Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты - 2023

Алматыда 20-30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен қыздар арасындағы 2023 стандартты (классикалық), жылдам (рапид) және блиц шахмат түрлерінен 2023-жылғы чемпионат өтеді.  Жас санаты - 6*, 8, 10, 12, 14, 16, 18 құрайды. 

Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлде қоры 13 460 000 теңгені құрайды. Чемпионатта 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша ФИДЕ рейтингіне есептеу жүргізіледі.

*6 жас санатына дейінгі (2017 жылы туған және одан кіші) Чемпионат бейресми (эксперименталды) болып табылады және тек классикалық шахматта (рапидсіз және блицсіз) өткізіледі.

Чемпионат Бақшасарай қабылдау үйінде және Best Western Plus Atakent Park қонақ үйінің Конгресс-холлында өтеді. Екі ойын залы да Тимирязев көшесі, 42 мекенжайы бойынша «Атакент» көрме орталығының (бұрынғы ХШЖК) аумағында орналасқан.

14.03.2023 733

Федерация серіктестері