ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

Құрметті шахматшылар, қымбатты достар!
Жаңа жыл мейрамы қарсаңында әдетте артта қалар жылдың қорытындысын шығарып, келер жылға жоспар құрамыз. 2018 жыл айтулы оқиғаларға толы жыл болды деп есептеймін.
Биылғы жылы біздің алдымызда мол тәжірибе мен кәсіби қасиеттерді талап ететін ауқымды міндеттер тұрды. Біздің команда бұл міндетті шеше алды деп мақтанышпен айта аламын. Біз шахмат ойынын ел ішінде насихаттауда ғана емес, әлемдік аренада отандық шахмат мектебінің беделін үстем еттік.

Оған әрқайсыңыз үлкен үлес қостыңыздар, және бүгін баршаңызға кәсіби жетістеріңіз үшін алғыз айтқым келеді. Біздің спортшыларымыз бен бапкерлерімізге республикалық және халықаралық турнирлерде көптеген жетістікке жетуді тілеймін. Жаңа жылда жеке және кәсіби мақсаттарыңыз орындалсын!

Ізгі ниетпен
Ғалымжан Есенов.

ДЕНИС МАХНЕВ ГРОССМЕЙСТЕР АТАНДЫ

Павлодар қаласы әкімінің Кубогында Денис ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын орындады. Атақты шеберлермен өткен кездесуінде 9 партияда жеңіп шығып, 6,5 ұпай жинаған. Бұл өз кезегінде Дениске GM титулына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сөйтіп,  Қазақстанның ерлер арасындағы гроссмейстерлері тізімі соңғы 9 жылдан бері тұңғыш рет жаңартылды. Бұған дейін  Grand Master нормасын 2009 жылы Ринат Жұмабаев орындай алған болатын.

«Павлодар қаласы әкімінің кубогындағы қарсыластарым АҚШ, Ресей, Тәжікстан және Қазақстанның танымал ойыншылары болды, – дейді Денис, – Оппоненттерімнің жастары үлкен әрі тәжірибесі мол. Сол үшін маған барынша мұқият болу керек болды. Төртеуін айқын басымдықпен жеңіп, бес ойында тең түсу әрине тамаша көрсеткіш емес, бірақ мен ризамын».

Гроссмейстер нормасын орындау үшін Махневке ағымдағы жылдың қыркүйегі мен қазан айы аралығында Батумиде өткен  Олимпиада ойындарында жақсы ойын үлгісін көрсетуі тиіс болды. Жас шамасына қарамастан шахматшы 11 партияда 4 рет басым түсті, тек Англия құрамасының шахматшысына есе жіберіп алған.

«Батуми Олимпиадасы айтарлықтай сын болғаны анық, – деп түсіндірді ерлер командасының бас бапкері Павел Коцур, –  Ол кезде Денис ерлер құрамасында бірінші рет өнер көрсеткенімен тоғыз елдің өкілдерімен кездескен ойында өзінің біліктілігін дәлелдеп, халықаралық гроссмейстердің бірінші нормасын орындап шықты».

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

«27TH FAJR CUP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ

2019 жылдың 5-11 ақпаны аралығында Иран астанасында шахматтан «27th Fajr Cup» халықаралық турнирі өтеді.

Оған әлемнің 40 елінен 600-ге жуық шахматшы қатысады деп күтілуде. Фестивальге арнайы мейман ретінде ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович шақырылған.

Алдыңғы сайыста ирандық  гроссмейстер Пархам Магсудлу тоғыз матчта 5,7 ұпай жинап жеңіске жеткен болатын.

2019 жылы турнирге қатысушылар жасы мен ЭЛО рейтингіне сәйкес 3 санатқа жіктеледі:
– «А» санаты – ЭЛО  рейтингі 2000 кем емес шахматшылардың шеберлер турнирі;
– «B» санаты –рейтингі 2000-нан төмен ойыншылар үшін;
– «С» санаты – 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін.

Турнирдің жүлде қоры «А» санаты үшін 11 00 еуро, «В» ж»не «С» санаттары үшін 613 млн иран реалын құрайды.

Әрбір санат үшін партиялар швейцариялық жүйе бойынша шеберлер мен ойыншылар саны 150-ден аспайтын санаттар үшін 9 раундтан тұрады. Өзге санаттар үшін 11 раунд қарастырылған.

Сонымен қатар, өткен сәрсенбі 19 желтоқсан күні Тегеранда турнирге дайындық аясында Иранның және әлемдік шахмат федерациясының жоғарғы шенді өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Дүниежүзілік шахмат федерациясы президентінің кеңесшісі Берік Балғабаев пен Иран Шахмат федарациясының президенті Мехрдад Пахлеванзаде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, әсіресе мамандар дайындау саласына қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Турнир туралы толығырақ

ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІН ЖҮКТЕУ

РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Ресейдің Санкт-Петерборында бүгін рапид және блицтен Әлем Чемпионаты басталады. Жаңа жыл қарсаңында Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Левон Аронян және Сергей Карякин сияқты шахматтың жарқын жұлдыздары осы жарыста бас қосады. Додаға Қазақстаннан еліміздің алты үздік шахматшысы қатысатын болады.

