ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 8 МЕДАЛЬҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық шахматшылар Түркияда өткен мектеп оқушылары арасынданан Әлем чемпионатынан елге 3 алтын, 2 күміс және 3 қола ала келді. Турнирге әлемнің 33 елінен жалпы саны 392 шахматшы қатысқан болатын.

Классикалық шахматтың тоғыз турынан кейін Ханзада Аманжол, Елназ Қалиахмет және Нұрғали Назерке тиісінше 7, 9 және 15 жас категорияларында алтынға қол жеткізді. Әлішер Абдсаттар мен Эдгар Мамедов тиісінше 7 жасқа дейін және 9 жасқа дейін категорияларында күміс жүлдені қанжығалады. Раяна Жұмағали Дінмұхамед Түлендинов 9 жасқа дейінгі категорияда және Айша Зәкірова 11 жасқа дейінгі категорияда қола жүлдені иемденді.

«Біздің мектеп оқышулары керемет жетістікке қол жеткізді, — дейді Қазақстан шахмат федерациясы делегациясының басшысы Флюра Хасанова, –  Өткен жылғы оқышулар арасындағы Әлем чемпионатында біздің балалар 6 медальға ие болса,  биыл 8 медальмен оралдық».

Аталмыш чемпионаттың қазақстандық жүлдегерлері келесі жылғы оқушылар арасындағы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

«Мектеп оқушылары арасындағы Әлем чемпионатындағы тамаша жетістігіміз біздің елдегі шахматтық мәдениеттің дамып келе жатқанын көрсетеді, – дейді зор сеніммен Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Біз орта мектептердің жүйесіне енгізіп жатқан «Мектептердегі шахмат» жобасы да біздің тенденциямызды күшейте түседі».

Оқушылар арасындағы Әлем чемпионаты жыл сайын әлемнің барлық орта білім беру мекемелерінің үздік ойыншыларын бір жерге жинайды. Биыл турнир түріктің Лара қаласында өтті. Оған 7-15 жас аралығындағы спортшылар қатысты.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.