ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

Қазақстандық шахмат федерациясы 2021 жылдың 20 – 30 шілде айында 8, 10, 12, 14, 16,18 жасқа дейінгі жас категориялары бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы стандартты, рапид және блиц шахмат бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтетінін хабарлайды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге және жыл сайын 20 шілдеде атап өтелетін Халықаралық шахмат күніне арналған.

Іс шараның мақсаты – «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» брендін қалыптастыру, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру.

Қазақстанның шахмат спортының ең көп күтілетін іс-шарасы 2021 жылдың 20-30-шы шілдеде Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығының ғимаратында өтеді.

Турнир регламентіне сәйкес, классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі чемпиондары, классикалық ойындардан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға құқық алады.

2021 жылғы шахмат классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санаттарына дейінгі Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері, ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде (Кубок) ең көп алтын медаль жеңген аймақ делегациясына беріледі. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 880 000 теңге.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тек облыстардың/ республикалық маңызы бар қалалардың аға жаттықтырушыларынан (pdf және Excel кесте түрінде) келесі электрондық мекен-жайға жіберіледі: play@kazchess.kz

Регламент 

 Регламентке қосымша

ДӘМДІ ШЫМ-ҚАЛА  – ақпарат

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының мәдениеті және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетінің қолдауымен, Қазақстан шахмат федерациясы, Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар бөлімі, «Visit Shymkent» ақпарат орталығымен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Бас серіктес – ТОО «Black Rock business»

Серіктес – авиакомпания «Air Astana»

Серіктес – Международный финансовый центр «Астана»

Серіктес – АО “Группа Компаний Аллюр”

Серіктес – ТОО “СарыаркаАвтоПром”

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қ., 24 маусым 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

 

Posted in ,

ШАХМАТТАН ҚР БҰҚАРАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ АРАСЫНДА III КУБОГІ

Қазақстан шахмат федерациясы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін «Шахматтан Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары арасында III кубогі» атты шахматтан онлайн турнирге қатысуға шақырады.

Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылған шара, 2021 жылдың 27 маусымда Lichess.org ойын алаңында өтеді. Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ шығармашылықпен тікелей байланысты барлық операторлар (операторлар, фототілшілер, сценаристер, продюсерлер, дыбыс инженерлері және т.б.) қатыса алады.

Шахмат жарысы швейцариялық жүйе бойынша 7 немесе 9 раундта өтеді, уақытты бақылау әр жүріс үшін 10 минут + 2 секунд, біріншіден басталады. Турнир Zoom бейнеконференциясына қатысушылардың бақылауымен өткізіледі.

Турнирге тіркелу үшін 2021 жылдың 22 маусымына дейін play@kazchess.kz электронды мекен-жайына келесі ақпаратты жіберу керек:

– жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

– жұмыс орнынан анықтама;

– толтырылған өтініш.

Турнирге қатысу үшін:

а) lichess.org ойын платформасында ұйымға және қатысушының аты-жөніне сәйкес келетін ресми логин тіркелу қажет. Мысалы: компанияның (ұйымның) аты-жөні. Кіру келесі мысалға сәйкес жасалады: KazMedia_Serikov

б) Telegram чатына қосылыңыз – https://t.me/joinchat/v9WFYyuD1wphODky

в) осы чатта Клубқа кіру үшін сілтеме жіберіледі, мұнда сіз мүшелікке өтініш беруіңіз керек

г) турнир басталардан бір сағат бұрын Zoom қосылып, камераны монитор және ойыншы көрінетіндей етіп орнату қажет.

Жүлделер:

1 орын – Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 2 адамға арналған эконом-класс билеттері.

2 орын – Алматы-Тбилиси-Алматы бағыты бойынша 2 адамға арналған эконом класс билеттері.

3 орын – Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша 2 адамға арналған эконом-класс билеттері.

Әйелдер арасындағы ең жақсы нәтиже үшін сыйлық – бизнес-класс плед.

Ең әдемі ойын үшін сыйлық – ұшақ моделі сыйланады.

Толығырақ Қазақстан шахмат федерациясының сайтында: https://kazchess.kz/iii_kubok_smi_rk_po_shahmatam

Регламент 

Қосымша сұрақтар бойынша тел: +7 707 444 8189 (Шопанов Акжан Кенжетаевич)

Серіктес –  «Air Astana» авиакомпаниясы

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қ., 15 маусым 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

Posted in ,

ЖАНСАЯ АБДУМАЛИКТІҢ ТАҢҚАРАРЛЫҚ ЖЕТІСТІГІ

Қазақстан шахмат федерациясы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікті ең жоғары шахмат атағын – халықаралық ерлер гроссмейстері атағын орындауымен, сондай-ақ Гибралтарда өтетін «FIDE Women`s Grand Prix» (FIDE әйелдер гран-при сериясының қорытынды кезеңі) беделді шахмат турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетуімен қуана құттықтайды.

Әрине, бұл Қазақстан Республикасы үшін айтулы оқиға! 21 жастағы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында ерлер гроссмейстері атағына ие болған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ алғашқы Орталық Азия өкілі атанды.

Кеше, 2021 жылғы 31 мамырда ФИДЕ әйелдер Гран-приінің Гибралтар кезеңінің тоғызыншы турының қорытындысы бойынша алты сағаттық табанды күрестен кейін Жансая Әбдімәлік Ресейден келген халықаралық гроссмейстер Валентина Гунинамен өткізген партияда тамаша жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Жансая ерлер гроссмейстері атағын алу үшін рейтингке қойылатын талаптарды орындап, турнирдің аяқталуына екі тур қалғанда қалған шахматшылардан екі ұпайға оза түсті.

Бүгін, халықаралық гроссмейстер, блиц, рапид бойынша бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы ресейлік Екатерина Лагномен оныншы тур тең есеппен аяқталды, осылайша Жансая турнирдегі жеңісін алдын ала қамтамасыз етті.

 Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ережелеріне сәйкес ерлер халықаралық гроссмейстері атағына қол жеткізу үшін ХГ үш нормасын орындау және ELO FIDE рейтингінің 2500 пунктінен асып түсу қажет. 2018 жылы Жансая бұл атақты алу үшін барлық нормаларды орындады және Гибралтардағы ағымдағы FIDE Women`s Grand Prix жарыстарында 2500 пункттен асатын, көптен күткен рейтингке қол жеткізді.

Қазақстан шахмат Федерациясы Жансаяны, оның туыстарын және қазақстандық шахматтың барлық жанкүйерлерін шын жүректен құттықтайды! Болашақта оған тек жеңістер мен сәттілік тілейміз! Бұл жетістік шахматқа деген қызығушылықтың дамуына түрткі болады және қазақстандық шахматшылар шахмат Олимпінің шыңдарын одан әрі бағындырады деп үміттенеміз.

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қ., 1 маусым 2021 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

 

Posted in ,

ҚШФ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар, достар!

Казақстандық шахмат федерациясы Сіздерді 1 маусым “Халықаралық балаларды қорғау” күнімен құттықтайды! ⠀ ⠀

Жаздың алғашқы күнімен келетін бұл мереке, жас ұрпақтың құқығын қорғап, оларды бүгінгі күні мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретіде мерекелейді.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін!

Баршаңызға бейбіт аспан, мықты денсаулық, балаларға бақытты балалық шақ, таусылмас күлкі мен жоғары спорттық нәтижелер тілейміз! Ойлаған армандарына жетіп, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз! 

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 1 маусым 2021 ж.

 

Posted in