MEDIA ACCREDITATION FOR THE WORLD TEAM CHESS CHAMPIONSHIP

From the 4th to 14th March the Team World Chess Championship will be held in Astana, with the strongest teams from 14 countries taking part. This is the first time in history that such an event has been held in Kazakhstan.
The Team World Championship will be held in the International Financial Center – AIFC, at the address: Astana, 55/18, Miglіk Yel Avenue, Pavilion C-3.3

20 teams will play in the tournament – 10 men’s and 10 women’s teams include entries from China, Azerbaijan, Iran, USA, Egypt, Russia, Sweden, Great Britain, India, Ukraine, Georgia, Hungary, Armenia and Kazakhstan.

Among them are the current world champions, continental champions, 6 teams with the highest rating following the 2018 FIDE Olympiad, two teams from the host federation, and two teams appointed by the President of FIDE. The title of Team World Champion is awarded separately for the men’s and women’s teams.

We invite all interested media representatives to the capital of Kazakhstan to take part in the coverage of the Championship.

To get accredited to the event, you must send an email to igor.b@kazchess.kz with the completed application

Posted in

БИБІСАРА ӘЛЕМ КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОЙНАЙДЫ

Бибісара Асаубаеваның ойын сапасы мен жоғары рейтингін ескере отырып, Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы шахматшыны Қазақстанның әйелдер құрамасы енгізу туралы шешім қабылдады. Осылайша, шахматшы 4 наурызда Астанада басталатын шахматтан әлем чемпионатына қатысады.

Бибісара қазақстандық шахматшылар рейтингінде үшінші орынға ие.

Еліміздің әйелдер құрамасының құрамы төмендегідей: Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Мәдина Дәулетбаева (резервтік). Команда осы құрамда Чемпионатта республика атынан жарысатын болады.

«Бибісара – мықты шахматшы, ал біз талантты спортшылардың Қазақстанға оралғанына қуаныштымыз, олар халықаралық турнирлерде өз Отанының намысын қорғауға дайын», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко.

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын жас шахмат менеджері Л.Танжарикова өз шәкіртінің Мәскеу облысының Шахмат федерациясына ауысуы туралы шешім қабылдаған болатын.

2019 жылдың 7 ақпанында Қазақстандық шахмат федерациясының президентіне спортшының менеджеріне елге қайту туралы өтінішпен жүгінген болатын.

Ресей шахмат федерациясы ауысуға өз келісімін бергенін растады. Өз кезегінде, Қазақстан Федерациясы ФИДЕ-ке қайтару туралы өтініш пен қажетті құжаттарды жіберді.

«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ КОНКУРСЫ

Қазақстан шахмат федерациясы «Мектептегі шахмат» бағдарламасын ҚР-ның жалпы білім беретін мектептерінде іске асыру мақсатында Конкурс жариялайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беретін мектептер қатыса алады.

Конкурс шарттары:

  • Конкурсқа қатысу үшін Өтінімді толтыру қажет.
  • Өтінімді сайттан жүктеп алуға немесе төменде көрсетілген байланыстар бойынша жоба уйлестірушісінен алуға болады.
  • Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2019 ж. наурыздың 01-нен 31-не дейін жүзеге асырылады.

– Жеңімпаздар сараптамалық кеңеспен өтінімдерді іріктеу арқылы анықталады және  2019 ж. 15 мамырында жарияланады.

Жүлделі орындар саны – 3, соның ішінде 1-ші орын 5 мектептер үшін, 2-ші орын 10 мектептер үшін және 3-ші орын 20 мектептер үшін.

