Азияның ең жылдам шахматшылары Алматыда жиналды
Азияның ең жылдам шахматшылары Алматыда жиналды
Жексенбі күні Алматыда классикалық шахматтан Континенталды Азия чемпионаты басталады. Бүгін блиц партиялары ойналды. Әр спортшыға партия үшін үш минут беріліп, келесі әрбір жүріс үшін 2 секунд қосылады. Әрбір партия шамамен 10 минут ойналады.
Алматы, Балуан Шолақ спорт кешенінде 16 мемлекеттен 116 шахматшы жиналды.
Бірінші жүріс Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Садуақасов пен вице-президент Марат Есенов мырзаға бұйырды.
Бір раундтардың арасында Азия шахмат федерациясының бас секретарі Хишам Аль-Тахер де бірінші жүрісті жүрді.
Жеңімпаздар 11-ші маусым күні жабылу салтанатында марапатталады!
04.06.2023
205