Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті болып Тимур Турлов сайланды

Бүгін Астанада Қазақстандық шахмат федерациясының съезі өтті. 
 
Шара барысында федерацияның жаңа президенті болып, Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушысы, кәсіпкер, қаржыгер Тимур Турлов таңдалды. Дармен Сәдуақасов федерацияның бірінші вице-президенті болды. Бұған дейін Қазақстан шахмат федерациясын Ғалым Хусаинов басқарды.
Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, ерекше көзге түскен спортшыларға, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға марапаттар табыс етті.  
 
«Жеңіс» орденімен келесі шахматшылар: блиц бойынша екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, Әлем вице-чемпионы Динара Сәдуақасова, қазақстандық әйелдер құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдімәлік, құраманың ең мықты шахматшысы, блиц бойынша ерлер арасында Азия чемпионы Ринат Жұмабаев марапатталды.
Сондай-ақ, қазақстандық шахматты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Дара»орденімен бұрынғы президент Ғалым Хусаинов (Федерацияның қамқоршылық кеңесіне ауысқан), Руслан Ысқақов, Федерацияның бұрынғы вице-президенті (Төралқа мүшесі) және Вице-президент Абылай Тастамбеков марапатталды.
 
"Республикалық федерация басшыларына және оның өңірлік филиалдарына спорттың осы түрін дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін және табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін", - деп атап өтті министр өз сөзінде.
18.01.2023 299

Федерация серіктестері