ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

Аяулы аналар, қымбатты арулар!
Қазақстан шахмат федерациясы сіздерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
“Арулар асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар.
Арулар-асыл жандар!
Арулар-асыл жарлар!
Арулар-әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады”.
                     (Мұқағали Мақатаев)