20 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ШАХМАТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

2019 жылғы 16-26 наурыз аралығында Өскемен қаласында классикалық шахмат, рапид және блиц шахматтан 20 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

17-23 наурыз – классика

24-25 наурыз – рапид

26 наурыз – блиц

Турнирге 20 жасқа дейінгі Қазақстан 2018 жыл чемпиондары, 20 жасқа дейінгі республикалық маңызы бар қалалар мен республикалық маңызы бар қалалардың 2019 жыл чемпиондары, сондай-ақ 2019 жылғы 1 ақпанында кем дегенде 2000 ЭЛО халықаралық рейтингісі бар шахматшылар қатысады.

Турнирдің жүлде қоры 600 000 теңгені құрайды.

80 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа қосымша, классика чемпионатының жеңімпаздары Республика Чемпионатының финалына, сондай-ақ классикалық шахматтан 20 жасқа дейінгі жас категориясында шахматтан әлем чемпионатына қатыса алады.

Классикалық шахматта екінші орын алған қатысушыларға 60 000 теңге және 20 жасқа дейінгі классикалық шахматта Азия жеке чемпионатына қатысу құқығы беріледі.

Қатысуға тілек білдіргендер өтінішті 2019 жылғы 1 наурызға дейін мына поштаға жіберуі керек: natalextyr@ail.ru

Турнир регламентін жүктеу мұнда

Чемпионате туралы толығырақ

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қор.

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Құрметті әріптестер!

Естеріңізге сала кетейік,  Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының бас жаттықтырушыларына конкурстық іріктеу жалғасуда. Байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 4 ақпанына дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін office@kazchess.kz электронды поштасына жіберу қажет:

– Қатысу туралы өтініш (өтінім бланкін жүктеу)

– паспорттың немесе басқа да жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

– түйіндеме немесе өмірбаян

Құжаттарды сараптау және конкурстың жеңімпаздарын анықтау Конкурстық комиссия өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап 12 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстың нәтижелері Қазақстан Шахмат федерациясының сайтында, сондай-ақ ҚШФ әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде жарияланады.

Толығырақ ақпаратты Конкурстық іріктеу ережесінде табуға болады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Қазақстандағы жастар жылының салтанатты ашылуы өтті. Кездесу барысында жас ұрпақтың көрнекті өкілдері елдегі әр түрлі салаларды дамыту және жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салды.

Елбасы Жолдауында «барлық күш-жігер елімізді болашақ серпіліске дайындауға бағытталған және күшті Қазақстанды құруға бағытталған» деп атап өтті.

Ашылу рәсіміне шақырылған қонақтардың бірі біздің жас шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік болды.

«Мен өмір сүріп жатқан және еңбек етіп жатқан елімнің дамып жатқанын көріп қуаныштымын», – дейді спортшы, – Мемлекет дегеніміз, бұл, біріншіден, оның азаматтары және мен өз елімдегі өмірді жақсартуға талпынған талантты жастарды көріп, тек қана мен емес, сонымен қатар, барлық жастар да ұлы іс жасағысы келетініне сенемін».

Іс-шараның ресми бөлігінен кейін Президент Жансаяның жетістігі туралы сұрап, оған одан әрі жеңіске жете беруін тіледі. Еске сала кетейік, 2012 жылы Қазақстан көшбасшысымен келіссөздер барысында спортшы шахматты мектеп пәні ретінде енгізу туралы ұсыныс жасаған еді, оған Мемлекет басшысы өз келісімін берген болатын. Бүгінгі таңда «Мектептегі шахмат» бірнеше мектепте белсенді түрде жүзеге асырылуда және оң даму үрдісі байқалуда.

РИНАТ ЖҰМАБАЕВ GIBRALTAR INTERNATIONL CHESS FESTIVAL ФЕСТИВАЛЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев Англияда өтіп жатқан Gibraltar Internationl Chess Festival шахмат фестиваліне қатысуда, онда әлемнің 62 елінен 550-тен астам ойыншы қатысып, 200 000 фунт стерлингті құрайтын жүлде қоры үшін бақ сынауда. Ринат ең қиын болып есептелетін «Master» категориясында Қазақстанның атынан шығады.

