ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА ЖЕТІНШІ МӘРТЕ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

Алматыда әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, онда 9 раундтан кейін гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева жетінші рет ел чемпионы атанды. Вице-чемпион атағына Гүлмира Дәулетова ие болып, Мадина Дәулетбаева қола жүлде иегері атанды. Ел чемпионы атағы үшін күресте және жүлде қорына 2,5 млн теңге бөлінген жарыста Республиканың 10 шахматшысы қатысты.

ФОТО

“Командалық әлем чемпионатынан кейін республикалық біріншілік – күрделі турнир емес. Алайда, бұл үлкен жаңылыс. Менің барлық қарсыластарым-мықты шахматшылар. Бірақ, мен барынша күш салып, жеңіске жетемін”– дейді Гүлісхан.

Қазақстан чемпионы 600 000 тг. ақшалай сыйлықтан бөлек, жеке Азия чемпионаты мен аймақтық турнирде елден ресми қатысушы болу құқығын алады. Турнир қорытындысы бойынша 4-тен 10-ға дейінгі орындар сәйкесінше: Әсел Серікбай, Зейнеп Сұлтанбек, Альфия Насыбулина, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова, Елена Анкудинова және Аружан Шаукенге бұйырды.

“Біздің чемпионымыз қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, ҚазКСР-ның 11 дүркін чемпионы Аида Мүслімованың рекордын көтермекші”, – дейді Қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Әйелдер финалы ФИДЕ рейтингін есептеумен 9 раундта айналмалы жүйе бойынша өтті. Чемпионатқа өткен жылғы финалдың жүлдегерлері, ағымдағы жылдың жартылай финалының жүлдегерлері, сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшелері қатысты.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін рапид және блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионатына өтініш қабылдау аяқталды. Турнир 1 мамыр күні Алматы қаласындағы «Алматы» қонақ үйі аумағында болады.

Оған ЭЛО рейтингі бойынша және одан жоғары тұрған спортшылар қатысып, 350 000 тг жүлде қорына таласа алады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Жылдам шахматтан партиялар 1 және 2 мамырда, ал блиц-турнир 3 мамырда өтетін болады. Шахматтың әр түрі бойынша алғашқы үш орын иелері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Чемпионат туралы толығырақ
Турнир регламентін жүктеп алу

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

 

ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 8 МЕДАЛЬҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық шахматшылар Түркияда өткен мектеп оқушылары арасынданан Әлем чемпионатынан елге 3 алтын, 2 күміс және 3 қола ала келді. Турнирге әлемнің 33 елінен жалпы саны 392 шахматшы қатысқан болатын.

Классикалық шахматтың тоғыз турынан кейін Ханзада Аманжол, Елназ Қалиахмет және Нұрғали Назерке тиісінше 7, 9 және 15 жас категорияларында алтынға қол жеткізді. Әлішер Абдсаттар мен Эдгар Мамедов тиісінше 7 жасқа дейін және 9 жасқа дейін категорияларында күміс жүлдені қанжығалады. Раяна Жұмағали Дінмұхамед Түлендинов 9 жасқа дейінгі категорияда және Айша Зәкірова 11 жасқа дейінгі категорияда қола жүлдені иемденді.

«Біздің мектеп оқышулары керемет жетістікке қол жеткізді, — дейді Қазақстан шахмат федерациясы делегациясының басшысы Флюра Хасанова, –  Өткен жылғы оқышулар арасындағы Әлем чемпионатында біздің балалар 6 медальға ие болса,  биыл 8 медальмен оралдық».

Аталмыш чемпионаттың қазақстандық жүлдегерлері келесі жылғы оқушылар арасындағы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

«Мектеп оқушылары арасындағы Әлем чемпионатындағы тамаша жетістігіміз біздің елдегі шахматтық мәдениеттің дамып келе жатқанын көрсетеді, – дейді зор сеніммен Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Біз орта мектептердің жүйесіне енгізіп жатқан «Мектептердегі шахмат» жобасы да біздің тенденциямызды күшейте түседі».

Оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты жыл сайын әлемнің барлық орта білім беру мекемелерінің үздік ойыншыларын бір жерге жинайды. Биыл турнир түріктің Лара қаласында өтті. Оған 7-15 жас аралығындағы спортшылар қатысты.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

ӨТІНІШТЕР 30 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ

Айта кетейік, рапид пен блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионатына қатысу үшін өтініштерді 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін төмендегі электронды адреске жіберу керек: office@kazchess.kz

Қатысушылар саны 40 адамға дейін шектелген, 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін рейтингте жоғары тұрған спортшылардың мүмкіндігі көбірек болады.

1 мамыр күні Алматыда рапид пен блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты басталды. Оған ЭЛО рейтингі бойынша және одан жоғары тұрған спортшылар қатысып, 350 000 тг жүлде қорына таласа алады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Жылдам шахматтан партиялар 1 және 2 мамырда, ал блиц-турнир 3 мамырда өтетін болады. Шахматтың әр түрі бойынша алғашқы үш орын иелері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Чемпионат туралы толығырақ
Турнир регламентін жүктеп алу

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

 

ALMATY MARATHON 2019 ІС-ШАРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ

Өткен демалыс күндері Алматыда Almaty Marathon 2019 іс-шарасы қарсаңында Қазақстан шахмат федерациясы барлық тілек білдірушілер үшін шахмат фестивалі өткізді.

