40-ТАН АСТАМ МЕКТЕПКЕ ШАХМАТ САБАҒЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

«Шахмат мектептерде» бағдарламасын іске асыруға байланысты конкурста республиканың 40-қа жуық орта білім беру мекемелері жеңіске жетті. Енді бұл мектептерде 1 қыркүйектен бастап, Қазақстан шахмат федерациясының оқулықтарымен сабақтар басталады. Сонымен қатар, конкурс жүлдегерлері осы сабаққа арналған толық техникалық құрылғыларға ие болады.

«Қазақстан орта білім беру мекемелері арасында 1 наурыз бен 7 сәуір аралығында өткен «Шахмат мектептерде» бағдарламасын іске асыруға байланысты конкурс аяқталды. Қазақстан шахмат федерациясына жалпы саны 111 өтініш келіп түсті. Бір айдың ішінде сарапшылар кеңесі әрбір кандидатураны мұқият түрде талдады, – дейді жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова, – Конкурстың жүлде қорында ноутбуктер, колонкалар, МФУ, проекторлар, шахмат тақталары, фигуралары, сағаттары, және көрсетуге арналған материалдары болды. Сонымен қатар, мектептер оқуға арналған бағдарламаны және Қазақстан шахмат федерациясы орта мектеп оқушылары үшін  арнайы жасап шыққан методикалық кітаптарды алады.».

Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама Алматы, Павлодар, Қызылорда және Шымкенттегі 44 мектептерде іске асырылуда, ол мектептерде жалпы саны 2 мыңнан астам бала білім алады. Сонымен қатар, материалды жақсылап, түсіну үшін арнайы оқулық құралдары жасалып, 85 бапкер және 41 мектеп психологі арнайы даярлықтан өткен. 22 мектепте шахматтың балаларға бәсері туралы баға беріліп, бұл процесске 1700 жуық бастауыш сынып оқушылар қатысқан.

«Мектептегі шахмат – біздің федерация жұмысының басты бағыттарының бірі, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, – жаңа оқу жылы басталар алдында республика бойынша бағдарлама Қазақстанның 34 қаласы мен ауылдарындағы 84 мектепке енгізілетін болады. Бір қуантатытыны, конкурсқа елдің барлық аймақтары қамтылды. Мысалы, Павлодардан бізге 20 өтініш хат келіп түсті. Біз Оралдағы шахматтың тамаша дамуына және көп көңіл бөлінетініне қарамай, бұл аймақтан бір ғана мектеп қатысқанына аздап таң қалып қалдық. Аймақтардағы мектеп оқушылары әркезде халықаралық және республикалық турнирлердің жүлдегерлері болып жатады. Ал Батыс Қазақстан облыстық инновациялық-технологиялық университеті үлкендерге арнап, «Шахмат: теория және методология» пәнін енгізу туралы бағдарламаны бастап жатыр».

Конкурста жеңіске жеткен мектептер еліміздің 30 түрлі қалалары мен елдімекендерінде орналасқан, олардың қатарында: Көкшетау, Ақтөбе, Темір, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шу, Жезқазған, Қарағанды, Қарқаралы, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Екібастұз, Петропавл, Арыс қалалары, сонымен қатар: Балкашино, Күршім, Уварово, Құлан, Борсеңгір, Ақтоғай, Көктөбе, Чернорецк, Еңбекші, Еңбекту, Шамалған елді мекендері бар.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Sumruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.