ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қазақстан шахмат федерациясы 2021 жылдың 24-26 наурыз аралығында Lichess.org ойын платформасында 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан 2021 жылғы Қазақстан Республикасының онлайн чемпионаты өтті.

27 наурызда ZOOM бейнеконференциясының жабылу рәсімі өтті, оған шахматтан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Капаев, Қазақстан шахмат федерациясы атқарушы директорының м.а. Ануар Исмағамбетов, сондай-ақ чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Жарыстың қорытынды нәтижелері:

8 жасқа дейінгі ұлдар тобында:

1 орын – Данис Қуандықұлы

2 орын – Талғат Раян

3 орын – Алидар Арын

 

8 жасқа дейінгі қыздар тобында:

1 орын – Жансая Шолпанбек

2 орын – Қазына Абылайқызы

3 орын – Анель Талғатова

 

10 жасқа дейінгі ұлдар тобында:

1 орын – Марк Смирнов

2 орын – Әлішер Әбдсаттар

3 орын – Максим Цой

 

10 жасқа дейінгі қыздар тобында:

1 орын – Райан Жұмағали

2 орын – Амина Ысқақова

3 орын – Айару Алтынбек

 

12 жасқа дейінгі ұлдар тобында:

1 орын – Сауат Нұрғалиев

2 орын – Сұлтанбейбарыс Думанұлы

3 орын – Ислам Айтен

 

12 жасқа дейінгі қыздар тобында:

1 орын – Зарина Нұрғалиева

2 орын – Елназ Қалиахмет

3 орын – Асия Асылхан

 

14 жасқа дейінгі ұлдар тобында:

1 орын – Даниял Сапенов

2 орын – Мадияр Алтынбекұлы

3 орын – Ерлан Тілеуханов

 

14 жасқа дейінгі қыздар тобында:

1 орын – Алуа Нурманова

2 орын – Айша Закирова

З орын – Мерейлім Заманбек

 

16 жасқа дейінгі ұлдар тобында:

1 орын – Сатбек Ахмединов

2 орын – Ораш Шоназаров

3 орын – Нұрдәулет Таңатов

 

16 жасқа дейінгі қыздар тобында:

1 орын – Ксения Балабаева

2 орын – Әмина Қайырбекова

3 орын – Кристина Попандопуло

 

18 жасқа дейінгі ұлдар тобында:

1 орын – Чингизхан Саржанов

2 орын – Қазыбек Ногребек

3 орын – Абильмансур Абдилхайыр

 

18 жасқа дейінгі қыздар тобында:

1 орын – Зейнеп Сұлтанбек

2 орын – Назерке Нұрғали

3 орын – Лаура Әбділдаева

Қазақстан шахмат федерациясы ұлдар мен қыздар арасындағы шахматтан 2021 жылғы Қазақстан Республикасының онлайн чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтайды. Жас шахматшыларға зор денсаулық, жаңа жарқын жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Жарысты ұйымдастырушылар – Қазақстан шахмат Федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті.

 

Бас серіктес – “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ

Серіктес – ” Eurasian Resources Group (ERG)

Серіктес – “Полиметалл” компаниясы

Серіктес – “Bank RBK” АҚ  

Серіктес – “Air Astana” әуе компаниясы

 

Серіктес – “Астана” халықаралық қаржы орталығы»

 

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан қ., 27 наурыз 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

Posted in

АНУАР ИСМАҒАМБЕТОВ ҚШФ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

“Қазақстандық шахмат федерациясы” РҚБ Президентінің 2021 жылғы 19 наурыздағы бұйрығымен, Ануар Мұхтарұлы Исмағамбетов Қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ануар Исмағамбетов – Нұр-сұлтан қаласының тумасы, үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр. 22 жасында Халықаралық гроссмейстер атанды, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасының шахмат бойынша ерлер құрамасының мүшесі және Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы болды.

Байланыс деректері

атқарушы директорының м. а.

Исмағамбетова А. М.

е-mail: anuar.is@kazchess.kz

Тел: +77015340199

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан Қ., 25 Наурыз 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

Posted in ,

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ЧЕМПИОНАТЫ 2021

Шахматтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты ел тарихында алғаш рет қашықтықтан онлайн форматта өтеді.

Қазақстандық шахмат федерациясы 2021 жылғы 24-26 наурыз аралығында 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтетінін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам жас шахматшылар қатысатын жылдың ең басты оқиғасы болып табылады. Жарыс Lichess.org ойын алаңында өтеді, ал қатысушылардың бақылау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асады. Бақылау уақыты 15 минут + 10 секунд (әр жүріс үшін, бірінші жүрістен бастап) уақыты беріледі. “Алаяқтықпен” күресу үшін (турнирге қатысушылардың компьютерлік бағдарламаларды немесе үшінші тарап кеңестерін қолдануы) турнирге Античитерлік комиссиясы қатысады және Fair Play Panel античитерлік бағдарламасы қолданылады.

Онлайн Чемпионат партияларының тікелей көрсетілімі Қазақстан шахмат Федерациясының Youtube арнасында қолжетімді болады, жарыстың комментаторы – танымал халықаралық гроссмейстер Муртас Кажгалеев. Трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/Siy7V4XHobU

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз-спортшылардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйлық белгіленген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрайды.

“Қазақстан чемпионаты еліміздегі ең маңызды шахмат оқиғасы болып табылады. Алдағы Чемпионаттың барлық қатысушылары өз аймақтарында мұқият іріктеуден өтті. Әр санаттағы алтын медаль иегерлері онлайн Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады”, – деп хабарлайды Қазақстан шахмат Федерациясының Президенті Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов.

ҚР чемпионаты туралы толығырақ мына сілтеме бойынша қараңыз: https://kazchess.kz/zayavki/

Регламент: Жүктеу

Жарысты ұйымдастырушылар – Қазақстан шахмат Федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті.

 

Бас серіктес – “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ

Серіктес – ” Eurasian Resources Group (ERG)

Серіктес – “Полиметалл” компаниясы

Серіктес – “Bank RBK” АҚ  

Серіктес – “Air Astana” әуе компаниясы

 

Серіктес – “Астана” халықаралық қаржы орталығы»

 

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан қ., 23 наурыз 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

Posted in ,

(Русский) ҚШФ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ НАУРЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

 

Құрметті достар,

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз жаңа жылдың бастауы, түн мен күннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осы мереке – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы.

Әр шаңыраққа денсаулық пен бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізге ниетпен, Бейбіт Атамқұлов

——

Уважаемые друзья,

От всей души поздравляю всех с замечательным весенним праздником Наурыз!

Наурыз – начало нового года, равноденствия ночи и дня. Этот глубоко укоренившийся праздник – символ начала обновления и созидания, источник удачи и процветания.

Желаю всем крепкого здоровья и благополучия, творческих успехов в работе и во всех начинаниях. Пусть один из самых светлых праздников принесет каждой семье счастье и процветания!

С уважением, Бейбут Атамкулов

 

Posted in ,