ӘМІРЛІКТЕРДЕН БЕС МЕДАЛЬМЕН

БАӘ-де өткен 25th Abu Dhabi International Chess Festival үлкен халықаралық турнирден құанышты хабарлар келді. Екі алтын, екі күміс және бір қола медальдар. Қазақстан шахматшылар командасының көрсеткен өнері дәл осындай. 

«С» (juniors) 8-ден 16 жасқа дейінгі  категорияларында 18 елден келген 184 спортшы ішінен 12 жасқа дейінгі категорияда алтын медальды Әлемнін және Азияның жеті жасар чемпионы  Дінмухаммед Түлендинов жеңді! Димаш шахматпен Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясында Грузиялық халықаралық гроссмейстер Александр Кашашвилиде шұғылданады.
– Турнир маған өте ұнады!  Қарсыластар өте мықты және де жастары меннен үлкен болды. Бірақ мен оған көңіл бөлмей, жақсы ойын көрсетуге арекет еттім. Үзілістер кезінде біз қыдырдық және де бұл көңілді шахматтан аударды. Ал сосын, мен жаңа күшпен ойын бастайтынмын,- деп Димаш Түлендинов айтып өтті.
8 жасқа дейінгі категорияда тағыда бір алтынды қазақстан командасының сандықшасына Алихан Хажатұлы акелді. Дәл осы жас категориясында қоланы әлемнің вице-чемпионы, Қазақстанда спорт шеберіне ең жас халықаралық үміткер Райан Жұмағали жеңді. Жеңген үш шахматшылардың барлығы Алматылық.
– Менің барлық қарсыластарымның жастары меннен үлкен еді, және де барлығы ұл-балалар еді. Сол себепті, әр-бір партия мен үшін қиын түсті. Ал бірақ, осы турнир арқасында мен жақсы тәжірибе жинадым және өзімнің нәтижеме ризамын, – деп өзінің алған әсерлерімен Райан Жұмағали бөлісті.

Юниорлар арасындағы турнирде Астаналық Қазыбек Умбетов көрнекті өнер көрсетті – күміс медаль.

ЭЛО рейтингі – 2200-ден жоғары болмаған әлемнің 34 елінің 230-дан аса спортшыларын жинаған «В» (опен) тобында,  Қазыбек тағыда бір күміс медальді жеңіп алды. Тек екі тең ойын және мүмкін болған 9 ұпайдан 8 ұпай. Дәл сонша ұпайды түркмен қызы – Джемаль Овездурдыева жинады, ал бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша күміс астаналық шахматшыға бұйырды.
Сомен қатар опен-турнирде Алматылық Арнаш Бауыржан да (сүретте сол жақта) жақсы өнер көрсетті. Жарыс нәтижелері бойынша, ол әйелдер арасында екінші орынды жеңіп алды. Арнаштың, Алихан Хажатұлының және Райан Жұмағалидің жаттықтырушысы – Шакей Бауыржан, және де ол Әлем чемпионы Айша Закированы да тәрбиелеген («Халықаралық кәсіби шахмат мектебі»).