ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ

Қазақстан шахмат Федерациясы 2022 жылдың 19-30 наурыз аралығында Алматы облысының “Ak Bulak” тау-шаңғы курортында 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жас категориялары бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы стандартты, рапид және блиц шахмат бойынша Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Чемпионаты өтетінін хабарлайды. Чемпионаттың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды.

Чемпионат қатысушыларын көптеген спорттық ойын-сауық бағдарламасы күтеді, соның ішінде викториналар, гроссмейстерлер мен ҚР шеберлерінің бір мезгілде ойнау сеанстары.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде (Кубок) ең көп алтын медаль жеңген аймақ делегациясына беріледі. 

Турнир регламентіне сәйкес, классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі чемпиондары, классикалық ойындардан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға құқық алады.

2022 жылғы шахмат классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санаттарына дейінгі Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері, ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Жарысқа қатысуға өтінімдер қоса берілген іріктеу турнирлерінің кестелерімен немесе жаттықтырушылар кеңесінің шешімінің хаттамасымен 2022 жылғы 15 наурыз сағат 12:00-ден кешіктірмей shatranj.chess.almaty@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша қабылданады. Егер өтінім белгіленген мерзімнен кешігіп берілсе, спортшылардың жарысқа қатысуына кепілдік берілмейді.

Чемпионат ережелерін мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз:

Регламент

Регламентке қосымша

Ақпараттық брошюра

Жарыс Қазақстандық шахмат федерациясының, Алматы облысының шахмат федерациясының және “SHATRANJ” балалар-жасөспірімдер шахмат клубының (Алматы қ.) бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қ. 09 Ақпан 2022 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz

Posted in ,