Гибралтар турнирі – кез-келген шахматшы үшін үлкен тәжірибе. Өз категориясында Ринат 252 шеберлердің арасында 35-орында. Мастер санатындағы ақшалай сыйлықтар алғашқы 15 орынға арналған. Үздік ойыншы 25 000 фунт стерлингті алады, мастерлерге арналған партиялар швейцариялық жүйеде 10 раундта өтеді.

«Қазақстан – бұл беделді фестивальдің тұрақты қатысушысы», – деп түсіндірді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко. «Өткен жылы біздің команданың қыздары лайықты ойын көрсетті, бұл Ринатта жауапкершілік, бірақ біз оның тәжірибесі мен дайындығына еш күмәніміз жоқ».

Чемпионаттың нәтижелерін көру үшін мына сілтемелерді басыңыз:

— Мастерлер арасындағы партия
— «А» үміткерлері арасындағы партия
— «В» үміткерлері арасындағы партия  
— «А» әуесқойлар арасындағы партия  
— «В» әуесқойлар арасындағы партия  

Турнир туралы толығырақ: http://kazchess.kz/gibrltr_t/

ЖАНСАЯ ЖЕРШАРЫНЫҢ ЕҢ МЫҚТЫ ОН ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА

Жансая Әбдімәлік «Saint Louis Chess Club» шахмат клубынан әйелдер арасындағы «Cairns Cup 2019» турниріне шақыру алды. Ұйымдастырушылар ғаламшардың 10 үздік шахматшыларын олардың жасына қарамастан таңдап, оларды шахматтан элиталық турнирге шақырды.

«Шынын айтсам, бұл шақыруды тіпті күтпеген едім», – деп мойындады Жансая, «Saint Louis Chess Club» шахмат клубының нұсқасы бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа ену және Қазақстанды таныту – бұл тек үлкен абырой ғана емес, сонымен қатар елеулі жауапкершілік».

«Cairns Cup 2019» турнирі алғаш рет өткізілуде және дәстүрге айналады. Жарыс 2 ақпан күні Миссуридегі Сент-Луисдегі белгілі Chess Club шахмат клубында басталады. Спортшылар дөңгелек жүйе бойынша ойнайды.

Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко: «Бұл – ең жоғары деңгейдегі жарыс», – дейді.  «Жансая – Қазақстанның жалғыз өкілі ғана емес, сонымен қатар турнирдің ең жас қатысушысы, бірақ әлем чемпионаттарындағы алдыңғы ойындар қарсыластардың жасы кедергі бола алмайтынын көрсетеді.

Байқаудың жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайды, бұл – әйелдер арасындағы дөңгелек турнирлерінің тарихындағы ең үлкен сома. Барлық қатысушылар үшін ақшалай сыйлықтар тағайындалған. Бірінші орын үшін 40 000 доллар және оныншы үшін 5000 АҚШ доллары беріледі.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қор.

ӘСЕЛ СЕРІКБАЙ ЖӘНЕ РАМАЗАН ЖАЛМАХАНОВ

Павлодарда балалар және 18 жасқа дейінгі юниорлар арасында шахматтың классика, рапид және блиц түрлерінен болып өткен Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Классикада жасы үлкен санатында қызылордалық Серікбай Әсел және Алматыдан Жалмаханов Рамазан жеңіп шықты.  Олар ақшалай жүлдеден тыс, қазан айында Индияның Нагпур қаласында юниорлар арасында өтетін Әлем Чемпионатына жолдамалар алды.

