ТАШКЕНТ ОПЕН 2020

2020 жылдың 21-30 сәуір аралығында Өзбекстан астанасында шахматтан халықаралық турнир: Өзбекстанның тұңғыш гроссмейстері – Г. Ағзамовтың мемориалы – Ташкент ОПЕН өтеді. 

Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 10 турда екі топта өткізіледі:
– “А” тобында (негізгі)
– “Б” тобында 1800-ден төмен рейтингі бар қатысушылар үшін

ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІ

18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ФОТО

Алматыда 18 жасқа дейінгі классикалық шахматтан Қазақстан Чемпионаты қорытындыланды. Классика бойынша үлкен жастағы санатта алматылық Рамазан Жалмаханов пен қызылордалық Әсел Серікбай жеңіске жетті, олар ақшалай сыйлықтан басқа, 2020 жылы балалар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева 16 жасқа дейінгі категорияда  шахматтың бірден үш түрінен жеңіске жетіп, турнирдің абсолютті чемпиондары атанды.

«Қарсыластар өте мықты болды, мен Алрами Алдабергенова мен Әсел Лесбекованы күміс жүлделерімен құттықтағым келеді. Оларға Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетулерін тілеймін, – дейді Әсел Серікбай, – сондай-ақ, біз Рамазан екеуміз былтыр да Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атандық. Биыл біз әлем чемпионатында жүлделі орындардан көрінуге тырысамыз».

 

 

 

 

 

 

 

 

16 жасқа дейінгі классика бойынша Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева жеңімпаз атанды. 14 жасқа дейінгі категорияда Алдияр Аңсат пен Алуа Нұрманова үздік атанды. 12 жасқа дейінгі категориядағы қорытынды кестені Алдияр Аңсат пен Зарина Нұрғалиева бастады. Эдгар Мамедов пен Елназ Қалиахмет 10 жасқа дейінгі категорияда жеңіске жетті. 8 жасқа дейінгі категорияда Әлішер Абдсаттар мен Ханзада Аманжол жеңіске жетті. Олар сонымен қатар өз категориялары бойынша әлем кубогында республиканың атынан шығатын болады. 6 жасқа дейінгі категорияда Эльсид Эльмурзиев пен Жансая Шолпанбек алтын жүлделерге ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Биыл Қазақстан Чемпионатына қатысқан жас шахматшылардың саны рекордқа жетті. Чемпион атағы үшін барлығы 872 спортшы бәйгеге түсті,  – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко – Біз Жансая Әбдумәлік шахмат  академиясына турнирді жоғары деңгейде өткізгені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ біздің серіктестерімізге – Shakhmardan Yessenov Foundation, «Тұран» университетіне және Hansa компаниясына зор алғыс айтамыз. Еліміздің әр аймағынан келген спортшылардың жеңімпаз атанып, шахмат спортында жаңа есімдердің пайда болуы ерекше қуантады.  Үш жылдан бері 6 жасқа дейінгі балалар республикалық біріншілікке қатысып келеді.  Бастапқыда бұл эксперимент ретінде жоспарланған болатын, ал қазір сенімімізді толықтай ақтады».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық чемпионатқа және ресми жүлде қоры 2 млн. теңге үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі жеті жас категориясы бойынша балалар әр өлкеден келді. Классикадан алтын және күміс медаль иелері 2020 жылғы Әлем және Азия чемпионаттарына жолдама алды.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен “Алматы марафон” негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.  

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі-  «Самрұқ Казына» ӘАҚ ҚБ.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ жартылай финалы 16-26 ақпан аралығында өтеді

Қазақстан шахмат федерациясы ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жартылай финалының өтетін мерзімі өзгергендігі туралы хабарлайды. 

Жартылай финал бұрын жоспарланған, яғни 2020 жылдың 6-16 ақпан күндерінің орнына 2020 жылдың 16-26 ақпан аралығында Ақтау қаласында өтеді. 

Ерлер арасындағы ҚРЧ ережесінің жобасы
Әйелдер арасындағы ҚРЧ ережесінің жобасы

Құрметпен, «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-нің баспасөз қызметі.

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ НАҒЫЗ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІНЕ АЙНАЛДЫ

Бұл күндері Алматыда өтіп жатқан балалар арасындағы Қазақстан Чемпионаты турнир қатысушылары мен қонақтары үшін нағыз шахмат фестиваліне айналды.

Шахматшылардың қызу ойындармен қатар, республика чемпионаты аясында турнир қатысушылары мен қонақтарына арналған бірнеше қызықты  іс-шаралар болып өтті.

