 мен 24 аралығында Павлодарское ауылында өтетін келесі Кубок кезеңдерінің біреуінде, шеберлік турниріне  – қатысу құқығына ие болады.

Posted in

ФИДЕ АТАҚТАР БЕРУДЕ

Халықаралық шахмат федерациясынан қуанышты хабар. Жүлделер өздерінің иелерін тапты! Қазақстандық шахматшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен табысты өнер нәтижелері бойынша ФИДЕ оларға жаңа атақтарды беруге құқығын берді.

Қазақстан шахмат федерациясының кеңсесіне, 2018 жылы шілденің 9 мен 14 аралығында Шри-Ланкада оқұшылар арасында өткен Азия чемпионаты нәтижелеріне сәйкес келесі ойыншыларға сырттай атақтар берілгені жайлы хабарлама келді:

  1. Дінмухаммед Тулендинов – алған алтыны үшін – шеберге үміткер (CM), ЭЛО рейтингі 2000 жеткен жағдайда,
  2. Алим Тугузбай – қола үшін –ЭЛО рейтингі 2000 жеткен жағдайда шеберге үміткер (CM),
  3. Зейнеп Султанбек – алтын үшін – ЭЛО рейтингі 1900 жеткен жағдайда ФИДЕ әйелдер шебері ФИДЕ (WFM).

Берілген атақтарды иелену үшін, шахматшылар ФИДЕ кеңсесіне өтінімдерді жіберуі және тиісті жарналарды төлеуі қажет.

Сонымен бірге, халықаралық әйелдер гроссмейстері (WGM) Гүлісхан Нахбаеваға, оның Индияда көрсеткен табысты өнерінен соң, ФИДЕ оған ЭЛО рейтингі 2400 жеткенде ерлер шебері (IM) атағын берді.

Қазақстандық шахматшыларды лайықты иеленген атақтарымен құттықтаймыз!

Posted in

«AKTAU CHESS OPEN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ

Қазанның 12-нен 14-не дейін Ақтау қаласында Абай атындағы мәдени-сауық кешенінде көрнекті қоғам қайраткері Сағындық Рабаев құрметіне «AKTAU CHESS OPEN» халықаралық шахмат турнирі өтеді. Сайыс, сондай-ақ, Қазақстан және Каспий аймағындағы елдердің шахмат ойыншылары арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілуде.

Шахмат фестивалі аясында ФИДЕ рейтингі есептелумен 6 негізгі турнир өтеді.

  • Open турнирі — Rapid,
  • U12 турнирі — Rapid (2006 ж.т. ұл балалар және одан жас),
  • G12 турнирі – Rapid (2006 ж.т. қыз балалар және одан жас),
  • Open турнирі — Blitz,
  • U12 турнирі — Blitz (2006 ж.т. ұл балалар және одан жас),
  • G12 турнирі — Blitz (2006 ж.т. қыз балалар және одан жас).

Турнир жарнасы, реквизиттер және де басқа «AKTAU CHESS OPEN» жайлы ақпараттар – турнир Ережесінде (жүктеу).

Ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері:

  • Шайхымов Анвар Ескендирович, турнир директоры: +7 702 598 2009
  • Метелено Евгений Сергеевич, бас төреші, халықаралық төреші: +7 771 856 4853
Posted in

20 ДЕЙІНГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

2018 жылдың 5 қыркүйегінде Гебзе қаласында 20 жасқа дейін шахмат бойынша әлем чемпионаты басталады. Турнирде 9 қазақстандық спортшылар қатысады, олардың төртеуі – Қазақстан шахмат федерациясының ресмі ойыншылары ретінде қатысады.

LIVE Games

Chess 24 Broadcast Open
Chess 24 Broadcast Girls

Чемпионат 61 елден 168 спортшылар қатысатын опен-турнирге және әлемнің 45 елінен 99 шахматшы қыздар қатысатын қыздар арасында өтетін жарысқа бөлінген.

Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) ресми қатысушылары:

  • FM (ФИДЕ шебері) Денис Махнев, ЭЛО рейтингі 2449 (Павлодар қ.),
  • WFM (ФИДЕ әйелдер шебері) Асель Серікбай, 2125 (Қызылорда қ.),
  • WCM (шеберге әйелдер кандидаты) Нурғали Назерке, 2080 (Қызылорда қ.),
  • FM Алишер Сулейменов, 2307 (Павлодар қ.).

Әлем біріншілігінің жүлделі орындарына тағы да – WFM Меруерт Камалиденова, 2011 (Астана), FM Жандос Ағманов, 2379 (Астана), CM Арыстанбек Уразаев, 2333 (Ақтөбе), FM Қазыбек Ногербек, 2261 (Астана), CM Сауат Нурғалиев, 1685 (Астана) күреседі.

Турнир жеңімпаздары гроссмейстер (GM) атағын алуға, күміс және қола жүллдегерлері – халықаралық ерлер шебері (IM) атағын алу құқығына ие.

Чемпионат 11 турда швейцария жүйесі бойынша өтеді. Жалпы жүлде қоры – 10 000 евро. Опен-турнирде бірінші орын үшін жүлде  – 3000 евро, қыздар арасындағы жарыста – 2000 евро. Турнир 16 қыркүйекке дейін өтеді.

Еске салайық, былтырғы, Италияның Тарвизио қаласында өткен 20-ға дейінгі әлем чемпионатында IM Жансая Абдумалик (2482 ЭЛО) керемет ойын көрсеткен. 11 турдың нәтижелері бойынша ол 9,5 ұпай жинап, Анастасия Парамзинаны (РФ) және Дженнифер Юды  (США) озып, алтын медальды жеңген.

Posted in