19-20 СӘУІР – ALMATY MARATHON АЯСЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ (ФОТО)

21 СӘУІР – БАРЛЫҚ ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БЛИЦ-ТУРНИР (ФОТО)

19 және 20 сәуірде Алматы марафоны алдындағы жәрмеңкеде «Велошах» партиясы өтті. Оған стационарлық велосипедте динамикалық жаттығу кезінде интеллектуалды ойында күш сынасуға тілек білдірушілер қатысты.

Гроссмейстерлер Рустам Хуснутдинов пен Арсен Егизарянмен бір уақытта ойнау, Аян Ахметованың шеберлік сыныбы, Асылхан Қараев пен Станислав Зыбиннің шахматтық мәселелерін шешуге арналған жарыстары ондаған шахмат жанкүйерлерін бір ортаға жинады. Жәрмеңке қонақтары танымал шахматшылармен ойнап, ойын тактикасы туралы құнды кеңестер алды.

Келесі күні, 21 сәуірде, Алматы марафонының басталу аумағында барлық қатысушылар үшін блиц турнирі өтті. Жарыстан кейінгі шаршаңқы халіне және бұлтты ауа-райына қарамастан, шахмат шеберлігімен күш сынасуға дайын адамдар көп болды.

Жас шектеуі жоқ ойын интеллектуалды шайқаста өте жас оқушылар мен тәжірибелі ардагерлерге біріктіре алды. Жүлделер әртүрлі жас өкілдеріне де таратылады.

Ойыннан кейін зияткерлік спорт әуесқойлары уақытша шахмат аквагримінің моделіне айналды.

СТУДЕНТТІК КОМАНДАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

КИМЭП Университетінің аумағында қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында өткен шахмат турнирі аяқталды. Алғашқы екі орынды ХАТУ Университетінің командалары иеленді, Энергетика және байланыс университеті қола жүлдені алды, Аграрлық академияның артынан төртінші орынға ие болса, бесінші орын КИМЭП-ке бұйырды.

Сондай-ақ, байқаудың жеке қорытындысы шығарылды. Алғашқы тақтада Тұран университетінің студенті Қасым Дияр 7 ұпайдың 7-уін жинап, үздік нәтиже көрсетті. ХАТУ-1 командасының өкілі Ахметов Аян 6,5 балл, Аграрлық Университеттің студенті Ахатханов Тілемберді 6 ұпай жинады.

Екінші тақтаның нәтижелері мынадай болды. Мезенцев Иван (ХАТУ-1) 6,5 ұпай жинады. Энергетика университетінің студенті Бақыт Ерсайын 6 ұпай, ҚНУ студенті Сапарбаева Ситора да 6 ұпай жинады.

Үшінші тақтада ХАТУ-2 құрамасының өкілі Қамбаев Бахытжан 6,5 ұпай, АЛМАУ студенті Хамит Дәулет 6 ұпай, ХАТУ-1 комнадасының мүшесі Насыбуллина Альфия 5,5 ұпайға ие болды.

Төртінші тақтада КИМЭП-тен Евгений Маринушкина 7 балл, Муратова Анель (ХАТУ-1) 6,5 ұпай, Қозыбаева Алиса (ХАТУ-2) 6,5 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі медальдар мен кубоктар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды.

Толығырақ

22 ШАХМАТШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ҚАТЫСАДЫ

21 сәуірде Алматыда шахматтан Қазақстан Чемпионатының финалы басталады. Елдегі ең күшті 22 шахматшы 5 миллион тенгелік жүлде қоры үшін бақ сынасады. Қазақстан Республикасының чемпиондары (ерлер мен әйелдерге бөлек) 600 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа қосымша Азия чемпионаттарында, Орталық Азия кубогы мен аймақтық турнирде Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болады.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

Финалда ұлттық құраманың мүшелері, өткен жылғы финалдың жеңімпаздары, 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жартылай финалының жеңімпаздары мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпиондары кездеседі. Қазақстандық шахмат федерациясының үміткерлері де олармен бәсекеге түседі», – деді Қазақстан бас бапкері Дастан Қапаев.

Финалға Мұртас Қажығалиев, Ануар Исмагамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко, Гүлісхан Нахбаева, Мадина Давлетбаева, Гүлмира Дәулетова, Әсел Серікбай және басқа да танымал отандық шахматшылар мен шахмат спортының жұлдыздары қатысады.

«Біз біздің турнирлерімізді жаңа гроссмейстерлер өсіп-өнетін шеберханаға айналдыруға тырысамыз», – дейді Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко. «Біз биылғы жылы чемпионаттың екеуі де халықаралық гроссмейстерлердің нормаларына сәйкес өткізілетін болады».

Ерлер финалы 11 кезеңнен тұрады және 2 мамырға дейін жалғасады, ал әйелдер финалы 9 раундтан тұрады және 29 сәуірде аяқталады. Турнир ФИДЕ рейтингісі бар дөңгелек жүйеде өткізіледі. Барлық финалисттерге кепілдік ақшалай сыйлықтар беріледі, алтын, күміс және қола медаль иегерлері де медальдар мен дипломдармен марапатталады. Бүгінгі таңда Қазақстан чемпиондары – Мұртас Қажығалиев пен Гүлісхан Нахбаева.

Қазақстандық шахмат федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.