 Невада өтетін жарыста ерлер арасындағы сынға Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Рустам Хуснутдинов түседі. Ал қыздар арасындағы турнирде Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік және Гүлісхан Нахбаева Қазақстанның намысын қорғайды.

«Бұған дейінгі турнирде Карлсенмен кездескен болатынмыз, –  дейді халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Ринат Жұмабаев,  – Қазіргі таңда ол қателікке жол бермейтін ең мықты шахматшы болып есептеледі. Дегенмен кез –келген қарсыласты шаң қаптыруға болады және біз жоғары нәтижеге жетуге сақадай саймыз».

Біздің шахматшыларымыздың бұл жолғы қарсыластары аты әлемге әйгілі ресейлік спортшылар Александра Костенюк пен Катерина Ланго, Украина өкілдері апалы-сіңілі Музычуктер және Әлем чемпионатының жеңімпазы қытайлық Цзюй Вэньцзюнь.

«Бұл жарыстан үлкен үміт күтемін, – дейді халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, –  Әлем чемпионатында ересектер арасында осымен екінші мәрте өнер көрсетсем де өз күшіме сенімдімін. Және де Мария Музычукпен матч-реваншқа әрине қуана келістім».

Рапид және блицтен Әлем чемпионатына 37 елден 300-ден аса шахматшылар қатысады. Жарыстың жүлде қоры $2млн.

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,  әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.

 

Регламент OPEN

Регламент WOMEN

Чемпионат туралы толығырақ

МӘДИНА ДӘУЛЕТБАЕВА ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ДМИТРИЙ ХЕГАЙ ЖЕҢІПМАЗ АТАНДЫ

Астанада ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының ақтық сыны мәреге жетті. Ерлер арасындағы финалда ресейлік Дмитрий Хегай, ал әйелдер арасында тараздық Мәдина Дәулетбаева топ жарды.

Жасөспірімдер арасында Кубок жеңімпаздары елордалық мектептің өкілдері Астана қаласынан Қазыбек Нөгербек пен алматылық Әсел Лесбекова жеңіске жетті.

«Шахматшының формасынан қазақстандық спортшы екенін танысаң оны мықты спортшы деп қабылдайсың  және ойын міндетті түрде қызықты өтетінін білесің, – деп ағынан жарылды Дмитрий Хегай, – бұған іріктеу турында да, Қазақстан Кубогында да бірнеше мәрте көзім жетті.  Қорытынды партияларда жеңіске жету оңай болған жоқ».

ҚР Кубогы финалы әлемдік турнирлерде еліміздің атынан сынға түсетін үздік шахматшыларды анықтайтын дәстүрлі жарыс.

Кубоктың балалар арасындағы финалының жеңімпаздары ақшалай сыйақымен қатар 2019 жылғы ҚР Чемпионатына кепілді түрде жолдама алады, сондай-ақ алдағы жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Кубок финалында ақтық сынға шыққан спортшылар арасында 3,7 млн теңге шамасындағы жүлде сарапқа салынды.  Ерлер арасындағы жарыста үздік деп танылған шахматшы мен Мәдина Дәулетбаева 400 000 теңгеге ие болды. 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үздіктерге 100 000 теңгеден берілді», – деп қорытындылады Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Естеріңізге саламыз, ҚР Кубогы финалына 16 қазақстандық  және өткен жылғы Кубок жеңімпаздарынан 4 шетелдік шахматшы, сонымен қатар іріктеу кезеңінде ерекше көзге түскен спортшылар қатысты. Турнир ерлер және әйелдер арасында өзара айналым жүйесімен өтті.

ҚШФ Бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,

әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.

Ерлер және Әйелдер арасындағы ҚР Кубогы финалы туралы толығырақ
Балалар арасындағы ҚР Кубогы финалы туралы толығырақ

Қорытынды турнир кестесі:

— Ерлер
— Әйелдер
—14 жасқа дейінгі жеткіншектер
—14 жасқа дейінгі қыздар

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ФИНАЛЫНА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 34 ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК 6 ШАХМАТШЫ ҚАТЫСАДЫ

2018 жылдың 15-24 желтоқсаны аралығында Астанада классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы Кубогының ақтық сыны өтеді. Ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен спортшылар жалпы жүлде қоры  3,7 млн теңгені құраған додада бақ сынайды. Турнирге өткен жылғы Кубок жеңімпаздары мен шетелдік үш спортшы шақырылып отыр.