«Бұл менің Қазақстан чемпионаттарындағы алғашқы жеңісім емес, алайда, әр кез бұл жетістік маған  оңайлықпен келмейді – босаңсуға бір де бір секунд жоқ, – деп Әсел бөлісті, –  және бұл алтын да, жеңістікті тойлауға себеп емес, өйткені бізді алда әлемнің ең мықты шахматшыларымен күрестер күтіп турғой»

Классикада 16 жасқа дейінгі санатта жеңімпаздар болып Чингизхан Саржанов және Нәзерке Нұрғали болып табылды. 14 жасқа дейінгі санатта Султан Аманжол және Меруерт Камалиденова ең үздіктер деп табылды. Қорытынды кестені 12 жасқа дейінгі санатта Аят Абдуллаев және Айша Закирова басқарды. 10 жасқа дейінгі санатта жеңіске жету Эдгар Мамедовқа және Ельназ Қалиахметке бұйырды. Дінмухаммед Түлендинов және Айлин Заркым 8 жасқа дейінгі санатта жеңіске жетті. 6 жасқа дейінгі санатта Дастан Бақытбек және Айлин Алеманова алтын иелері болып шықты.

«Республика Чемпионаты әдеттегідей еліміздің ең үздік шахматшыларын жинайды, ал олардың ең мықтыларына халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсету құқықығы беріледі, – деп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Капаев айтып өтті, – Ал, Қазақстанның шахматы жыл сайын жаңа жас спортшылармен толысып жатқан фактісі және де республикалық чемпионатта екінші жыл қатарынан 6 жасқа дейінгі балалардың қатысуы ерекше құантады. Бастапқыда, 6 жасқа дейінгі балалардың қатысуы тәжірибе ретінде жоспарланды және де соңында өзін ақтап шыққаны анық».

Ресми жүлде қорын 2 млн теңге құрайтын Республикалық біріншілікке күресте 6-дан 18 жасқа дейінгі жас санаттарында 640 жас спортшылар кездесті. Сәйкесінше, классикада алтын және күміс медальдар иелері 2019 Әлем және Азия Чемпионаттарына жолдамалар алды. Ал қола иелері – юниорлар арасында өтетін Шығыс Азия чемпионатына қатысудың басым құқығына ие болды.

Чемпионат нәтижелері: (классика):
6 жасқа дейінгі қыздар
8 жасқа дейінгі қыздар
10 жасқа дейінгі қыздар
12 жасқа дейінгі қыздар
14 жасқа дейінгі қыздар
16 жасқа дейінгі қыздар
18 жасқа дейінгі қыздар

6 жасқа дейінгі ұлдар
8 жасқа дейінгі ұлдар
10 жасқа дейінгі ұлдар
12 жасқа дейінгі ұлдар
14 жасқа дейінгі ұлдар
16 жасқа дейінгі ұлдар
18 жасқа дейінгі ұлдар

Чемпионат нәтижелері (рапид):
6 жасқа дейінгі қыздар
8 жасқа дейінгі қыздар
10 жасқа дейінгі қыздар
12 жасқа дейінгі қыздар
14 жасқа дейінгі қыздар
16 жасқа дейінгі қыздар
18 жасқа дейінгі қыздар

6 жасқа дейінгі ұлдар
8 жасқа дейінгі ұлдар
10 жасқа дейінгі ұлдар
12 жасқа дейінгі ұлдар
14 жасқа дейінгі ұлдар
16 жасқа дейінгі ұлдар
18 жасқа дейінгі ұлдар

Чемпионат нәтижелері (блиц):
6 жасқа дейінгі қыздар
8 жасқа дейінгі қыздар
10 жасқа дейінгі қыздар
12 жасқа дейінгі қыздар
14 жасқа дейінгі қыздар
16 жасқа дейінгі қыздар
18 жасқа дейінгі қыздар

6 жасқа дейінгі ұлдар
8 жасқа дейінгі ұлдар
10 жасқа дейінгі ұлдар
12 жасқа дейінгі ұлдар
14 жасқа дейінгі ұлдар
16 жасқа дейінгі ұлдар
18 жасқа дейінгі ұлдар

 

ҚШФ-ның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-ның бас демеушісі – Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

ШРИ-ЛАНКАДА ЮНИОРЛАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Шри-Ланканың Калутара қаласында сәуірдің 1-10 аралығында юниорлар арасында өтетін Азия Чемпионатында континенттің шахмат федерациялары спортшылары классикалық, рапид пен блиц партияларынан өзара сынға түсетін болады.