Жүлделі орын алған мектептерге келесі құрал-жабдықтар беріледі:

1 орын:
– Шахмат тақтасы 20 дана
– Шахмат тастары 20 дана
– Көрнекілік шахмат тақтасы 1 дана
– Кронштейндегі проектор, экран және т.б. 1 дана
– Ноутбук 1 дана, MFU 1дана
– Картридждер жинағы
– Колонкалар 1 дана

2 орын:
– Шахмат тақтасы 20 дана
– Шахмат тастары 20 дана
– Көрнекілік шахмат тақтасы 1 дана
– Ноутбук 1 дана, MFU 1дана
– Картридждер жинағы
– Колонкалар 1 дана

3 орын:
– Шахмат тақтасы 20 дана
– Шахмат тастары 20 дана
– Көрнекілік шахмат тақтасы 1 дана

Бағдарламаны іске асыру дегеніміз «Шахмат» пәнін дене шынықтыру пәнінің вариативті компонент есебінен немесе факультатив және үйірме сағат есебінен оқу үрдісіне қосуды білдіреді. Бағдарлама 3 жыл бойы жүзеге асырылады, яғни 2, 3 және 4 сынып оқушылары ретімен оқытылады.

Конкурсқа қатысқысы келетін мектептер 2019 ж. наурыздың 01-нен 31-не дейін өтінімдерді көрсетілген мекен-жай бойынша жіберу қажет: aizhan.r@kazchess.kz

Конкурс ережесі
Өтінім нұсқасы
Буклет

 

Бағдарама үйлестірушілерінің байланыстары:
Салтанат Ногайбаланова +7 701 722 68 12, saltanat.n@kazchess.kz
Айжан Рысмамбетова +7 701 719 30 40, aizhan.r@kazchess.kz

БИБІСАРА АСАУБАЕВА ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТЫП ОРАЛАДЫ

Алматы, 16 ақпан. Қазақстандық шахмат шебері, ФИДЕ мастері 2 жыл бұрын Қазақстаннан Ресейге кеткен Бибісара Асаубаева Қазақстанның шахмат федерациясына (ҚШФ) қайта оралады. Бұл туралы бізге федерация хабарлады.

– 7 ақпанда спортшының менеджері ҚШФ президентіне ҚШФ-ке оралу туралы өтініш жолдады. Ресейлік шахмат федерациясы ауысу туралы келісім бергенін растады. Өз кезегінде, Қазақстан Федерациясы ФИДЕ-ке қайтару туралы өтініш пен қажетті құжаттарды жіберді. Біз халықаралық шахмат федерациясы жақын арада шешім қабылдайтынына үміттенеміз», – деді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Гришченко.

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын жас шахмат менеджері Л.Танжарикова өз шәкіртінің Мәскеу облысының Шахмат федерациясына ауысуы туралы шешім қабылдаған болатын.

АРКАДИЙ ДВОРКОВИЧ: «Қазақстан шахматы даму үстінде»

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Алматыға келді. Бұл жолы оңтүстік астана Аркадий Владимировичті қар аралас жаңбырмен қарсы алды, бірақ ауа райы жылы қабылдау мен жағымды достық әңгімемен өтелді. Бейресми жағдайда ФИДЕ басшысы зияткерлік спорттың даму перспективалары туралы әңгімелеп, қазақстандық шахматты дамыту туралы өзінің әсерімен бөлісті, сондай-ақ балалық шақтағы дағдылары оның мансабына қалай көмектескенін еске түсірді.

«Шахмат жанұясында туып-өсіп, шахмат ойнамау мүмкін емес», – дейді Аркадий Владимирович. «Әрине, мен шахмат клубтары мен пионерлер сарайына да бардым, Мәскеу чемпионаты және Мәскеу мемлекеттік университетінің чемпионаты сияқты түрлі жарыстарға қатыстым. Шахмат менің жұмысыма көмектесті деп сеніммен айта аламын. Стратегиялық ойлау, жадты дамыту, жағдайды талдау, интроспекция, қарсылас пен серіктесті бағалау – ойын барысында алынған және дамыған осы дағдылардың барлығының өмірде пайдасы зор болды».

