МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНАН БАСТАП СТРАТЕГ БОЛУ

Нұр-Сұлтан қаласында «Ақбозат» ұлттық мектеп лигасының классикалық шахматтан финалдық ойындары өтуде, онда алғашқы үш кезеңде ең жақсы нәтиже көрсеткен ең мықты оқушылар бақтары сынамақ.

«Шахмат тек спорттық ойын емес. Бұл – аналитикалық ойлау мен логиканы дамытудың ерекше құралы. Ойын барысында меңгерілген қабілеттер кез-келген мамандық иесінің өмірінде өте маңызды орынға ие», – дейді ҚР БжҒМ дене тәрбиесі мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мұстафаев Садық Шонмұрынұлы, – сондықтан бұл дағдыларды мектепте үйрету керек.

Турнирге мектептер арасындағы жарыстар, мектептер арасындағы аудан жарыстары және екінші кезең жеңімпаздары арасындағы облыстық жарыстардан тұратын 3 іріктеу кезеңнен өткен оқушылар қатысады. Турнир 5-8 сыныптар мен 9-11 сыныптар арасындағы екі жас топтар арасында өткізіледі. 1-4 сыныптары жас категориясында жалпы білім беру мектептерінің командаларының есептен тыс қатысады.

«Бүгінгі мектеп оқушылары – біздің еліміздің болашағы, біздің міндетіміз – мектептерде шахматты дамыту, себебі болашақта осы балалар жауапкершілікті талап ететін қызметтерде шұғыл шешім қабылдай алуы тиіс», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Гришченко.

Төртінші кезеңнің финалдық жарыстарында алғашқы үш орын алған командалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тиісті дәрежедегі кубоктарымен және дипломдарымен марапатталды. Ал 2005 жылға дейін туылған жас тобындағы жеңімпаз командалар Ресей Федерациясында өтетін «Ақ ладья 2019» халықаралық турниріне қатысу құқығына ие болады. Турнирге барып-келу Қазақстандық шахмат федерациясының демеушілігінің арқасында мүмкін болмақ.

5-8 сыныптар категориясында Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан келген 9 команда қатысуда. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Астана қаласы және Қарағанды облыстарының командалары көш бастап келеді.

9-11 сыныптар тобында Астана және Алматы қалалары, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарынан келген 9 команда қатысуда. Бірінші кезеңнің нәтижесінде Павлодар мен Маңғыстау облыстарының командалары алға шықты.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал әлеуметтік әріптесі – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» қоғамдық ұйымының бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-ағартушылық қоры.

Турнир туралы толығырақ