ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСЕЛ СЕРІКБАЙ – ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Асель Серікбай Индонезияның Суракарта қаласында өткен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жеңіске жетті. Классикалық шахматтан Қызылордалық шахматшы құрлықтың 9 елінен келген 36 қарсыластарын озып шығып, жеңісті қанжығасына байлады. Сондай-ақ, блиц бойынша үздік шахматшы атанып, жылдам шахматтан үшінші орынға ие болған Назерке Нұрғалида Қазақстан үшін алтын және қола алқаларды жеңіп алды.

«Ойын оңай болған жоқ», – дейді Әсел, – Сонымен қатар, әйелдер арасындағы турнирде Қазақстаннан Назерке екеуіміз ғана болдық. Алайда біз қобалжуды жеңіп,жақсы нәтиже көрсеттік.

Турнирдің қорытындысы бойынша Әсел Серікбай әйелдер гроссмейстер нормасын орындап, халықаралық әйелдер шебері атағын алды.

«Біздің қыздарымыз, әрдайым – уздіктер қатарында! Азия чемпионатындағы Динараның жеңісінен кейін, біздің жасөспірімдер 20 жасқа дейінгі құрлықтық чемпионат біріншілігінде жеңісті жоғарғы нәтижелермен бекітті», – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко қорытындылады.

Жалпы алғанда, 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатына 70 спортшы қатысты, оның ішінде: 34 спортшы – ерлер,  ал 36 шахматшы – әйелдер  секциясында ойнады. Қазақстан құрамасы атынан үш шахматшы: Сұлтан Аманжол, Әсел Серікбай және Назерке Нұрғалиойын көрсетті.

ҚШФ-ның бас серіктесі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚҰ бас демеушісі – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

“Турнирлер” бөліміне

“Жаңалықтар” бөліміне