Ересектер арасындағы жарысқа 14 қазақстандық және 6 шетелдік шахматшы қатысады. Кубок финалының жеңімпаздары ақшалай сыйақымен қатар 2019 жылы өтетін ҚР Чемпионаты финалына кепілді жолдамаға ие болады.

Балалар арасындағы ақтық жарыста 14 жасқа жейінгі жиырма қазақстандық спортшы бақ сынайды.  Финал жеңімпаздарына алдағы жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Турнир ерлер және әйелдер арасында өзара айналым жүйесімен өтеді.

« Кубок финалы жарқын сәттерге толы болады, қатысушылардың барлығы өзіндік қолтаңбасы бар мықты ойыншылар. Мысалы бразилиялық Александр Фиер биылғы жылы Алматыда өткен Опен турнирде дайындығы мығым екенін көрсетіп, жеңіске жеткен болатын. Осы ойында тағы кездесу мүмкіндігі туып жатса қуана келісер едім, – мен өз күшіме сенімдімін», – дейді гроссмейстер Петр Костенко.

Петр мен Александрдан бөлек турнир фавориттерінің бірі – ҚР балалар құрамасының жаттықтырушысы, қазақстандық шахматшылар рейтингінде үшінші сатыда тұрған Әнуар  Исмағамбетов.

«Отандық барлық шахматшылар үшін бұл көптен күткен сайыс өйткені финалға шыққан спортшылардың барлығы алдыңғы кезеңдерде қатаң іріктеуден өткендер, – деп атап көрсетті Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – ҚР Кубогына шетелдік спортшылардың қатысуы мол тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік ғана емес, спорттық атақтар алуға жол ашады».

ҚШФ Бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.

ЖЕДЕЛ ШАХМАТ БОЙЫНША ТУРНИР

2018 жылдың 15-17 желтоқсаны аралығында қыздар арасындағы шахматтан алғашқы Әлем чемпионы Флюра Хасанова мектебінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған жедел шахматтан мерекелік турнир өтеді.

Турнирде 50-ден астам халықаралық дәрежедегі атақты гроссмейстерлер, халықаралық шеберлер, ҚР спорт шеберлері, сонымен қатар іріктеу жарыстарынан сүрінбей өткен мықты әуесқой спортшылар қатысады.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады, уақыт бақылауы  15 минут + жүріске 10 секунд, алғашқы жүрістен есептеледі.

Жүлде қоры 1 млн 40 мың теңге.

Турнир кестесі:

15 желтоқсан, 16:00 – қатысшылардың келуі.
15 желтоқсан, 16:30 – ашылу рәсімі, жеребе тарту.
15 желтоқсан,  17:00 – 20:00 – 1-3 турлар
16 желтоқсан,  18:00 – 21:00 – 4-6 турлар,
17 желтоқсан 17:00 – 20:00 – 7-9 турлар,
17 желтоқсан, 20:30 – жабылу рәсімі, марапаттау.

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Құрметті әріптестер,

ҚР ерлер, әйелдер және әйелдер құрамаларының жаттықтырушыларымен дәстүрлі түрде екі жылдық келісімшарт Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасынан кейін тоқтатылады.

Осыған байланысты Қазақстан Шахмат федерациясы ұлттық құраманың дайындығын үнемі жетілдіру мақсатында ҚР құрама командаларының бас жаттықтырушылары лауазымына конкурстық іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 12 желтоқсан мен 2019 жылғы 4 ақпан аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін осы поштаға жіберу қажет office@kazchess.kz:

– қатысуға өтінім (сауалнаманы жүктеу)
– төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі
– түйіндеме немесе жеке тарихы

Ұсынылған құжаттарды зерделеуді және жеңімпаздарды марапаттауды Конкурстық комиссия өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап 12 күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

Жарыс нәтижелері Қазақстандық шахмат федерациясының (ҚШФ) сайтында, сондай-ақ ҚШФ-ның әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде жеке жарияланады.

Толық ақпаратты Конкурстық Іріктеу Ережесінде қараңыз.

Біз сіздің өтінімдеріңізді асыға күтеміз және конкурста сәттілік тілейміз!

ӨЗБЕКСТАН ӨКІЛІ АЛМАТЫДА ӨТКЕН ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Алматыда есту қабілеті нашар адамдарға арналған жедел шахматтан халықаралық турнир аяқталды.Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстаннан 33 спортшы қатысты. 350 000 теңгеге әмиян үшін екі күндік күрес өзбекстандық спортшы – ФИДЕ шебері Сиржиддин Зайнутдиновтың жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық Амангелді Наурызғалиев күміс жүлдегер атанды. Қырғызстаннан келген Эдуард Ким үшінші орынды иеленді.

