БИБИСАРА АСАУБАЕВА WOMEN`S SPEED CHESS CHAMPIONSHIP ЖАРЫСЫНА БІЛІКТІЛІК АЛДЫ

Қазақстан шахмат Федерациясы, қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Бибисара Асаубаева осы жылғы басты онлайн турнирге – Жылдамдық  шахматы бойынша 2021 жылғы әйелдер чемпионатына (Women’s Speed Chess Championship) біліктілік алғаны туралы хабарлайды.

Жылдамдық шахматы бойынша 2021 жылғы әйелдер чемпионаты – ол атақты шахматшылардың онлайн – жарысы. Іріктеу турнирлері 2021 жылғы 28 мамырдан бастап 6 маусымға дейін өтеді, ал басты оқиға 2021 жылғы 10 маусымнан 3 шілдеге дейін болады. Чемпионаттың жүлде қоры  66 000 АҚШ долларын құрайды.

IM Бибисара Асаубаева өзінің қайсарлығы мен жігерінің арқасында үшінші ұмтылыста біліктілікке ие бола алды. Бұрын ол жартылай финалға дейін І біліктілікке де, сондай-ақ ІІ біліктілікке жете алған, бірақ плей-оффтен әрі қарай жылжи алмаған болатын.

Әрбір іріктеу турнирі 21 айналымнан (уақытты бақылау 1 + 1) тұратын швейцарлық жүйе  бойынша жарыстан және сегіз жеңімпаз үшін «швейцарлықтан» кейін бірден басталатын нокауттан тұрады. Келесі біліктілік жарыстары осы бейсенбі күні, 2021 жылғы 3 маусымда басталады.

Чемпионаттың өзі 16 қатысушы үшін нокаут форматында өтеді. Сонымен сегіз іріктелген шахматшыларға сегіз шақырылған ойыншылар: GM Хампи Конеру (Үндістан), GM Александра Костенюк (Ресей), GM Антоанета Стефанова (Болгария), GM Анна Музычук (Украина), GM Ирина Круш (АҚШ), GM Катерина Лагно (Ресей), GM Лэй Тинцзе (Қытай) қосылады.

Жанкүйерлер жылдамдық шахматы бойынша ФИДЕ әйелдер чемпионатын, Chess.com/TV және Twitch Chess.com. арнасындағы сарапшылардың түсіндірмесі бар тікелей көрсетілімді қарай отырып,  бақылай алады. Толығырақ ақпарат пен жылдамдық шахматы бойынша  FIDE Chess.com  әйелдер чемпионатының толық кестесін мына сілтеме бойынша табуға болады: https://www.chess.com/article/view/2021-womens-speed-chess-championship-all-the-information#broadcast

 

Posted in

«THE QUEENS’ FESTIVAL» ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ

Қазақстан шахмат федерациясы 2021 жылдың 11 маусымда «The Queens’ Festival» әйелдер арасындағы жаһандық онлайн-шахмат фестивалі басталатынын хабарлайды. Оның шеңберінде әйелдердің шахмат бойынша континенталдық және жаһандық турнирлер мен білім беру іс-шаралары өткізіледі.

FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) Әйелдер шахмат комиссиясы мен FIDE іс-шаралар комиссиясымен бірлесіп, Азия шахмат федерациясы, Африка шахмат конфедерациясы, Еуропалық шахмат одағы және Америка шахмат конфедерациясының қолдауымен ұйымдастырылған бірегей, жан-жақты іс-шара, шахмат өмірінің барлық аспектілеріне әйелдерді қатыстыру және әлемде әйелдердің мықты шахмат қоғамдастығын дамытуды көздейді.

Netflix арнасының «Патшайымның гамбиті» (Queen`s Gambit) сериалының танымалдығы мен жетістігіне негізделген бұл іс-шара, дүниежүзіндегі әйел шахматшыларды, шахмат ойының ұйымдастырушыларды, төрешілерді, ықпал етушілерді, көшбасшыларды және түрлі деңгейлердегі шахматшыларды біріктіріп көтермелейді. Азия, Америка, Африка және Еуропа шахматшылары «Queen`s Finals» жеке және командалық финалға өту мүмкіндігі үшін алдымен онлайн блиц квалификациялық турнирде бақ сынайды.

Турнирге қатысуға өтініштерді 2021 жылдың 5 маусымына дейін Қазақстандық шахмат федерациясының office@kazchess.kz электронды мекен-жайына жіберуді сұраймыз.

Фестиваль аясында FIDE Басқарушы директоры Дана Рейзниеце-Озола, қазақстандық әйелдер гроссмейстері Динара Садуақасова және басқа да арнайы қонақтардың қатысуымен семинарлар мен түрлі іс-шаралар өтеді.

Толығырақ Қазақстан шахмат федерациясының сайтында: https://kazchess.kz/the_queens_festival_2021/.

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нур-Султан қ., 27 мамыр 2021 ж.

 

Posted in

БЕРІК АҚКӨЗОВ “ONLINE CHESS TRAINIG AWARD” ОНЛАЙН ШАХМАТ ОҚЫТУ СЫЙЛЫҒЫН ЖЕҢІП

Қазақстандық шахмат федерациясы Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жаттықтырушылар комиссиясымен бірге 2020 және 2021 жылдарға арналған 14-ші шахмат жаттықтырушысы марапаттарының жеңімпаздарын жариялағанын хабарлайды.  Дәстүр бойынша, марапат шахмат жаттықтырушылары мен шахмат кітаптарының авторларының жетістіктерін бағалайды.

Аккозов

Біздің жерлесіміз, Халықаралық ABCHESS шахмат мектебінің негізін қалаушы, шахматтан халықаралық  мастер Берік Ақкөзов шахматтан онлайн оқыту саласындағы инновациялық әзірлемелер үшін «Online Chess Training Award” онлайн шахмат оқыту сыйлығын жеңіп алғанын қуана хабарлаймыз.

ABCHESS халықаралық  шахмат мектебі шахматты кешенді және жан-жақты  тәсілдермен екі тілде оқытудың әлемдегі алғашқы қосымшаны іске қосты.  ABCHESS бағдарламасы – бұл ыңғайлы жерде және ыңғайлы уақытта оқу мүмкіндігі бар, бастаушыдан кәсіби шахматшыға дейінгі кезең-кезеңмен дамудың бірегей бағдарламасы.  Интернет қосымщасы  жүздеген бейне сабақтар мен мың жаттығуды қамтиды, сонымен қатар оқушының ақыл-ой және спорттық дағдыларының: логиканың, есте сақтаудың, зейін мен ойлау жылдамдығының дамуының статистикалық мәліметтерін ұсынады.

Қазақстандық шахмат федерациясы Берік Ақкөзовті және ABCHESS халықаралық мектебін құттықтайды және, шахмат спортының жаңа биіктерін бағындыруды тілейді.

Қазақстандық шахмат федерацисының баспасөз қызметі, Нұр-Султан қ., 11 мамыр 2021 ж.

Posted in ,