ҚР Балалар Кубогының финалистері анықталды

Жартылай финалдық матчтарда Сұлтанбейбарыс Думанұлы сенімді жеңіске жетті, ал қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина еш қиындықсыз жеңімпаз атанды.

Қалған екі финалист тай-брейктердегі шиеленісті сайыстан кейін анықталды. Ақылжан Мейірханұлы тамаша табандылық көрсетіп, Әлихан Дәулетті жеңді.

Соңғы жартылай финалда Асия Асылхан мен Алия Жұмамбаева негізгі уақытта тең түсті. Ал Армагеддонды Асия жеңіспен аяқтады.

Бүгін финалда Сұлтанбейбарыс Думанұлы мен Ақылжан Мейірханұлы кездеседі, ал 3-4-орын үшін Әлихан Дәулет пен Жанәлі Ізбасар сайысатын болады.

Қыздар арасындағы финалдық жұпты Әсия Асылхан мен Нұрсұлу Оразалина құрайды, ал Әлия Жұмамбаева мен Бибісара Абылайқызы үшінші орын үшін шайқасатын болады.

Кубок жеңімпаздарының есімі ертең жарияланады. 

08.11.2023 315

Федерация серіктестері