Қазақстанда тұңғыш рет жалпы білім беретін мектептер арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Бүгін Астанада Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов жалпы білім беретін мектептер арасында тұңғыш рет әлем чемпионатын өткізу туралы келісімшартқа қол қойды.

Мұндай чемпионат әлемде алғаш рет өткізіледі. Оған спортшылар-шахмат клубтары мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, қарапайым мектеп оқушылары мен шахмат әуесқойлары қатысады.

Жарыс екі кезеңде өтеді. Біріншісі мамыр айына жоспарланған. Екінші кезең тамыз айында Қазақстанда өтеді. Бізге әлемнің 50 елінен жас шахматшылар келеді. 

01.05.2023 458

Федерация серіктестері