Аэрофлот Опен 2016

1448340411_basn4560
Әйгілі фестиваль 1 -11 наурыз аралығында «Космос» мәскеу қонақүйінде өтеді. Жарыс бағдарламасы – 9 турдан тұратын швейцарлық жүйе бойынша үш топқа бөлініп өткізіледі. Жалпы ұтыс қоры -140 мың евроны құрайды.
«А» деп аталатын басты турнирге рейтинг көрсеткіші 2549-дан жоғары шахматшылар қатысады. Жарыс жеңімпазы Дортмунд қаласында өтетін мықты турнирге жолдама алады.
10 наурыз сағ 10.00 де блицтурнир өтеді.
Уақытты қадағалау: 1 сағ 40 минут 40 жүріске, содан сон 50 минут 20 жүріске және 15 минут партияның соңына дейін әр жүріс үшін 30 секундтан беріледі.
Ойын күндері: 1-9 наурыз аралығы.
Басталу уақыты: 15.00 де.

Турнирдің ресми веб-сайты: ruchess.ru