Алғышарттар мен тұқымқуалаушылыққа қарамастан Аркадий әкесінің ізімен жүрмеді. Ол Мәскеу экономикалық университетін «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітіріп, АҚШ-тағы Дьюк университетінен магистр дәрежесін алды. Жас экономист үкіметте керемет мансап жолына түсті. Жиырма тоғыз жасында ол Ресей Федерациясының Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары болды және бірнеше жылдан кейін Ресей Үкіметінің басшысының орынбасарлығына тағайындалды. Дегенмен, ол шахматты тастап кетпеді, әкесіне көмектесуді жалғастырды. Ол мақалаға арналған материалдарды дайындады, шетелдік дереккөздерді аударып, шахмат статистикасы бойынша есептеулер жасады. Аңызға айналған шахматтық төреші Владимир Яковлевич қайтыс болғаннан кейін, Аркадий жас талантты шахматшыларды кәсіби шеберлікке дайындайтын Шахмат орталығын ашып, оған әкесінің атын берді. Кейінірек ол жерде тек спортшылар ғана емес, шахматты сүйетін және ойнайтын адамдар, кәсіпкерлер, суретшілер, саясаткерлер де жинала бастады..

«Мен Ресей шахмат федерациясының вице-президенті және президенті қызметін атқардым. Мемлекеттік қызметтегі жұмысымды аяқтағаннан кейін мен сайлауда жеңіске жетіп, ФИДЕ президенті болдым. Менің ойымша, біз қайтадан үлкен отбасыға ацналудамыз (ФИДЕ ұраны – «Gens Una Sumus» – «Біз бір отбасымыз», – автор сөзі.) Келіспеушілік толықтай әлі жойыла қойған жоқ, бірақ осы айларда жақындасу әрі қарай жалғасуда. Біздің ортақ мақсаттарымыздың бар екенін түсінеміз және біз ұлттық федерацияларды әлемнің барлық жерінде шахматты дамыту жолында қолдайтын боламыз. Біз әлемнің үлкен беделге ие жетекші шахматшыларын командамызға тарта алдық, бұл сенім атмосферасын құрып, бізді біріктіре түспек»..

Халықаралық федерацияның басшысы ретінде Аркадий Дворкович президенттік кеңесі пен ФИДЕ басқармасы жүзеге асырып отырған басты бағдарламаның негізгі болып табылатын сайлауалды науқанның жүзеге асырылуын басты мақсат ретінде қарастырады.

«Ең алдымен, шахматтың ең кең таралған танымал интелектуалды спорт түріне айналуы маңызды. Ол үшін ойынды білім жүйесіне кеңінен енуі, оқыту мен практикаға арналған онлайн платформаларды жетілдіру, шахмат федерациясын ойынды әлемде таратуға ықпал ететін қуатты мекеме ретінде дамыту керек. Осы міндеттерді орындау менеджмент, маркетингке және қаржылық басқаруға арнайы тәсілдерді талап етеді. Әрине, біз адам капиталын дамытуға, қызметкерлерді дамытуға, мансап аяқталғаннан кейін әлемдегі шахматты дамытуды жалғастыра алатын талантты шахматшыларды іздеуге инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Әрине, барлық индикаторлар нақты көрсеткіштер мен статистикада көрініс табуы керек, және бізде мақсаттарды жүзеге асырудың айқын кестесі бар, нәтижелерге қол жеткізу үшін қандай ресурстар қажет және ең бастысы, жұмыс істеуге деген ұмтылыс бар», – дейді саясаткер..

Әртүрлі елдерде көптеген шахмат мектептерінің пайда болуы әлемдік шахмат алаңында бәсекелестіктің қарқынды өсуіне, соның нәтижесінде планетада талантты шахматшылардың жаңа ұрпағының пайда болуына себеп болды. Мына немесе ана елдің шахмат тәжін иеленуінің ешқандай кепілдігі жоқ деп айтуға да болады. Бәсекелесткі биполярлы бола бастады. Чемпионат үшін күрес әдетте 10-15 ойыншы арасында болады және Дворковичтің айтуынша, бұл – керемет көрсеткіш, өйткені мықты бәсекелестік қызығушылықты арттырады.

