ҚАЗАҚСТАН-ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ШАХМАТ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТӨРТТІГІНДЕ

Владимир Дворковичтің Кубогында рапидтің екі турнирлік күндері мен 9 турының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әлемнің он үздік жасөспірімдер командасы арасында жалпыкомандалық есепте 4 орын алды.  Алтынды Беларуссиядан келген жасөспірімдер, екінші орынды қытайлық шахматшылар иеленсе қола жүлде ресейлік командаға бұйырды.

“Турнир жоғары деңгейде өтті. Біз үшін сәтті турнирлердің бірі болды. 6 турда біз турнир фавориттерінің бірі – Ресей құрамасынан басым түстік”, – дейді шахмат бойынша Қазақстан балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

Қазақстан сондай-ақ Канада мен Қытайдың мықты командаларымен тең ойнады, Алжир мен Арменияны басып озды.

“Біздің мақсатымыз әлемдегі үздік бес команданың қатарына ену болды, ал шахматшыларымыз біз күткен нәтижеден асып кетті”, – дейді Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жасөспірімдер мен қыздар арасында шахматтан халықаралық командалық турнир – Владимир Дворковичтің Кубогы өтуде. Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің үздік командалары қатысып жатқан турнирдің жүлде қоры $16 000 және Кубок. Әр команда 4 спортшыдан тұрады-2 ұл және 2 қыз.

Қазақстан құрамасында келесі шахматшылармен өнер көрсетті: Рамазан Жалмаханов, Қазыбек Нөгербек, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова. Владимир Дворковичтің кубогы-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлемнің үздік құрамаларын дәстүрлі түрде анықтайтын жыл сайынғы шахмат турнирі.

Партнеры:

 

 

 

 

Информационные партнеры КФШ: