ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ХАБАРЛАЙДЫ

8-18 жас аралығындағы балалар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатын өткізу туралы көптеген өтініштерге байланысты (5-19 қаңтар, 2020, Алматы) 1 және 2 разрядтары бар (жергілікті атқарушы орган берген расталған құжаттар негізінде) 8 және 10-ға дейінгі жас санаттары бойынша қосымша қатысушылар жіберіледі.

Posted in

20 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2020 ЖЫЛЫ ҮНДІСТАНДА ӨТЕДІ

20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы 2020 жылғы әлем чемпионаты Үндістанда өтеді. Турнир қаңтарда басталады деп күтілуде.

Қазақстан шахмат федерациясынан Әлем кубогының ресми қатысушысы болу үшін 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін kamilya.a@kazchess.kz мекен-жайы бойынша өтініш формасын жіберу керек. Іріктеудің негізгі критерийлері рейтинг, дәреже, сондай-ақ ұлттық және халықаралық жарыстардағы нәтижелер сияқты факторлардың жиынтығы болып табылады.

Осыдан кейін Қазақстан шахмат федерациясы чемпионаттың ресми қатысушылары ретінде 1 ұл және 1 қызды анықтайды.

Турнирге байланысты барлық шығындарды қатысушылардың өздері төлейді. ҚШФ-ның екі ресми қатысушысына ұйымдастырушылардан ақысыз қабылдау (тамақтану/қонақ үй) ұсынылады.

Анықтама:
2020 ж. 20 жасқа дейінгі Қазақстан Чемпионатының жеңімпаздары (16-26 наурыз, Атырау) 2021 жылғы 20 жас аралығындағы Әлем чемпионатына жолдама алады.

Динара Сәдуақасова әлемдегі ең мықты 10 шахматшының қатарында

 Қазақстанның танымал шахматшысы 2700chess.com онлайн рейтингі бойынша әлемнің ең мықты топ-10 шахматшылары қатарына кірді. Соның ішінде шахматтан он екінші әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костениюк пен блиц бойынша әлем чемпионы грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзені басып озды. 

Еске сала кетсек, жиырма үш жастағы Динара Сәдуақасова – Қазақстан әйелдер командасының көшбасшысы болып табылады. Сондай-ақ, астаналық шахматшы Азияның  2019 жылғы Чемпионы, беделді Grand Swiss турнирінің жеңімпазы және ЭЛО рейтингінде 2500 көрсеткішінен асып кеткен алғашқы қазақстандық шахматшы.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ШАХМАТТАН СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНАН АЛТЫНМЕН ОРАЛДЫ

Қазақстандық шахматшылар құрамасы 12-21 желтоқсан аралығында Италияда өткен XIX  Сурдлимпиадалық  ойындарында алтын медальды қанжығасына байлады. Он қызу кездесу нәтижесінде есту қабілеті нашар қазақстандық спортшылар 15 елден келген қатысушылар ішінде үздік атанды.

«Біздің шахматшылар Моңғолия, Хорватия, Болгария, Италия спортшыларын басып озды, Ресей, Польша, Германия, Өзбекстан және Беларусь құрамаларымен тең ойын көрсетті. Біздің құраманың атынан спортшыларымызға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан шахмат федерациясына алғысымды білдіргім келеді» – деп қазақстандық есту қабілеті нашар жандар шахмат федерациясының президенті Максим Рожков атап өтті.

Сурдлимпиадалық  чемпиондар құрамы: Самажан Кеттебеков, Виктор Максименко, Амангелді Наурызғалиев, Берік Нұрымов, Дмитрий Мочалский сынды спортшылардан тұрды. Команда капитаны – Максим Рожков. Бапкерлер құрамы: Сергей Ким, Елдос Күзербаев.

«Есту қабілеті нашар қазақстандық шахматшылар өздерінің талпыныстарымен, табандылықтарымен және керемет нәтижелерімен бізді әрқашан  қуантып келеді, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – біз екінші жыл қатарынан елімізде есту қабілеті нашар жандар  үшін халықаралық және республикалық турнирлер өткізіп келеміз. Біздің құраманың өз еліміздегі сайыстарда шыңдалып, Олимпиадада тамаша нәтиже көрсеткеніне өте қуаныштымыз».

