Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь шахматтан он жетінші әлем чемпионы атанды

Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь шахматтан он жетінші әлем чемпионы атанды! Титулдың тағдыры тай-брейкте шешілді.

Экспресс шахматтан өткен кездесу, мамандардың пікірінше, жоғары деңгейде өтті. Алғашқы үш ойын тең аяқталды. Төртіншісінде, Дин жеңіске деген ерекше ерік-жігерін көрсетіп, өзі үшін сәтсіздеу басталған жекпе-жектің бағытын өзгерте білді. Матчтың жалпы есебі 9,5:8,5.

30.04.2023 427

Федерация серіктестері