ТӨРЕШІЛЕРДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Қазақстандық шахмат федерациясы төрешілерді тегін оқутуға және біліктілігін арттыруға арналған конкурс жариялайды. Тренинг 2 кезеңнен тұрады.

Тренингтің бірінші кезеңіде өту үшін төмендегі құжаттарды тапсыру керек:
— Өтінім (бланкті жүктеп алу);
— «Қазақстандағы шахмат спортын дамытудағы кәсіби арбитрдің рөлі» тақырыбындағы эссе;
— паспорт немесе жеке куәліктің көшірмесі.

Іріктеу қорытындысы бойынша бірінші кезеңге 21 адам өтеді, олар қазақстандық шахмат федерациясы есебінен семинарларға қатысады. Тағы 24 адам семинарларға өз есебінен қосымша негізде қатыса алады.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша (семинарлар табысты аяқталған жағдайда) лицензиясы жоқ қатысушылар ФИДЕ Ұлттық арбитрларының лицензияларына, сондай-ақ  Swiss Manager бағдарламасының бірегей кілттеріне ие болады.

Семинарлар республиканың үш қаласында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылордада өтеді.

Қызылорда қаласындағы семинар 20-ші мамырдан (келу күні) 24-ші мамырға дейін (кету күні) өтеді,  Нұр-Султандағы семинар ҚР ересектер кубогының бірінші кезеңіне, ал Алматыдағы семинар ҚР ересектер арасындағы кубогының екінші кезеңіне сай басталады.

Қатысу туралы өтініштерді office@kazchess.kz поштасына төмендегідей мерзім ішінде жіберу керек:

–  Қызылорда мен Нұр-Сұлтанда семинарларды өткізу үшін 29 сәуірге дейін,

– Алматыда семинарлар өткізу үшін 30-шы тамыздан 1-тамызға дейін.

Бірінші кезеңге қатысқан жиырма бір қатысушының ең үздік үшеуі екінші кезеңге өтеді, оның қорытындысы бойынша лицензия алуға және FIDE төрешісі атағына қол жеткізуге болады.

Толығырақ:
Бағдарлама шарттары
Бағдарлама шарттарына қосымша