ШАХМАТТАН ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

Шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия Чемпионаты Қытай халық республикасының Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өтетін болады. Континенттің шахматшылары $80 000 көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынасады. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Турнир кестесі:

6 маусым – қатысушылардың келуі
6 маусым, 21:00 – техникалық кеңес
7 маусым 13:30 – ашылу салтанаты
7 маусым, 14:00 – 1 тур
8 маусым, 14:00 – 2 тур
9 маусым, 14:00 – 3 тур
10 маусым, 14:00 – 4 тур
11 маусым, 14:00 – 5 тур
12 маусым, 14:00 – 6 тур
13 маусым, 14:00 – 7 тур
14 маусым, 14:00 – 8 тур
15 маусым, 09:00 – 9 тур
15 маусым, 15:00 – блицтен чемпионат
15 маусым, 20:00 – марапаттау салтанаты
16 маусым – қатысушылардың кетуі

Жарысқа қатысуға үмітті жандар 3 мамырға дейін Қытай шахмат федерациясына төлем жасап, келесі құжаттарды жіберуі тиіс:

Қатысу туралы өтініш (жүктеп алу);
2. Визаға өтініш (жүктеп алу);
2. Төлқұжаттын скан-көшірмесі;
3. Өзінің цифрлық фотосын;
4. Төлем жасалғаны туралы құжаттардың көшірмесін;
Қазақстан шахмат федерациясына kamilya.a@kazchess.kz электронды поштасына жіберу.

Өтеуге тиісті төлем:

Тіркелу туралы төлем — 100 USD;

Түрнирлік төлем ресми қатысушылар үшін 150 USD, қосымша қатысушылар үшін 300 USD көлемінде болады;

Қонақ үйде тұру құны 10 күн үшін (3 мезгіл тамақтандыру) — бір адамдық нөмір 1133 USD, екі адамдық нөмір 716 USD.

Құжаттар 24 суір сағат 17:00-ге дейін қабылданады.

Бұл күннен кейін келіп түскен өтініштер қабылданбайды. Қатысушыларды тіркеу жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша толық төлем жасалған жағдайда ғана қабылданады. Төлем туралы квитанцияларда төлем жасаған қатысушының толық аты-жөні және төлемнің не үшін жасалғаны толық көрсетілуі тиіс.

Барлық құжаттарды электронды поштаға бірхат түрінде жіберу керек.

Төлем жасау үшін реквизиттер:

«Қазақстан Шахмат Федерациясы»

Республикалық қоғамдық бірлестігі
БИН 911240001354, Кбе 18
Шот теңге бойынша (жеке тұлғалар жасайтын төлем)
KZ06826A1KZTD2022470
«АТФБанк» АҚ БИК ALMNKZKA
119 ТБК (КНП)

Турнир регламентін жүктеп алу

Чемпионат туралы толығырақ