“ALMAU OPEN CUP 2022” ШАХМАТ ЖАРЫСЫ

Құрметті шахмат әуесқойлары!

2022 жылдың 7-8 мамырында Almau Management university (AlmaU) университетінде жыл сайынғы республикалық шахмат турнирі – AlmaU Open Cup өтеді. Қатысуға 10-12 сынып оқушылары және екінші және одан жоғары спорттық дәрежесі бар колледж түлектері шақырылады. Бұл жарыс шахмат ойынын дамыту мен мектеп пен колледж оқушылар арасындағы дарынды жастарды қолдау мақсатында өткізіледі.

Рапид турнирі швейцариялық жүйесі бойынша 9 турдан құралады. Уақытты басқару: әр ойыншыға партияның соңына дейін 15 минут + 5 секунд. Қатысушылар саны 100 адамға дейін шектелген.

Өтетін орны: “Алматы Менеджмент Университеті”, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227.

Тіркеуге арналған құжаттар тізімі:

⎯ шахмат екінші және одан жоғары спорттық разрядтың болуын растайтын құжат;

⎯ оқитын сыныбы көрсетілген мектеп / колледжден анықтама;

⎯ жеке куәлік / туу туралы куәліктің көшірмесі.

Тіркелу турнирдің ресми сайтында жүзеге асырылады: https://almau4u.kz/opencup2022

Жарыс ережесі:

Жарысты Қазақстандық шахмат федерациясы мен Жансая Әбдумәлік шахмат академиясының қолдауымен AlmaU университеті ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар байланыстары:

+7 776 707 17 16 Еркінин Надыркул, AlmaU

+7 778 646 66 64 Әлия, Жансая Әбдімәлік Шахмат академиясы

E-mail: ye.nadyrkul@almau.edu.kz a.ainaqulova@almau.edu.kz

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-сұлтан Қ., 06 сәуір 2022 ж. ҚШФ сайты: kazchess.kz