Алматыда Азия құрлықтық шахмат чемпионаты басталды

Балуан Шолақ атындағы Алматы спорт сарайында Азия құрлықтық шахмат чемпионатын басталды. Оған 18 елден келген 128 шахматшы қатысуда. Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде чемпионатты ұйымдастырушылардың баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) президенті Тимур Турлов атап өткендей, Қазақстандағы шахмат мемлекет басшысының қолдауының арқасында белсенді түрде дамып келеді. Оның айтуынша, чемпионат біздің спортшыларға өз алаңында басқа елдердің атақты гроссмейстерлерімен ойнауға мүмкіндік берді. Тимур Турлов Азия шахмат федерациясына (ACF), FIDE-ге, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бастаған қала әкімдігіне және осы шараны ұйымдастыруға көмектескендердің барлығына олардың көрсеткен қолдауы үшін алғысын

білдірді.
ACF Бас хатшысы Хишам Аль-Тахер Азияның құрлықтық шахмат чемпионаты ACF

өткізетін 200-ден астам іс-шараның ішіндегі ең маңызды турнир екенін айтты. «Тимур Турловқа және Алматы қаласының әкімдігіне бұл шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді», - деді ол. Хишам Аль-Тахер жеңімпаздар (төрт Open финалисті мен әйелдер чемпионатының екі финалисті) жаздың соңына қарай Бакуде өтетін FIDE 2023 әлем чемпионатына жолдама алатынын еске салды. Кубок жеңімпаздары үшін үміткерлер турниріне және одан әрі шахмат тәжі үшін күресетін матчке жол ашылды.

Атақты үнді гроссмейстер, шахматтан 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Панаяппан Сетураман алматылық турнир өте мықты шахматшылар құрамын жинағанын және тартысты та қызықты ойындар күтуге болатынын айтты.

ҚШФ-тың атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова сенбі күні өткен блиц бойынша Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар Ксения Балабаева мен Арыстан Исанжоловтың бірінші орындарға ие болғанын атап өтті. Жексенбінің қорытындысы бойынша классикалық шахматтан қазақстандық Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Денис Махнев, Нөгербек Қазыбек және т.б. сенімді жеңістерге қол жеткізді. Әйел шахматшылар арасында Арнаш Бауыржан, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Әмина Қайырбекова жеңістерімен қуантты.

Шетелдік ойыншылар арасынан Панаяппан Сетураман (Үндістан), Шамсутдин Вахидов (Өзбекстан) және ирандық Данешвар Бардианың қызықты ойындарын атап өтуге болады.

ҚШФ-тың бірінші вице-президенті және ACF вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Қазақстандағы шахматты дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 2027 жылға қарай бастауыш сынып оқушыларының 20 пайызын шахматпен қамту, білім беру ұйымдарында кемінде 200 жаңа шахмат үйірмелерін ашу жоспарлануда.

ҚШФ-тың негізгі мақсаттарының бірі ұлттық құраманың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шахматшыларының әлемнің ТОП-10-дығына кіруін қамтамасыз ету. Федерация елімізде шахматты кеңінен насихаттау мақсатында шахмат мұғалімдерін даярлауға, кадрлардың біліктілігін арттыруға, халықаралық турнирлер мен басқа да шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі.

Азия құрлықтық шахмат чемпионаты Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтуде. Ол осы жылдың 11 маусымына дейін жалғасады. Шараның жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды. Жарыс ерлер арасындағы Open чемпионат пен әйелдер арасындағы чемпионаттан тұрады. Олар швейцариялық жүйе бойынша 9 турнирден тұрып, FIDE регламентіне сәйкес өтеді.

Турнирдің ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ACF, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауын алған ҚШФ. Турнирдің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.

БАҚ назарына арналған қосымша ақпарат:

Толтырылатын форма:

https://kazchess.kz/ru/article/5957

Анықтама ақпарат телефоны: + 7 777 701 15 60

Назар аударыңыз! Азия құрлықтық шахмат чемпионаты аясындағы іс-шараларға

қатысу, соның ішінде қосымша фото және бейне түсірілім жасау, сұхбат ұйымдастыру,

баспасөз конференцияларына қатысу үшін аккредитация қажет!

Аккредиттеу ережелері және іс-шаралар кестесі туралы толығырақ ақпаратты мына

сілтемеден табуға болады: https://kazchess.kz/ru/article/5957

05.06.2023 189

Федерация серіктестері