 

Ал аты аңызға айналған гроссмейстер Мұртас Қажғалеев шахматтан шеберлік сабағын өткізді, ол турнирдің ең шұғыл сәттерін талдап, өз тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар өз хоббиіңнің тұтқыны болып қалмау туралы әңгімеледі.

 

Шахмат жанкүйерлері мен әуесқойлары ойындарды он-лайн режимінде  бақылап қана қоймай, шахмат тақтасында өз араларында  күштерін сынап көрді. Ата-аналар арасындағы турнир және грузин гроссмейстері Михаил Кекелидземен бір уақытта ойын сессиясы осылайша өтті.

Турнир күндерінің бірінде Жансая Абдумәліктің арнайы жүлделері үшін жаттықтырушылар арасында тірестер болды. Ол жарысты павлодарлық халықаралық шебер Константин Казаков жеңіп алды.

Жарыстың демалыс күндерінде турнир қатысушыларына биік таулы Медеу мұз айдынына, Республикалық ғылым академиясына және үш музейге барып, экскурсия жасау ұсынылды.

Ал 16 қаңтар Обсерваторияға бару жоспарланып отыр.

ТУРНИРЛЕР БӨЛІМІ

ТУРНИР СУРЕТТЕРІ 

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен “Алматы марафон” негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.  

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі-  «Самрұқ Казына» ӘАҚ ҚБ.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕРІК СӘПИЕВ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА КЕЛДІ

Алматыда 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. 6 жас санатындағы 872 шахматшы атағы мен жүлде қоры үшін 2 миллион теңге үшін күресуде.

 

Турнирге жақында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев келіп қатысты. Іссапар барысында Серік Жұманғалиұлы турнирдің деңгейіне жоғары баға беріп, елде шахматтың танымалдығы артуының оң тенденциясын айтып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Чемпионат 17 қаңтарға дейін жалғасады. Ақшалай сыйлықтар мен медальдар классикалық әр жас санатында алғашқы үш орынға, жедел және блицке бөлінеді. Сонымен қатар, классикка жеңімпаздары халықаралық чемпионаттарға жолдама алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осылай, классикадан 8-18 санаттарындағы турнирдің жеңімпаздары 2020 жылғы әлем чемпионатына қатыса алады, ал күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына жолдама алады.

ТУРНИРЛЕР БӨЛІМІНЕ

ТУРНИР СУРЕТТЕРІ

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-гі  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация съезінде – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры мен “Алматы марафон” негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының(президенті – А.В. Дворкович)  қолдауымен жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.  

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі-  «Самрұқ Казына» ӘАҚ ҚБ.

Әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

ҚШФ-ның ақпараттық серіктестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАҢА 2020 ШАХМАТ ЖЫЛЫ – ЖАҢА РЕКОРД

Алматыда бүгін 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Чемпионаты басталды.  6 түрлі жас санатындағы шахматшылар 2 млн теңге жүлде қоры үшін күреседі.

«18 жасқа дейінгі Қазақстан Чемпионаты елдегі ең ірі шахмат жарысы болмақ, солай-ақ чемпион атағын алу үшін 860 ойыншы күш санасады», – Қазақстан шахмат федерациясының Вице-президенті Еркин Исраилов дейді, – «Жаңа жылдың алғашқы турнирі жасөспірімдер арасында өтетіні қуантады – балалардың  шынайы күлкісі маусымның жақсы бастамасы екені сөзсіз».

Чемпионат 17 қаңтарға дейін жалғасады. Ақшалай сыйлықтар мен медальдар әрбір жас санатында классикалық, жылдам және блиц шахматтан  алғашқы үш орынға бөлінеді. Сонымен қатар, классика жеңімпаздары халықаралық чемпионаттарға жолдама алады.

«Классикалық шахматтан 8-18 жас санаттарындағы турнир жеңімпаздары 2020 жылғы Әлем Чемпионатына қатыса алады, ал күміс жүлдегерлер Азия Чемпионатына жолдама алады», – деп Қазақстан Шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко қорытындылады.

Ұлдар мен қыздар классикалық, жылдам және блиц ойындарына жиналды. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы құрылды. 2015 жылы Федерация құрылтайында Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры мен «Алматы Марафонының» негізін қалаушы Ғалымжан Есенов президент, ал Әсет Исекешев қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық бірлестік ФИДЕ Халықаралық шахмат федерациясының  (президенті – А.В. Дворкович)  аясында жұмыс істейді. Қазақстан шахмат федерациясының бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры. Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде  аккредиттелген.

ҚШФ ақпараттық серіктестері: