АРАЛБАЙ МАХАМБЕТОВ МЕМОРИАЛЫ

Қызылорда қаласында мамырдың 20-сы мен 26-ы аралығында «Аралбай Ізбасарұлы Махамбетов мемориалы» шахмат бойынша Қазақстан балалар кубогының 1-ші кезеңі өтеді. Барлық турнирлер ФИДЕ ережелері бойынша 9 айналымды швейцар жүйесімен өткізіледі.

«Аралбай Махамбетов мемориалы» 5 негізгі турнирден құралған:

  1. Блиц-турнир – ФИДЕ рейтингін есептеуімен (2 разрядтан төмен емес, жас бойынша шектеу жоқ),
  2. А турнирі – ФИДЕ рейтингін есептеуімен опен-турнир (1 разрядтан төмен емес, жас бойынша шектеу жоқ),
  3. В турнирі – Шахмат бойынша Қазақстан Республикасының 14 жасқа дейін балалар кубогының I кезеңі (3 разрядтан төмен емес),
  4. С турнирі – Шахмат бойынша Қазақстан Республикасының 10 жасқа дейін балалар кубогының I кезеңі (4 разрядтан төмен емес),
  5. D турнирі – командалық турнир.

А турнирі және блиц-турнирде кепілдендірілген жүлде қоры – 350 000 теңге бекітілген. Қосымша ақшалай және құнды сыйлықтар қарастырылған. Жүлделі орынды иемденген барлық қатысушылар медальдармен, дипломдармен марапатталады.

Турнирдің бас судьясы–ФИДЕ арбитрі  Василий Шимелков.

Турнирге әр облыстан 10 спортсмен, республикалық мәні бар қалалардан – Алматы және Астанадан – 15 шахматшы қатыса алады. Қызылорда облысынан – 40 спортсмен қатыса алады.

Қатысуға алдын ала өтінімдер 10 мамырға дейін kyzylordaopen@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Ұйымдастырушылармен байланыс:

  • Аубакиров Азамат Габитович, бас хатшы – 87028881415 (kyzylordaopen@mail.ru)
  • Хамзина Лямига Гумеровна, қатысушыларды орналастырушы – 87711911904 (Lkhamzina@mail.ru).

Толық ақпаратты турнир Регламентінен көруге болады (жүктеу).