Есту қабілеті бұзылған спортшыларға арналған Сурдлимпиадалық ойындар шеңберіндегі Шахмат Олимпиадасы 12-21 желтоқсан аралығында Италияның Вальтеллина және Валкьявенна қалаларында өтті. Жарысқа шайбалы хоккей, шаңғы, сноуборд және басқа да қысқы спорт түрлерінен бақ сынаған 34 елден 506-дан астам спортшы қатысты.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры мен «Алматы Марафонының» негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  аясында жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

ҚШФ ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ финалы аяқталды

Балалар арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасы кубогының финалы аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызу тартыста ұлдар арасында бірінші орынды Сұлтан Аманжол иеленді, күмісті Алан Петухов, ал қола медальді Тимур Кенбейлов алды.

Қыздар арасында Амина Қайырбекова бірінші орын, Лаура Әбділдаева екінші орын, Айша Ален үшінші орынға ие болды.

Жарысқа еліміздің тоғыз өңірінен: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай қалаларынан 20 жас шахматшы қатысты.

Әйелдер секциясының нәтижелері

Ерлер секциясының нәтижелері

ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА БІР МЕЗГІЛДЕ ОЙЫН СЕАНСЫН ӨТКІЗДІ

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Молдова Парламенттерінің депутаттарымен шахмат бойынша бір мезгілде ойын сеансын өткізді.


Атақты шахматшы 18 тақтада бір уақытта ойнады. Төрт парламентер тең ойын көрсетті, олардың бірі Молдова Парламентінің депутаты – Халықаралық гроссмейстер Виктор Бологан.


Сеанс қорытындысы бойынша бірнеше номинациялар жеңімпаздары анықталды. “Үздік ойын” номинациясы бойынша Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов, “Үздік қадам” номинациясы бойынша Владислав Косарев, “Жеңіске деген жігер” номинациясы бойынша Қуаныш Сұлтанов жеңімпаз атанды.


Сеанстан кейін Виктор Антонович Динараның Академиясының оқушыларына шеберлік сағатын өткізді. Балалар гроссмейстер жасаған бірнеше партияның талдауын бақылап, тактикалық әдістерді қарап, білімдерін одан әрі кеңейтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ

Динара Сәдуақасованың шахмат Академиясында классикалық шахмат бойынша Қазақстан Республикасы Балалар Кубогының финалы басталды.
Еліміздің барлық аймақтарынан 14 жасқа дейінгі 20 мықты ұлдар мен қыздар Қазақстан Кубогы үшін және 700 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін сайысқа түседі.

Турнир 2019 жылдың 17 желтоқсанына дейін Нұрсұлтан қаласында өтеді.

Толығырақ ТУРНИРЛЕР бөлімінде

Кубокқа қатысушылар туралы толығырақ:
Кубокқа қатысушылар анықталды
Кубок номинанттары анықталды

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан “Зияткер ұлт” 1 Республикалық турнирі аяқталды”.

Жеңіс үшін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері күресті.  Жарысқа 27 команда қатысты.


Бірінші орынды Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің құрамасы қанжығасына байлады. Екінші орынды Ұлттық Экономика Министрлігінің қызметкерлері иеленді. Қола Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің командасына бұйырды.


Сонымен қатар, турнирде жеке есеп бойынша жүлделер тағайындалды. Ерлер арасында үштікке төмендегі ойыншылар кірді:
1 орын – Серік Абдрахманов, “Әкімшілік ғимараттар дирекциясы” РМК қызметкері;
2 орын – Абданбеков Арман, Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің өкілі;
3 орын – Нушаруан Лесбекұлы, ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің қызметкері.

Әйелдер арасында жеке есеп бойынша:
1 орын – Алмагүл Тоғызбаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі;
2 орын – Марал Шәріпова, ҚР Қаржы министрлігі;
3 орын-Замира Бекмұратова, ҚР Қорғаныс министрлігі.