Турнирге қатысуға ниет білдірушілер 2019 жылдың 28 қаңтарына дейін Қазақстан шахмат федерациясының  kamilya.a@kazchess.kz  электрондық поштасына тиісті форма бойынша өтінім жолдауы тиіс.

Турнирге қатысушылар 2019 жылдың 28 қаңтарына дейін тамақтануы мен тұру шығынының 50% және $125 көлеміндегі тіркеу жарнасын төлеуі керек. Тіркеу жарнасы шахматшының турнирге қатысуын растайды және оған Коломбо әуежайына және кері қарай тасымалдау мен аккредиттеу шығындары кіреді.
Турнирге тіркелу уақыты өтіп кетсе $100 көлемінде айыппұл төлеп, тек қосымша ойыншы ретінде ғана тіркелу мүмкіндігі бар.

Ресми ойыншылар үшін кіру жарнасы $75, ал қосымша ойыншыларға – $150 құрайды.

Турнирдің ресми ойыншылары Қазақстан Республикасы Чемпионатының 8-18ж. күміс жүлде иегерлері, олар Қазақстан Шахмат федерациясының есебінен жіберіледі.

Турнир туралы толығырақ

Турнир регламенті

ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА ҒАЛАМШАРДАҒЫ ЕҢ БЕДЕЛДІ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСАДЫ

Бүгін Голландияның ВейканЗее қаласында әлемдегі ең беделді шахмат турнирлерінің бірі — Tata Steel chess tournament 2019 басталады. Айтулы додаға алғаш рет Қазақстанның өкілі қатысуда. Еліміздің ең атақты шахматшысы, халықаралық  гроссмейстер Динара Сәдуақасова 1937 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан турнирге шақырту алған тұңғыш қазақстандық спортшы болып отыр.

«Мен үшін мұндай элиталық турнирге, былайша айтқанда шахматтан «Уимблдонға» шақырту алу және әлемнің аса мықты  гроссмейстерлерімен ала тақтада кездесу үлкен мәртебе, – дейді Динара, – Өз мүмкіндігімді мейілінше көрсетемін және жоғарғы нәтижеге жетемін деген үмітім бар».

Халықаралық турнир қаңтардың 11-27 аралығында өтеді және екеуі айналма жүйемен, ал үшіншісі жалпы турнир. Айналма жүйемен өтетін турнирге шахматшылар тек қана шақыртумен қатыса алады. А турниріне қатысушылар арасында қазіргі таңдағы Әлем Чемпионы Магнс Карлсен бастаған ерлер арасындағы элиталық шахматшылар, ал Б турниріне рейтингі 2500-ден жоғары танымал және болашағы зор шахматшылар қатысады.

«Tata Steel турниріне қатысудың өзі үлкен дәреже, өйткені оған әлемнің ең үздік гроссмейстерлері мен болашағынан үміт күттіретін жас ойыншылар ғана қатыса алады, – деп атап көрсетті Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Турнирдің орташа рейтингі 2582 құрайды, бұл оның дәрежесінің жоғары екендігінің дәлелі. Біз Динараның күшіне кәміл сенеміз».

Қазақстандық спортшы қатысатын Tata Steel Challengers құрамы айтулы ойыншылардан тұрады. 14 ойыншының қатарында Антон Коробов, Владислав Ковалев, Эрвин Л’Ами, Пархам Магсудлу сияқты гроссмейстерлер мен Рамешбабу Праггнанандха, Винсент Каймер және басқа да жас шахмат вундеркиндтері бар.

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

20 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАРЛЫҚ ШАХМАТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ӘБДІМӘЛІК ҮЗДІК БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

Жансая Әбдімәлік барлық шахмат түрлері бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемнің үздік шахматшылары тізімінде көш бастап тұр. Қазақстандық шахматшы классика, рапид және блицтен ЭЛО рейтингінде алдыңғы орынға шықты. Бұған дейін қазақстандық шахматшылардың ешқайсысы бірден үш ойын түрі бойынша әлемдік рейтингте мұндай мәртебеге ие болған емес.

