Cеньорлар мен сеньориталар арасындағы классикалық шахматтан 2016-жылдың Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды

Жеңімпаздар классикалық шахматтан Әлем және Азия чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады
DSC_0296 Сеньорлар мен сеньориталар арасындағы классикалық шахматтан 2016 жылдың Қазақстан Республикасы Чемпионаты Қостанай қаласында 41 спортшының басын біріктірді. Жарыс екі жас категориясы бойыша: ерлер мен әйелдер арасында 50 мен 65 жас арасы және 65 жастан үлкен қатысушылар арасында өтті.

Сайыстың қорытындысы бойынша 50 мен 65 жас аралығында әйелдер арасында чемпион болып Павлодар қаласынан Елена Анкудинова атанды. Екінші орынды Ақтөбелік Зайтуна Туралиева иеленді. 65 жастан үлкен қатысушылар категориясы бойынша әйелдер арасында Алматылық Надежда Искичекова бірінші орынды алды. Сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғыны Пану Абдикасова чемпионат қорытындысы бойынша осы санатта екінші болды.
DSC_039050 мен 65 жас аралығында ерлер арасында чемпион болып Айтқазы Баймурзин, ал вице-чемпион болып Сергей Линников танылды. Ерлер арасындағы классикалық шахматтан 65 жастан жоғары қатысушылары арасында Марат Прімбетов чемпион атанса, екінші орынды Азербек Молдағалиев иеленді.
DSC_0330Бірінші орын иегерлері Әлем Чемпионатына, ал екінші орын алған шахматшылар сеньорлар мен сеньориталар арасындағы классикалық шахматтан Азия Чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.