ӨТІНІШТЕР 30 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ

Айта кетейік, рапид пен блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионатына қатысу үшін өтініштерді 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін төмендегі электронды адреске жіберу керек: office@kazchess.kz

Қатысушылар саны 40 адамға дейін шектелген, 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін рейтингте жоғары тұрған спортшылардың мүмкіндігі көбірек болады.

1 мамыр күні Алматыда рапид пен блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты басталды. Оған ЭЛО рейтингі бойынша және одан жоғары тұрған спортшылар қатысып, 350 000 тг жүлде қорына таласа алады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Жылдам шахматтан партиялар 1 және 2 мамырда, ал блиц-турнир 3 мамырда өтетін болады. Шахматтың әр түрі бойынша алғашқы үш орын иелері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Чемпионат туралы толығырақ
Турнир регламентін жүктеп алу

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.