Турнирдің ұйымдастырушылары –  ҚР Спорт және Мәдениет Министрлігінің қолдауымен “Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы”, Қазақстан шахмат федерациясы, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры, “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы.

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ФИНАЛЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

12-19 желтоқсан аралығында (ойын күндері) 2019 жылы (14 желтоқсанда қосарланған турнир) Алматыда классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Кубогының финалы өтеді.

Ерлер арасындағы финал құрамына кіреді:

2019 жылдың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 4 қазақстандық шахматшы:
– Денис Махнев  (KAZ) – IM, 2476
– Петр Костенко (KAZ) – GM, 2467
– Әлібек Игамбергенов (KAZ) – СМ, 2410
– Ален Рахымжан (KAZ) – FM, 2354

Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша 4 шетелдік қатысушы:
– Максим Туров (RUS) – GM, 2574
– Кирилл Ступак (BLR) – GM, 2529
– Дмитрий Хегай – RUS) – IM, 2504
– Левон Бабуджян (ARM) – GM, 2466

2018 жылғы ерлер арасындағы ҚР Кубогы финалының 1 жеңімпазы:
– Арыстанбек Оразаев – (KAZ) – IM, 2433

Қазақстан шахмат Федерациясынан 1 номинант:
– Азамат Өтеғалиев  (KAZ) – IM, 2502

Әйелдер арасында финал құрамына кіретіндер:
2019 жылдың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 қатысушы:
– Гүлмира Дәулетова (KAZ) – WIM, 2250
– Ксения Балабаева (KAZ) – WFM, 2119
– Кристина Ким (KAZ) – WCM, 1975

Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша 4 шетелдік қатысушы:
– Нино Хомерики (GEO) – WGM, 2355
– Елена Томилова (RUS) – WGM, 2336
– Сопио Гветадзе ( GEO) – IM, 2301
– Мария Геворгян (ARM) – WGM, 2255

2018 жылғы әйелдер арасындағы ҚР Кубогы финалының 1 жеңімпазы:
– Мадина Дәулетбаева (KAZ – – WGM, 2238

Қазақстан шахмат федерациясының 2 номинанты.
– Гүлісхан Нахбаева – (KAZ) – IM, 2296
– Елена Анкудинова (KAZ) – WGM, 2093

Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Ерлер арасындағы ҚР Кубогы финалының жеңімпазы, егер ол ҚШФ мүшесі (спортшысы) болса, 2020 жылғы ерлер арасындағы ҚР чемпионатының финалына қатысуға жолдама алады.

Әйелдер арасындағы ҚР Кубогы финалының жеңімпазы, егер ол ҚШФ мүшесі (спортшысы) болса, 2020 жылғы әйелдер арасындағы ҚР чемпионатының финалына қатысуға жолдама алады.

ҚР ЕРЕСЕКТЕР КУБОГЫ ФИНАЛЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

ҚР ЕРЕСЕКТЕР КУБОГЫНЫҢ ЖАЛПЫ РЕГЛАМЕНТІ

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен «Алматы Марафон» негізін қалаушысы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АО.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

ҚШФ ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАХМАТТАН 18 жасқа дейінгі ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Алматыда 2020 жылдың 5-18 қаңтар аралығында классикалық шахмат: рапид және блиц бойынша 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

 

Чемпионатқа қалай қатысуға болатындығын  ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІНЕН оқыңыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер chessacademy.kz@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша қабылданады.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.

Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас категорияларындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпиондары  классикалық шахматтан ұлдар мен қыздар арасындағы 2020 жылғы Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алады.

Классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас категорияларындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері классикалық шахматтан ұлдар мен қыздар арасындағы 2020 жылғы Азия чемпионатына қатысуға жолдама алады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2014 ж. туған және одан кіші жас категорияларды қоспағанда) медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

2014 жылы туған және одан кіші категориядағы жарыс жеңімпаздары медаль және дипломдармен марапатталады. Чемпионатты ұйымдастыру комитеті қосымша жүлделер тағайындау құқығын өзі қарастырады.

Турнирдің ресми жалпы жүлде қоры – 2 000 000 теңге.