ҚОСТАНАЙДА БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

4 – 12 маусым арасында Қостанайда шахматтан “Уфимцев Мемориалы” турнирі өтеді. Сайыс Қазақстан Кубогының2 кезеңі болып табылады. Жарысқа 10 мен 14 жасқа дейінгі 180-ге жуық жас шахматшылар қатыспақшы.

Олардың арасында Алматы мен Астана, Көкшетау және Павлодар, Екібастұз және Өскемен, Семей, Аягөз, Қостанай, Ақтөбе мен Қызылорда, Тараз және Қарағанды, Балқаш, Шымкент қалаларының өкілдері бар. Турнир аясында4  жарыс өтеді: жас санаттары бойынша (10 және 14 жасқа дейін), рейтингтік турнир және командалық. Балалар арасындағы Қазақстан Кубогы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ол 6 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы жылдың мамыр айында Қызылордада өткен болатын, ал үшінші кезеңі маусым айының соңында  Шымкентте өтеді.

Турнир кеңестік шахматшы және шахмат теоретигі, Анатолий Гаврилович Уфимцев естелігіне арналып ұйымдастырылған. Ол өмірінің көп бөлігін Қазақстанда өткізген, 94-жылдан бастап Қостанай қаласының құрметті азаматы, бірнеше рет шахматтан КСРО чемпионаттарына қатысқан. Қостанайда спортшыға мемориалдық тақта орнатылған Г. А. Уфимцев атындағы шахмат клубы бар.