«Ресей де әлсіз бола бастаған жоқ», – дейді ФИДЕ басшысы, «Мықты шахматшылардың кез-келген тізімінде ресейлік өкілдер төрттен бір бөлігін алады. Қазақстандық шахматтың өсіп келе жатқаны анық, бұл, әрине, қазақстандық шахмат федерациясының жүйелі жұмысы, балалар шахматының дамуы мен кәсіпқой спортшыларды дайындайтын жұмысының нәтижесі. Біз мемлекетпен үнемі өзара әрекеттесуді, жекеменшік шахмат мектептерін және академияларды қолдауды байқаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстан федерациясы өзінің мақсаттарына қол жеткізу үшін жарты жолда. Дегенмен, сіз жасаған нәрселермен ешқашан шекетлмеуіңіз керек, өзіңіздің амбицияларыңызды шындыққа айналдыруға тырысып бағыңыз, себебі арман деген ешқашан бетпейді».

Ұлттық шахмат федерациясының жұмысының көрсеткіштерінің бірі ретінде 2019 жылы Қазақстан шахмат тарихында тұңғыш рет ФИДЕ комиссиясына бірден Қазақстанның 6 өкіліне қосылғанын айтуға болады. Бұл – АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орын. Аркадий Владимировичтің айтуынша, бұл – Қазақстандағы шахматты дамыту процестерін ұйымдастырудың сапасының көрсеткіші:

«Бұл жерде қазақстандық шахматшылардың нәтижесін атап өту керек. Жас жұлдыздар пайда болды, менің ойымша Қазақстан командасы алға қарай дами түсті. Нәтижелері де керемет, Қазақстан туының Олимпиада ойындарының соңғы кестелерінде  барған сайын жиі байқалуы – оған дәлел. Бұл – қазірдің өзінде шахматтық картадағы мықты бәсекелестік үшін маңызды прогресс. Қазақстан бұл жарыста көшбасшылардың бірі болуы – керемет жағдай».

ФИДЕ басшысы Қазақстандағы шахматтың жетістіктерінің жетекші факторларының бірі ретінде республикада шахмат академияларының дамуын атап өтті, елдегі сапалы білім беру мекемелері ең мықты шахматшыларды дайындайтын орта болып табылатынын басып айтты:

«Шахмат мектептеріне үнемі жаңа студенттерді апару, олардың арасындағы бәсекелестікті арттыру және ең бастысы, барынша сапалы мамандарды тарту қажет. Қазақстан қазір эксперименталды кезеңде тұр, бұл бағдарлама елдің барлық қалаларында, барлық мектептерінде орындалып жатқан жоқ. Дегенмен, алғашқы табыстар айқын. Әрине, Ресейде бүгінгі таңда жүз пайыздық қамту жоқ, әркімнің де ұмтылар тауы бар».

Аркадий Дворкович Қазақстанның жақын арада көптеген шахматтық бағдарламаларды енді дамыта бастаған көптеген елдер үшін үлгі бола алатынын айтты:

«Мен Жансая Әбдімәлік шахмат академиясында жүздеген балалар шахмат ойнағанын көргенде, күмәнім сейілді. Жақында Қазақстанның шахмат федерациясы Білім министрлігіне нақты ұсыныс бере алатынына және «Мектептегі шахмат» бағдарламасы мемлекеттік деңгейде қабылданатынына сенімдімін».

Бүгінгі таңда әлемде шахмат мектеп бағдарламасы ретінде білім беру мекемелерінің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылып, мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болған елдер баршылық. Армения, мысалы, мұндай нәтижелермен мақтана алады. Мектепте шахматтың жылдам дамуы Венгрияда, Скандинавия түбегі елдерінде және басқа мемлекеттерде де жүріп жатыр. Жалпы, балаларды тәрбиелеудің ажырамас бөлігі ретінде шахматты енгізудің маңыздылығын түсіну жаһандық сипатқа ие.

«Негіздері мен теориясын оқу кезеңінде бұл анық көрунбеуі мүмкін, бірақ шахмат болашақ кәсіби қызметіне қарамастан, кез-келген балаға пайдалы, ал балалар мұны уақыт өте келе міндетті түрде түсінеді. Кішкентай кезінде көптеген балалар сүйікті пәні ретінде шахматты атайды».

