Сеньорлар мен сеньориталар арасындағы классикалық шахматтан 2016 жылдың Қазақстан Республикасы Чемпионаты басталды

500-

Жарыс екі жас категориясы бойыша: ерлер мен әйелдер арасында 50 мен 65 жас арасы және 65 жастан үлкен қатысушылар арасында өтпек.
Қостанай қаласында 2016  жылдың 22 мен 30 маусым арасында сеньорлар мен сеньориталар арасындағы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді.
Чемпионат қорытындысы бойынша  1-орын алған қатысушы сеньорлар мен сеньориталар арасындағы класикалық шахматтан Әлем Чемпионатына, ал 2-орын алған қатысушы сеньорлар мен сеньориталар арасындағы классикалық шахматтан Азия Чемпионатына қатысуға жолдама алады.