Шахмат ардагерлеріне арналған гранттар
FIDE Халықаралық шахмат федерациясы шахмат ардагерлеріне тұрақты қолдау көрсететінін қуана хабарлайды.
Келесі айда 65 жастан асқан ардагер ойыншыларға, жаттықтырушыларға және ұйымдастырушыларға бірқатар гранттар берілмек.
Оған 65 жасты еңсерген, шахматтың дамуына үлес қосқан және қаржылық жағдайы төмен кез келген адам өтініш бере алады.
Әдеттегідей, федерациялар, клубтар мен ойыншылар өтініштерін, соның ішінде кандидат түйіндемесін FIDE хатшылығына жібере алады. Эл. пошта: office@fide.com
Өтінімдер 2023 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылданады.
11.01.2023
106