ФИДЕ басшысы шахматтың білім беру үдерісінің күнделікті бөлігі болған кезде, мектептердегі академиялық көрсеткіштердің деңгейі де арта түсетініне сенімді. «Шахматтың академиялық көрсеткіштерге тікелей әсер ететіні ғылыми түрде дәлелденген. Мұғалімдердің ақыл-парасатына осы фактордың маңыздылығы туралы, шахматқа ойын ретінде емес, білім беру сапасын арттыру құралы ретінде қалыптастыру туралы түсінікті енгізу қажет. Ойлау жылдамдығы, стратегиялық көзқарас, жады – бұл шахмат беретін негізгі дағдылар, және оның нәтижесі ата-аналар мен мұғалімдер үшін тез-ақ байқалары анық. Бұл біздің тарапымыздан маңызды жаттығу бағдарламасын дайындауды талап етеді, және қазір біз бұл мәселеге көп көңіл бөлудеміз».

Сөз соңында, ФИДЕ президенті Санкт-Петербургтағы әлем чемпионатында танысқан Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәліктің жетістіктері туралы оң пікір айтты.

«Мен шахматты кез-келген жерде, кез-келген уақытта ойнауға дайынмын. Тағы бір нәрсе – адам өз мүмкіндіктерін және күш-жігерін объективті бағалай білу қажет. Әрине, мен гроссмейстер, тіпті халықаралық шебер деңгейінде де ойнай алмаймын, бірақ кейде салыстырмалы түрде күшті ойыншыларға қарсы ойынның маңызды бөлігінде төтеп бере аламын. Мен шахматты жақсы көремін және кез-келген шахматшымен, әсіресе, Қазақстан құрамасынан ойнауға қуаныштымын».

Бұл Аркадий Дворковичтің Алматыға халықаралық шахмат федерациясының президенті ретіндегі алғашқы сапары еді. Әңгіменің соңында ол әрдайым оңтүстік астанаға келуге бақытты екенін мойындады және жақында Қазақстан шахмат федерациясының даму жоспарларын талқылау үшін Қазақстанға қайтадан келетініне сенім білдірді.

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ТАНЫМАЛ АРМЯН ШАХМАТШЫСЫ БОЛДЫ

Бүгін Алматыда Қазақстан шахмат федерациясы еліміздің ұлттық құрамаларының жаттықтырушыларының конкурстық іріктеуін аяқтады. Алдымыздағы екі жыл бойы Әнуар Исмағамбетов, Павел Коцур және Арман Пашикян ұлттық құрамалар жаттықтырушылары болмақ.

Гроссмейстер Арман Пашикян Қазақстан әйелдер құрамасын басқарады. Ол ерлер құрамасының жаттықтырушысы ретінде жақсы қызмет атқарған танымал армяндық шахматшы. Армения оның басшылығымен әлемдік шахмат алаңында керемет нәтижелер көрсете алды. Оның шәкірттерінің арасында Левон Аронян (рейтингі 2767) бар еді. Ол  көптеген жарыстардың жеңімпазы, әлем чемпионы атағына үміткерлердің бірі және екі дүркін әлем кубогінің иегері.

«Мен қазақстандық әріптестерімнің маған сенім артқанына ризашылығымды білдіремін», – деді А.Пашикян. «Бұл наурыз айында Астанада өтетін әлем чемпионатының қарсаңында үлкен жауапкершілікті талап етеді, бірақ бұл жауапкершілік маған жұмысқа деген қосымша ынта береді».

Әнуар Исмағамбетов жастар құрамасының жаттықтырушысы ретінде өз жұмысын жалғастырады. Өткен жылы оның ойыншылары соңғы екі жылда әлем чемпионаттарынан, Азиядан және басқа да халықаралық жарыстардан 30-дан астам медаль алып, керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстандық ерлер командасын Павел Коцур басқарады.

Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенконың айтуынша, «Конкурстық іріктеу 10 үміткердің арасында өтті, бұл – Пашикян мырзаға қазақстандық шахматшылармен ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибесі. Ол өз командасын шахмат әлеміндегі беделді халықаралық турнирлердің жеңімпаздары арасында бірнеше рет шығара алған ойыншы-жаттықтырушысы.

Бүгін Астанадағы Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын Қазақстан Республикасының шахмат командаларының құрамы бекітілді. Ерлер құрамасына Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев пен Питер Костенко кірді. Әйелдер құрамасына Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова және Мадина Давлетбаева енді.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама жаттықтырушыларды конкурстық негізде іріктеуді Қазақстан федерациясы 2017 жылы енгізді.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қор.

АСТАНАДА ШАХМАТТАН КОМАНДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫ БОЛЫП ӨТЕДІ

Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінің ең үздік құрамалары қатысатын классикалық шахматтан Командалық Әлем чемпионаты басталады. Тарихта мұндай іс-шара Қазақстанда алғашқы рет өтеді.          

Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Мысыр,  Ресей,  Польша,  Ұлыбритания, Үндістан,  Украина, Грузия,  Венгрия, Армения елдерінен және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды –   10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.  Командалық есепте Әлем чемпионы атағы – бөлек түрде, ерлер және әйелдер командаларына беріледі

Қазақстан құрамасы еліміздің ең мықты шахматшыларымен таныстырылады: Жансая Әбдүмәлік, Динара Сәдуақасова,  Гүлісхан Нахбаева,  Гульмира Даулетова, Мадина Давлетбаева, Ринат Джумабаев, Муртас Кажгалеевпен,  Ануар Исмагамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко.

«Турнир иелері болу және мықтылардың мықтыларымен күресу –  жағымды, – деп, Қазақстан ерлер құрамасының лидері Ринат Джумабаев шындығымен бөлісті,  – Айтадығой,  үйде қабырғалар да қолдайды  деп.  Біздің құрама барынша күреске дайын».

Астанада Әлем чемпионаты айналмалы жүйе бойынша 9 раундта өтеді.  Жалпы турнирде 100-ден астам спортшылар, төрешілер және қонақтар қатысады.  Сондай-ақ,  бұл күндері Астанада FIDE халықаралық шахмат  федерациясының  Президенттік кеңесі өтеді.

«Аталмыш Чемпионат шынымен де керемет оқиға болатыны анық, – деп, Қазақстан федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко сенімді, – біз өздерінің қабілеттерін дәлелдеген, әлемнің ең үздік құрамаларын қабылдайтын боламыз. Және де бұл іс-шараны өткізу абыройы дәл бізге берілгеніне біз шынайы құаныштымыз. Біздің қонақтар үшін біз сондай-ақ Қазақстанның астанасында саяхат жоспарладық».

Президенттік кеңестің мүшелері ретінде Астанаға – сэр Нейджел Шорт – аңызға айналған ағылшын шахматшысы, Юдит Полгар – рапидте Карповты,  Каспаровты,  Ананданы және Карлсенді жеңіп шыға алған жалғыз әйел супергроссмейстері сияқты әлем шахматының жұлдыздары келеді. Сондай-ақ, гроссмейстерлер –  Фабиано Каруанның және Сергей Карякинның келуі күтілуде.

Командалық әлем чемпионаты әдеттегідей әр екі жыл сайын 1985 жылдан бері өткізіліп келеді.  Ерлер арасындағы қазіргі жеңімпаз –  Қытай құрамасы,  әйелдер арасында –  Ресей.

Чемпионат туралы толығырақ  (ереже, өтінім нысаналары, тіркелу, аккредиттеу және орналастыру)

Чемпионаттың бас демеушісі — «Eurasian Resources Group» компаниялар тобы

Чемпионат серіктесі — «Астана» халықаралық қаржы орталығы.

Жақын арада бұл парақшада Астана қаласында өтетін Командалық Әлем Чемпионатының барлық іс-шараларына қатысты ақпараттар көрсетілетін жеке сайт орналастырылады. Сайттың іске түсірілгені туралы жеке хабарландыру жарияланады.