ШАХМАТТАН СЕНЬОРЛАР АРАСЫНДАҒЫ 26-ШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

18.11.2016 ж. мен 01.12.2016 ж. аралығында Марианске-Лазне қаласында  (Чехия республикасы) 50+  және  65+  жас санатындағы ерлер мен әйелдер арасында шахматтан сеньорлар арасындағы  26-шы Әлем чемпионаты өтеді. Чемпионат швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрады.

Жеңімпаз «халықаралық гроссмейстер» атағын, Кубок пен алтын медальді, және 1200(евро) көлемінде жүлде қорын алады. 2-ші және 3-ші орынды иеленген ойыншылар сәйкесінше күміс және қола медальдармен марапатталып,   «халықаралық мастер» атағын алады.

Қазақстанның атынан  сайысқа әйелдер арасындағы «халықаралық гроссмейстер» әрі  2013 жылғы әлем чемпионы Анкудинова Елена және «халықаралық мастер», 2014 жылғы сеньорлар арасындағы Азия чемпионы Айтқазы Баймурзин қатыспақшы. Спортшыларымызға  сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат үшін: 
Ресми сайт: http://www.wscc2016.net
Турнир Директоры: Dr. Jan Mazuch
Байланыс телефоны: + 420 466 535 200, почтасы: office@wscc2016.net