«Қызымды мақтан тұтамын. Ол көп еңбектенеді, үнемі шеберлігін шыңдап жүреді. Бұндай тарихи көрсеткіш оның қажырлы және тыңғылықты жұмысының нәтижесі», – деді спортшыны әкесі Данияр Әшіров.

Жансая жастайынан шахматпен айналысқан, сөйтіп, 14 жасында -ақ Қазақстанның жас гроссмейстері атанды. Қазір он сегіз жасар спортшының қоржынында көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жүлдесі бар.

«Мен ойын барысында әр кезде бар күш-жігерімді саламын, себебі ата-анам мен бапкерлерімнің алдында міндеттімін деп білемін. Бұл әрине жаман көрсеткіш емес, алайда бұнымен шектеліп қалуға болмайды. Әлі де алар асуым алда және мен үшін ең басты нәтиже – бүгін кешегіден де жақсы ойын үлгісін көрсету», – дейді шахматшы қыз.

2018 жылдың қарашасында Жансая Әлем Чемпионатында ересектер арасындағы алғашқы ойынында Қазақстанның шахмат тарихында ширек финалға шыққан алғашқы спортшы болды.  Өткен жылдың желтоқсанында өткен рапид және блицтен Әлем чемпионатында қыздар арасындағы жедел шахматтан 6 орынға тұрақтады.

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

ҚАЗАҚСТАННАН АЛТЫ ӨКІЛІ FIDE КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

FIDE комиссиясының ресми мүшелері тізіміне алғаш рет Қазақстанның өкілдері еніп отыр. Бұл тізім Дүниежүзілік шахмат федерациясы президенттік кеңесінде үш жылда бір рет бекітіледі. Әдетте комиссия мүшелігіне өз елінде аталған интеллектуалдық ойынды насихаттап, оның дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген шахмат спортының көрнекті өкілдері қабылданады.

«FIDE президенттігі кеңесінің Қазақстанның алты өкілін бірдей комиссия мүшелігіне қабылдау жөніндегі шешімі Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов басқаратын Қазақстан шахмат федерациясы жұмысының жоғары бағалануының көрсеткіші болып табылады, – дейді федерацияның атқарушы директоры Ирина Грищенко, – біздің команда жұмыс жасағаннан бері елімізде шахмат спортын насихаттау жағынан елеулі жетістіктерге жеттік және алдағы уақытта да осы қарқынымыздан таймаймыз».

FIDE президенті Аркадий Владимирович Дворковичтің кеңесшісі болып Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Берік Тұқтыбекұлы Балғабаев тағайындалды.

Іс-шаралар бойынша комиссия мүшесі болып ҚШФ вице-президенті – Жандос Әбішев, Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссияға қатысушы ҚШФ атқарушы директоры – Ирина Грищенко, ал Гроссмейстер және халықаралық шебер – Евгений Владимиров FIDE білім беру комиссиясының құрамына қабылданды. Жаһандық стратегия бойынша комиссия құрамында Әлем және Азия чемпионы,  гроссмейстер – Дәрмен Сәдуақасов бар. Әлем чемпионы, гроссмейстер және ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі  – Динара Сәдуақасова ережелер бойынша комиссия құрамына, ал қыздар арасында халықаралық шебер, ҚР Құрамасының мүшесі Гүлмира Дәулетова жеребе бойынша комиссия құрамынан орын алды.

«Биылғы жылдан бастап Қазақстан үшін мол мүмкіндіктерге жол ашылып отыр. Бұл жерде аталған ойынды тек елімізде дамыту жайында ғана айтылып отырған жоқ. Ендігі күні біздер маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын комиссияда бармыз. Бұл біздің еліміздің әлемдік шахмат аренасында үлкен әлеуетін бар екендігін көрсететін ауқымды қадам», – деді Жандос Әбішев.

Жалпы комиссия құрамына әлемнің 130-дан астам елінен 224 адам енген. Қазақстан өкілдерінің саны жағынан Ресей мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр. Бұған дейін ФИДЕ комиссиясы құрамында Қазақстаннан ешбір өкіл болмаған.

 

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,  әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.