“Бұл менің қонақжай елге алтыншы сапарым, әр жолы мен турнирлерден көптеген жағымды эмоциялар аламын. Осы жылы конкурс жоғары деңгейде ұйымдастырылды,онда жайлылық пен шоғырланған ойын үшін барлық мүмкін жағдайлар жасалды. Мен байқауды ұйымдастырушыларға осындай үлкен байқауға қатысуға және әрине, біздің ескі достарымызбен кездесіп, сөйлесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығымды білдіремін “, – деді өз жеңісінен кейін С. Зайндинов.

Ерлер турнирі швейцарлық жүйе бойынша 9 турда өтті. Әйелдер ротация жүйесі бойынша ойнап, тамаша шахмат дағдыларын көрсетті. Барлық үш әйел марапаты қазақстандық шахматшыларға берілді. Алматы саңыраулар қоғамының төрағасы Нина Жуковская турнирдің үздік қатысушысы атанды. Күміс жүлдегер-Әлия Мұратовам, ал қола жүлдегер-Наталья Горохова.

“Тоғыз турдың барлық ойындары қарқынды және жарқын болды, эмоциялық түрде қуатталған атмосфера әлем чемпионаттарына сәйкес келді”, – деді Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Максим Рожков. “Бұл турнир тек спорттық жарыс емес. Елге қарамастан, бұл жерде барлығы бір үлкен отбасы, және біз уақытты бірге өткізу мүмкіндігіне қуаныштымыз.

“Барлық қатысушылар-тамаша шахматшылар, олардың ішінде спорт шеберлері мен ФИДЕ шеберлері бар. Ең кішісі 19 жаста, ал ең үлкені 82 жаста”, – деді турнирді ұйымдастырған Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Турнирден суреттер

Турнирдің егжей-тегжейлері

Қатысушылардың соңғы кестесі

Турнир саясатын осы жерде жүктеуге болады 

ҚШФ бас серіктесі – “Самұрық-Қазына “ҰӘҚ” АҚ, әлеуметтік серіктес – “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
“Қазақстан шахмат федерациясы” РҚБ бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

Қосымша ақпарат үшін хабарласуынызды сұраймыз:
Игорь Бушмелев, +7 707 323 55 80,   igor.b@kazchess.kz

«ДЕНЕ ЖӘНЕ САНА» ТУРНИРЫ АЯҚТАЛДЫ.

“Денесі саудың рухы сау” латын қарпімен сөйлей отырып, қазақстандық шахмат федерациясы Алматыдағы спорттық және қаржы ұйымдарының өкілдерімен адал зияткерлік ойында кездеседі.

8 желтоқсан 2018 жылы сағат 10: 00-де Алматыда “Дене және сана” турнирі өтті. Осы жерде оңтүстік астананың коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары шахмат шеберлігінде өз күштерін өлшеген

Жедел шахматтан командалық турнир швейцарлық жүйе бойынша 5-9 турдан өтті. Уақытты бақылау: әр қатысушы үшін барлық ойынға 15 минут.

Әр команда үш ер және бір әйелден тұрды.

Турнирге 36 қатысушы-7 ұйымның командалары қатысты:

– World Class Almaty спорт кешені – 1 команда
– “БЖЗҚ” АҚ-1 команда
– BossTan Gym – 1 команда
– WRPF Қазақстан – 1 команда
– Алматы марафоны – 1 команда
– “Триумф” спорт орталығы-3 команда
– Mfitness фитнес-жабдықтың дистрибьюторы-1 команда

Жарыс жеңімпаздары командалық турнирде барлық ойындарда (жеңіс – 2 ұпай, сынақ – 1 ұпай, жеңіліс – 0 ұпай) жинаған ең көп командалық ұпай санымен марапатталды.

1 орын – “Триумф” спорт орталығының үшінші командасы»

– Нуриден Муканов
– Сарсенгали Джанкуатов
– Ержан Нурмухамедов
– Галина Полупанова

2 орын – World Class Almaty спорт кешенінің командасы:
– Сабир Сыздықов
– Ярослав Фридманн
– Жанторе Дошмұқанова
– Оксана Прохорчук

3 орын – “Триумфер” спорт орталығының бірінші командасы:
– Сәкен Камидуллаев
– Асқар Розақов
– Виктор Панов
– Меруерт Кинжан

“Триумфер “спорт орталығының өкілі Галина Полупанова турдың “үздік әйел” атанды. Конкурс кезінде шығынсыз мүмкін 5 баллдан 5 балл жинады.

“БЖЗҚ “АҚ, BossTan Gym спорт орталығы,”Бірінші болу батылдық ” корпоративтік қоры, WRPF Қазақстан Федерациясы және MFitness  фитнес-жабдықтарының дистрибьюторы тиісті тәртіпте басқа орындарды иеленді.

Турнирден суреттер

Турнир саясатын осы жерде жүктеуге болады 

Турнир туралы толығырақ